Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет1/3
Дата03.02.2023
өлшемі421,76 Kb.
#167335
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу


Пән: Математика
Сынып: 6
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, мәндес теңдеулерге анықтама беру және теңдеулердің қасиеттерін пайдаланып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, тез ойлап, нақты нәтижеге жету қабілеттерін және математикалық сауаттылығын арттыру
Тәрбиелік: шапшаңдылыққа, өз бетімен еңбектенуге, батыл шешімге келуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, ойын элементтерін қолдану, деңгейлеп оқыту 
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, карточкалар, интерактивті тақта
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру 
Бүгінгі сабақта бізді сан алуан белестер мен асулар күтуде, олай болса бір-бірімізге сәттілік тілейік!
II. а) «Өрмекші шырмауынан шығып көр». 
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау.

  1. Қандай өрнектер теңбе-тең өрнектер деп аталады? (екі өрнектегі айнымалылардың қабылдайтын мәндері тең өрнектерді айтады )

  2. Қандай теңдік теңбе-теңдік деп аталады? (айнымалылардың қабылдайтын мәндерінің кез-келгенінде тура болатын теңдікті айтады)

  3. Теңбе-тең түрендіру дегеніміз не? (өрнекті оған теңбе-тең өрнекпен алмастыруды өрнекті теңбе-тең түрлендіру деп атайды)

  4. Екі тура санды теңдік қалай қосылады? (екі тура санды мүшелеп қосады. a=b және c=d болса, онда а+c=b+d)

  5. Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі? (екі тура санды мүшелеп көбейтеді. a=b және c=d болса, аc=bd)

ә) Үйге берілген есепті тексеру (Оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет