Сабақтың тақырыбы: Біз қазақ тілі достық тілінде сөйлейміз сынып: 5 Қатысқандар



бет6/6
Дата05.07.2018
өлшемі0,51 Mb.
#47282
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Соңы

5 минут


Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.



Қосымша ақпарат







Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Барынша қолдау көрсету: оқушыларға суреттер беріп, сын тұрғысынан ойлану арқылы, ортақ тақырыпты ашу.

Орташа қолдау: Хабарландыру жазу критерийі беру арқылы.

Қолдау көрсету аз: Топтық тапсырманы орындау барысында.

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.

Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз?

Смайликтер беру арқылы бағалау.



Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім



Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Тапсырманы орындау барысында оқушылар жауаптарының нақтылығы мен дәлділігіне көңіл бөлу.

Топтық жұмыстарды қол шапалақтау әдісі арқылы бағалау.

Жеке жұмыстарды смайликтермен бағалау.


Құндылықтармен байланыс (тәрбие) -жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

-өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық.



Пәнаралық байланыс-қазақ әдебиеті, биология пәндерімен тығыз байланысты.

Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері сақталады.

АКТ–ны сын тұрғысынан ойлау үшін көрсетілген суретті көрсетуде, кесте көрсеткенде.




1-тапсырма Мәтінді оқыңдар
Жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы екіге бөлінеді. Оның бірі – тілдік қатынас, екіншісі – тілсіз қатынас. Мысалы, адамдардың ыммен түсінісуі және көздің ауыздың, қабақтың қимыл-қозғалыстары мен жалпы бет әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы және т.б. Тіптен дене мүшелерінің (қолдың, аяқтың, иықтың т.б.) әртүрлі қимыл-әрекетінің өзі көптеген мән-мағына береді.

Тілдік қатынас дегеніміз – сөйлеу арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, тіл арқылы түсінісуі.

Адамдар арасындағы тілдік қатынас, негізінен, ауызша және жазбаша түрде болады. Мұның алдыңғысы сөйлеу арқылы, кейінгісі жазу арқылы іске асады.

Ауызша қатынас – ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы арқасында жүзеге асады. Іштегі ойды дыбыстар тізбегі арқылы сыртқа шығару, айту, адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ең көне, ең негізгі қару. Ал жазу – сол сөйлеудің қағазға түскен бейнесі.


Б.Қапалбек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет