Сабақтың тақырыбы: Бір түбірден тараған сөздер (Түбірлес сөздер). 95-98 бет Сабақ



бет1/5
Дата10.01.2020
өлшемі418,03 Kb.
#55647
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабақ Қаз т 6ә кл Бір түбірден тараған сөздер


Пән: Қазақ тілі

Кабинет: Қазақ тілі




Күні:

13.11.2019 ж.



Уақыты:

2-сабақ, 09.45-10.25



Мұғалімнің аты-жөні:

Нургожина А.А.



Сынып: 6 «Ә»


Қатысқан оқушылар саны: 7


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Бір түбірден тараған сөздер (Түбірлес сөздер). 95-98 бет

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

1.4 сөз құрамы

6.1.4.2 бір түбірден тараған сөздерді таныту



Сабақ мақсаттары

«Түбірлес сөздер» туралы түсінік беру, білімдерін толықтыру. Түбірлес сөздерді таба білуге үйрету және ұғындыру, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасай отырып, теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. Сауатты, көркем жазуға мүмкіндік туғызу.

Ұғымталдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу. Оқушыны топпен жұмыс жасауға үйрете отырып, өз бетімен ізденуге бағыттау.

Оқушылардың басым бөлігі:

Топта, жұпта, жеке жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар: жеке-дара көмек көрсетілуін талап етеді.


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Мұғалімнің көмегімен оқулықта, жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді.



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Сұрақтарға жауап береді, жазба жұмысын орындау кезінде жеке-дара көмек көрсетілуін талап етеді.



Оқушылардың кейбірі мынаны орындай алады:

Мұғалімнің көмегі арқылы ғана жеке тапсырманы орындай алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Жеке көмек көрсетілгеннен кейін орындай алады.



Ресурстар

Оқулық, дәптер, суреттер, тест, интерактивті тақта, слайдтар, http://lugat.kz/

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ой қозғау, логикалық ойын дамыту, салыстыру, бақылау, талдау, тұжырымдау, сана қалыптастыру әдісі

Пәнаралық байланыс

Оқу және тіл дамыту, жаратылыстану.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Жоспарланған жұмыс

Сабақ барысы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

1 мин.

Сәлемдесу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

құрметпен біз.

Бүгінгі сабағымыздың ұраны:

Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,

Бәрін білуге ұмтыламыз!


Үй тапсырмасын сұрау, өткенді қайталау. 3 мин.

Оқушылармен сұрақ-жауап:

Дұрыс жауап берген оқушыларға смайлик тарату

-Біріккен сөздер дегеніміз не?

Екі түбірден жасалған сөздер біріккен сөз деп аталады.

-Біріккен сөзді құрайтын түбірлер қалай жазылады?

Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.

-Мысал келтіріңдер?

Көкқұтан, Айнабұлақ, ақбөкен, т.б.

Ойын арқылы білімдерін тексеру.


«Кім білгір?» ойыны

Кісі аттарын білдіретін біріккен сөздерге мысалдар келтіру.

Нұр... (Нұрбол, Нұрсұлтан, Нұржан, Нұргүл, т.б.)

... гүл (Айгүл, Жанаргүл, Айтгүл, Айнагүл, т.б.)

... бай (Наурызбай, Айтбай, Жұмабай, т.б.)


Ой қозғау (жаңа сабаққа кіріспе). 5 мин.

Жұмбақ шешу.

Жылт-жылт еткен,

жылғадан өткен.

(Су)

Сөздік жұмыс.

Интерактивті тақтада мына сөздер суреттермен бірге көрсетіледі:


Су, су+шы, су+лық, су+лы, су+сыз, су+ар, су+ат, су+сын. Сөздерді оқыту, әр сөздің мағынасын ашу, сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.
Суреттер, мағынасы. http://lugat.kz/
Су- мөлдip сұйық зат. Өзен, көлдерде болады. М.: Әйелдеp су тасып жүp.


Сушы- су тасушы. М.: Құлтай сушы аpбамен су тасиды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет