Сабақтың тақырыбы: Биосфера туралы ұғым Сілтеме: 6 сынып оқулығы Слайд,суреттер



бет1/4
Дата04.08.2017
өлшемі436,09 Kb.
#22869
түріСабақ
  1   2   3   4
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің география пәнінің мұғалімі Әбілқасым Мадина Әбдісадыққызы

Апта:

Күні:

Пәні

География



Мұғалім аты-жөні

М.Әбілқасым



123 Т.Жүргенов атындағы орта мектеп

6 «б»сыныбы

Оқу-ісінің меңгерушісі
________ Құлманқұлова С

Сабақтың тақырыбы: Биосфера туралы ұғым

Сілтеме:

  • 6 сынып оқулығы

  • Слайд,суреттер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биосфера және және жердегі тіршіліктің дамуы, биосфера туралы түсінік, оның шекарасы мен ондағы тірі ағзалардың таралуын, биосфера жағдайлары туралы ғылыми түсінік қалыптастыру

Нәтиже:

Оқушыларға биосфера және және жердегі тіршіліктің дамуы, биосфера туралы түсінік, оның шекарасы мен ондағы тірі ағзалардың таралуын, биосфера жағдайлары туралы ғылыми түсінік қалыптастыратын болады

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:

Тарих,әдебиет

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.




Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.)

 

-      Құрлық суларының қандай түрлері бар?

(өзен, көл, мұздық, батпақ, жер асты суы)

-          Көлдердің шығу тегіне қарай қандай түрлерге бөледі? (тектоникалық, мұздық, мұздық тектоникалық, қалдық, жанартаулық, карсты)

-          Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?




ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. (10 мин)

Жоспар:

  1. Биосфера туралы түсінік.

  2. Биосфераның құрамы мен құрылымы.

  3. Даму кезеңдері. Ноосфера ұғымы.

  4. Биосфераны қорғау проблемалары.

 

  1. Биосфера туралы түсінік.

Биосфера – Жердің «тіршілік қабығы» деп аталады. Биосфера терминін ғылымға 1875 ж алғаш аустралиялық ғалым Э.Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды.

Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераның және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік шеңберінен шығып, кеңістік бойымен емін-еркін таралады. Биосфераның төменгі және жоғарғы шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі толық мәлімет жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде 100 м биікке дейін өте тығыз орналасқан. Биосфераның жоғарғы шекарасын азон қабаты (25-30 км), төменгі шекарасын дүние жүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді.

 


  1. Биосфераның құрамы мен құрылымы. Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамындағы химиялық элементтер: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады. Тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасы өзара тығыз байланысады. Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: флора мен фауна. Жер шарының биомассасының жалпы салмағы Жердің биомасса материктер мен мұхитарда да біркелкі таралмаған материкердегі биомасса мөлшері дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседен көп. Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады. Биологиялық айналымының аталған кезеңдерін жүзеге асыруға қатысатын тірі организмдер үш үлкен топқа бөлінеді:

1)         продуценттер (өндірушілер) – бейорганикалық заттардан органикалық зат түзушілер, яғни өсімдіктер;

2)         консументтер (пайдаланушылар) – түзілген бастапқы органикалық затпен қоректендіретіндер (жануар, саңырауқұлақ)

3)         редуценттер (қалпына келтіруші) – осыған дейін түзілген тірі организмдердің тіршілік өнімдерін және олардың қалдықтарын бейорганикалық затқа ыдырататын микроорганизм. Жасыл өсімдіктер бір жылда 480 млрд астам көмірқышқыл газы мен суды бойына сіңіріп, 248 млрд оттекті атмосфераға шығарады. Жерде ағзаның 3 млн астам түрі бар. Тірі ағзалар бөлінеді:

-          өсімдіктер әлемі;

-          жануарлар әлемі;

-          саңырауқұлақтар әлемі;

-          бактериялар әлемі;

 


IV. Жаңа материалды бекіту. (10 мин)

  Венн диаграммасы

Биосфера туралы ілім қашан пайда болды?

Биосфера құрамы неден тұрады?


Оқушылар венн диаграмма толтырады


V. Сабақты қорытындылау. (7мин)

 

«Биосфера» сөзжұмбағын шешу.

 


  1. Жердің тіршілік қабаты

  2. Ауадағы ылғалды өлшейтін құрал.

  3. Бейорганикалық заттардан органикалық зат түзуші өсімдіктер

  4. Тропосфера үстіндегі ауа қабаты

  5. Жарық энергиясының әсерінен жасыл өсімдіктерде бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуші

  6. Қазақстан аумағындағы дала және шөл зонасының арасында орналасқан табиғат онасы

  7. Өсімдік топырағында болатын жасыл пигмент

  8. Саваннада өсетін белгілі ағаш

 

VI. Бағалау. (3мин)

 

Сабақққа қатысқан оқушыларды білімі мен белсенділігі бойынша бағалаймын.



 

VII. Үйге тапсырма беру. (3мин)

 

«Биосфера және тіршілік» тақырыбында реферат жазып келу












Күні:

Пәні

География



Мұғалім аты-жөні

Әбілқасым Мадина



123 Т.Жүргенов атындағы орта мектеп

6 сынып

Оқу-ісінің меңгерушісі
________Құлманқұлова С

Сабақтың тақырыбы: Тірі организмдердің көптүрлілігі.

Сілтеме:

  • 6-сынып оқулығы;

  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарапайым организмдердің түрлерін,тіршілігін,маңызын,сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму тарихын түсіндіру.


Нәтиже:

Оқушыларға қарапайым организмдердің түрлерін,тіршілігін,маңызын,сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму тарихын түсіндіретін болады


Сабақ типі


Аралас

Сабақ түрі


 Дәстүрлі емес,сайыс сабақ

Сабақ әдісі


 Сұрақ-жауап,өз бетілік

Пән аралық байланыс


 Тарих,география, ботаника,зоология

Көрнекілігі

Нақыл сөздер,карточкалар

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (15 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

Өткенді қайталау Ғылым,білім жастардың болашағы, әрдайым болашаққа жол ашады, деп үй тапсырмасына көшейік.

Биобизнес ойыны

Ι-топ-Халық банкі

ΙΙ-топ-БТА банкі

ΙΙΙ-топ-Темір банкі

Мұғалім-банкир

Оқушылар клиенттер

1. Жер тарихы неше заманға бөлінеді? (5)

2. Замандардың ең көнесі? Архей

3.Тіршіліктің дамуына жол ашатын маңызды процесс? (Фотосинтез)

4. Фотосинтез нәтижесінде ауаға не бөлінеді? (Ауа)

5. Органикалық дүниеге қандай-қандай деп екіге бөлінеді? (өсімдіктер,жануарлар әлемі)

6. Жердің тарихи дамуындағы ұзаққа созылған заман? (Протерозой)

7. Протерозой заманының ерекшелігі? (Тау түзілу,теңіз,құрлықтар пайда болды)

8. Протерозой заманында басым тіршілік еткен жәндіктер? (Ішекқуыстылар,құрттар)

9. Тіршіліктің судан құрлыққа біртіндеп ауысуы қай заманда жүрді? (Полеозой)

10. Псилофиттер дегеніміз не еді?(Алғашқы құрлық өсімдіктері)

11. Палеозой заманында жер беті қандай болды? (Ну орманды)

12. Динозаврлар немесе жорғалаушылар ғасыры? (Мезозой)

13. Гүлді өсімдіктер қай заманда кең дамыды? (Мезозой)

14. Кайназой заманы неге жаңа өмір заманы деп аталады? (Қазірге дейін жалғасуда)

15. Кайназой заманында климаттың өзгеруіне байланысты қандай өзгерістер болды? (Ну орман)

16. Қазіргі адамның арғы тегі қай заманда пайда болды? (Кайназой)

Тіршілік құпиясы

Табиғаттағының бірі шындық, бірі заңды, жаңылысу мен қателесу тек адамда ғана болады деген екен. Келесі тапсырма тіршілік құпиясы:

Халық банкі: Архей, протерозой заманын түсіндіреді.

