Пән:Математика
Сынып: 6
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу Сабақтың мақсаттары:Білімділік: Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, мәндес теңдеулерге анықтама беру және теңдеулердің қасиеттерін пайдаланып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, тез ойлап, нақты нәтижеге жету қабілеттерін және математикалық сауаттылығын арттыру
Тәрбиелік:шапшаңдылыққа, өз бетімен еңбектенуге, батыл шешімге келуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері:сұрақ-жауап, ойын элементтерін қолдану, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, карточкалар, интерактивті тақта
Сабақ барысы:І Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру
Бүгінгі сабақта бізді сан алуан белестер мен асулар күтуде, олай болса бір-бірімізге сәттілік тілейік!
II. а) «Өрмекші шырмауынан шығып көр». Мақсаты: Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау.
Қандай өрнектер теңбе-тең өрнектер деп аталады? (екі өрнектегі айнымалылардың қабылдайтын мәндері тең өрнектерді айтады )
Қандай теңдік теңбе-теңдік деп аталады? (айнымалылардың қабылдайтын мәндерінің кез-келгенінде тура болатын теңдікті айтады)
Теңбе-тең түрендіру дегеніміз не? (өрнекті оған теңбе-тең өрнекпен алмастыруды өрнекті теңбе-тең түрлендіру деп атайды)
Екі тура санды теңдік қалай қосылады? (екі тура санды мүшелеп қосады. a=b және c=d болса, онда а+c=b+d)
Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі? (екі тура санды мүшелеп көбейтеді. a=b және c=d болса, аc=bd)
ә)Үйге берілген есепті тексеру (Оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды)