Алдыңғы сабақ бойынша қосымша білу, түсіну сұрақтары қойылады.
1)Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?
2)Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
3)Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
4)Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің түбірі қалай табылады?
5)Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шығару алгориті қандай?
Бір х айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп ах + b = 0 түріндегі теңдеуді айтамыз. Мұндағы a және b – кез келген сандар (коэффициенттер).
Сызықтық теңдеуді шешу - теңдеуді тура теңдікке айналдыратын айнымалының барлық мәнін табу. Айнымалының мұндай мәндері теңдеудің түбірлері деп аталады.
Егер а = 0 және b = 0, яғни теңдеудің түрі 0х + 0 = 0 болса, онда теңдеудің түбірі кез келген сан (шексіз).
Егер а = 0 және b ≠ 0, 0·х + b = 0, онда теңдеудің түбірі жоқ.
Сызықтық теңдеуді шешу алгоритмі ax + b = 0 , а ≠ 0
1. Теңдеуді ax = - b түрге келтіру.
2. Теңдеудің түбірін x = ( -b ) : а түрінде жазу.
Екі теңдеу мәндес деп аталады, егер түбірлері бірдей болса немесе олардың екеуінің де түбірі болмаса.
МЫСАЛЫ 4х-2=0 және 2х – 1 = 0 теңдеулері мәндес.
|