БТА банкі: Полеозой, мезозой заманын

Темір банкі: Кайназой заманын түсіндіреді.

ΙΙΙ) Актуалдау

«Ќұпия сан»

1)Бактериялармен көк жасыл 1)палеозой

балдырлардың қалдықтары

қай заманнан табылған?

2)330-340млни жылға созылған заман? 2)кайназой

3)Адам пайда болған заман? 3)архей

4)Жабық тұқымды өсімдіктер

Қай заманда шықты? 4)протерозой

5)Алуан түрлі балдырлардың

Қаулап өскен заманы? 5)мезозой

1-оре

2-кті


3-сүтқ

4-эвол


5-юциясы

5-лер


Шешуі: 312545 (сүтқоректілер эволюциясы)



Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин.)

Сүтқоректілер эволюциясы.Тірі организмдердің көптүрлілігі.

Білгенге-маржан

Халық банкі-қарапайымдарды

БТА банкі-өсімдіктерді

Темір банкі-жануарларды түсіндіреді.

 Халық банкі

Организмдер

 Жасушалыќ Жасушалыќ емес

прокаритор эукориоттар вирустар бактериялар

Маңызы


Вирусты алғаш Мвановский тапты.Вирустың барлығы дерлік зиянды.Одан жұқпалы,жазылмайтын аурулар таралады.Вируспен ауырған адамның иммунитеті жайылады,аурумен күресе алмай,ақыры өледі.Бактериялардың да зиянды,өсімдіктерде,адам,жануарларда да ауру тудыратын түрлері бар.Оларды алғаш Л.Пастер тауып ашты.

БТА банкі

Өсімдіктер жемі

 жоғары төменгі

 ашық,жабық тұқымды балдырлар,мүктер,

өсімдіктер споралы өсімдіктер

(қайың,емен,шырша,гүлдер) (балдыр,мүк,папа-

ротник)


Саңырауқұлақтар-ерекше топ.

Маңызы


Ауаға оттегі бөледі.Құрылыс материялы,қорек.тағам көзі.Ауаға фитонцид бөледі.

Темір банкі

Жануарлар дүниесі

Жануарлар-гетератрофты организмдер.Өсімдіктерден ерекшелігі-өз беттерімен тіршілік етеді.

Жануарлар

 Бір жасушалылар Көпжасушалылар

 амеба,кірпікшелі кебісше,арцелла барлық жәндіктер

домалағы т.б жануарлар

 Сүтқоректілер эволюциясы

 Сүтқоректілер мезозой заманында тіршілік еткен ақтісті жорғалаушыдан шықты деп есептелінеді.

Сүтқоретілердің кеңінен таралуы дене мүшелерінің жүйке жүйелерінің гүлделенуімен жылықандылығымен байланысты болды.

 Жануарлар класы

 жұмыртқа салушылар қалталылар ұрықжолдастылар

құс кенгуру жылқы,қой,піл

Негізгі тіршілік кайнозой заманында пайда болды демекші сүтқоректілердің ішінде маймылдармен адамдар да бөлініп шыққан.


Оқушылар зейін қойып тыңдайды



V) Жаңа сабақты бекіту (10мин)

"Сөзжұмбақ шешу"

  VІ) Үйге тапсырма: (3мин)

§28 Сүтқоректілер эволюциясы.

Тірі организмдердің көптүрлілігі.

Адам эволюциясы.





Ойтолғау: "Тіршілік туралы ой"




VІІ) Бағалау





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет