Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата30.11.2016
өлшемі0,54 Mb.
#2848
  1   2
Сабақтың тақырыбы:Бесік жыры.

Сабақтың мақсаты:Сарқылмас қазына бөліміндегі «Бесік жырымен» таныстыру. Ата-аналармен бірлесе отырып, халық педагогикасы негізінде балаларға ұлттық салт-дәстүрлерді, ырым- тыйымдарды танып білуге, көңілдеріне қондыра білуге баулу.Ізгілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Әдісі:Сахналау,әңгімелеу.

Көрнекілігі:Бесік,бесік жабдықтары,кәмпит т.б

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру

II.Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту:

Жұмбақ. Ұядай шап-шағын

Қайығы патшаның. (бесік)

Ағаш сандықта алақандай әулие.(бесіктегі бала)

Бесікпен таныстыру:Бүгінгі сабағымыздың қонағы Назымның әжесі бесікке салу рәсімін көрсетеді.

Бесік-сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің көзі болған киелі мүлік.

Бесік-ата-бабамыздан қалған баға жетпес қазына.Бесікте бала жылы, әрі таза жатады.

Ұйықтаған кезде қолынан да шошымайды.

Бесіктің жабдықтары:жөргек,тартпа,құс төсек.жастық,түбек,шүмек.Шүмекті қойдың асықты жілігінен жасайды.Сүтке қайнатады.

Баланы бесікке салмас бұрын, бесікті аластап алады.



Ырымдар: Алас,алас,алас!

Пәле-жаладан,

Ауру-сырқаудан,

Көздінің- көзінен,

Тілдінің-тілінен қағас қыл!

Одан кейін «тыштыма» ырымын жасайды.

Түбектің тесігінен кәмпитті тастап, «тыштыма?» деп сұрайды.Балалар шуылдаса жауап бере отырып,кәмпитті жинап алады.Бұл баланың іші қатпасын,ауырмасын дегені.Баланы бесікке бөлеп, оның үстіне ырымшыл халқымыз жеті түрлі нәрсе жабады. Ержеткенде халықшыл болсын деп, бесікке шапан жапқан, ат үстінде ойнақ салсын деп жүген қойған.Ел қорғайтын ер болсын деп қамшы да қойған.

Жеті заттың бірі қап болған.Нәрестенің қап-қап ұйқысы болсын деген ырым.Өйткені тамағы тоқ, еш жері ауырмайтын бала көп ұйықтайды.

Бөлеп болып, бесік жырын айтады. Әр ана бесік жырын әр түрлі айтады.Бесік жырын тыңдап өскен бала өз ана тілін,елін- жерін сүйетін патриот болады.

Сергіту сәті.

Мәтінмен жұмыс.

–Бесік жырын оқу.

-Оқушыларға оқыту.

Бесікке байланысты тыйымдар:

Бос бесікті тербетуге болмайды.

Бесікті екі қолмен тербетпейді.

Бесікті ашық қалдырма!



Дәптермен жұмыс Өлеңдегі ананың баласына кім болар екенсің деп санамалап айтқан мамандық түрлерін теріп жазу.

Сабақты қортындылау: Бүгінгі сабақта немен таныстыңдар? Бесік не үшін керек? Бесік жыры кімге ұнады?

Үйде:Өздеріңе ұнаған шумақты жаттау.Оқушылар Бесік жырының түрлерін әжелерінен жазып келеді.

Мұғалімнің ой толғанысы: Бұл сабақтың бір ерекшелігі қазіргі кезде ұмыт бола бастаған бесікке салу рәсімін ұлттық киім киген Назымның әжесінің сахналап көрсетуінде.

Ата-ана мектеппен тығыз байланыста болып, баланың тәрбиесіне мұғаліммен қатар араласып отырса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.




Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа.

Сабақтың мақсаты:Мысал өлеңнің идеясын ашып, композициялық құрылымын таниды.

Оқушылардың сыни көзқарасы қалыптасады,ой-өрісі дамиды.

Жеке тұлға ретінде жан- жақты тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдіс- тәсілдер:Проблемалық сұрақтар,рөлге бөліп оқу,сахналау.

Көрнекіліктер: суреттер,оқулық..

Сабақтың барысы.

I.Қызығушылықты ояту мақсатында жұмбақтар шешу.

Ат басты, Ине бел,

Арқар мүйізді Қылқа мойын,

Бөрі кеуделі Қара батыр.

Бөкен санды. Қара тауды арқалап бара жатыр.

Бұл не? Бұл не?



II. Үй тапсырмасын сұрау.

IІІ. Жаңа тақырыптың мағынасын ашу. Бейнетаспадан құмырсқа туралы,құмырсқаның тынбай еңбек етіп жатқанын көрсету.

- Көргендеріңнен қандай ой түйдіңдер? Оқушылардың ойын білу.



Оқулықпен жұмыс: мысалды оқу.Рөлдерге бөліп оқу.

Топтастыру:






















Түсіндіру:Шағын көлемді, оқиғалы,адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы

мысал дейді.Мысал жанры ұлы Абайдан басталады..Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды.Ал жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.Мысал жанры астарлы келеді, яғни жәндіктер, аңдар мен құстар арқылы адамдар образын береді. Мысал бойынша оқушылармен сұхбат..



IV.Ой толғаныс: а) Күрделі кластер құру. б) Тақырыпқа сәйкес мақалдар айту. «Қыстың қамын жаз ойла.» Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла. Жаздың бір күні қыстың бір айын асырайды.

Үйге: Рөлдерге бөліп сахналау. Суретін салу.

Сабақтың тақырыбы:Арпалыс.

Сабақтың мақсаты:Мәтінмен танысады, идеясын ашады.Қыс мезгілінің қатал көрінісін суреттеу арқылы ой қорытуға, мәтіннен бейнелі сөздерді таба білу дағдылары дамиды.Шыдамдылыққа, қайратты болуға тәрбиеленеді.

Сабақтың әдісі:топпен жұмыс, ББҮ әдісі, Венн диаграммасы.

Типі:Жаңа сабақты түсіндіру.

Көрнекілігі:Тақырып бойынша сурет.

Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту.

Үй жұмысын сұрау.

-С.Шаймерденов жауып тұрған қарды қалай бейнелеген? «Денені түршіктірер зәрі бар» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақ: «Арпалыс» мәтіні. Авторы:З.Шүкіров.

1) Өздік жұмыс.( білгендерін жазу)

2) Мәтінмен жұмыс.(өздігінен оқу)

3) ББҮ Тақтада қыс туралы не білетінімізді жазайық..



Не білемін.

Білгім келеді.

Үйрендім

Қыста күн суық, аяз, боран болады.

Қой бағу оңай ма?

Малшы қатты боранда малды қалай сақтайды?



Қыста қой бағу өте қиын. Шыдамдылық күш- жігер, төзімділік керек.

Сергіту сәті.



Ой толғаныс: Топтарға тапсырма беріледі.

1-топқа тапсырма:Қысқы ауа райын суретте.

2-топ.Әңгімеде Бақтыбайдың атқа байланысты айтқан сөзін тауып оқы.

3-топ.Бақтыбайдың інісіне көрсеткен қамқорлығы жайлы әңгімеле.

4-топ.Бақтыбайдың үсінуден қалай сақтанғанын айт.

Қойшы болудың жақсы және жаман жақтарын айту.



Жақсы

Жаман

Еңбегі бағаланады, артынан рахатын көреді,еңбек ері атанады.

Ыстыққа, суыққа қарамай еңбек етеді.

Үйге:1) «Арпалыс» оқып, мазмұнын айту.

2) Кейіпкерге мінездеме беру.(Бақтыбайға)




Сабақтың тақырыбы:Қамқорлық.

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғынады..

2)Жан– жақты ойланып ,өздігінен жұмыс істеуге,ізденуге үйренеді.

3)Табиғатты аялау, қамқор болуға тәрбиеленеді.



Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың әдісі:Ой қозғау, негізгі ойды суреттеу, сұрақ- жауап, көрнекілік стратегиясы, рефлексия.

Көрнекілік. Хронологиялық кесте.Суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Бүркіт» әңгімесінің мазмұнын айту. Бөлімдерге ат қою.

-Негізгі идеясы не?(Жақсылыққа- жақсылық жасау)

ІІІ.Жаңа сабақ. Б.Соқпақбаев «Қамқорлық» әңгімесімен танысамыз.

-Балалар, Б.Соқпақбаев деген кім?



-Біз қандай әңгімелерімен таныстық? « Сен ұйықтап жатқанда», «Шынықсын денеміз».

ІV.Хронолониялық кестемен жұмыс.Слайд арқылы автормен танысу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет