10 сынып Атыгаева М.К.
Сабақтың тақырыбы: Біз отбасы бюджет жоспарлаймыз.
Мақсаты: оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту; жаңа сөздерді меңгеру, күнделікті өмірде пайдалануға баулу, зат есімдердің көптік және септік жалғауларын қайталап, бекіту.
с/түрі: жаңа сабақ
с/әдісі: : Ассоциация, сұрақ – жауап, ББҮ, Синквейн
с/ көрнекілігі: түрлі – түсті қаламдар, бағалау парағы, слайдтар, үлестірмелі кәртішкелер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Психологиялық ахуал.
- Балалар, көңіл – күйлерің қалай? Жақсы ма? Жақсы болса бір – біріміздің қолын ұстап, жақсы тілектерді айтайық!
Сабағымызды бастамас бұрын күнделікті ережелерді қайталайық: слайд
1 ереже – Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз!
2 ереже – Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3 ереже – Уақытты үнемдейміз, босқа өткізбейміз!
4 ереже – Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Ой қозғау.
-Отбасыларыңда кімдер еңбек етеді?
-Ата-аналарың тапқан еңбекақыны қайда жаратады?
-Бюджет деген сөздің мағынасы қандай?
-Отбасы бюджеті деген не?
-Отбасы бюджетін кім жоспарлайды?
-Отбасы бюджетін жоспарлауға сен қатысасың ба?
-Қалай ойлайсыңдар , бүгінгі сабақта не туралы әңгімелесеміз?
(Оқушылар өз ойларын айтып, сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.)
Мағынаны тану
ІІ. Жаңа сабақ
1. Оқушыларды топтарға бөлу:
1-топ «Жоспар» - түрлі – түсті қаламдар бойынша
2-топ «Бюджет» - қара қаламдар бойынша
-Кімде түрлі – түсті қаламдар болса – «Жоспар» тобына, кімде қара түсті қалам «Бюджет» тобына отырады. Спикерді таңдаңдар. Бағалау парағын алып, өз – өздеріңді бағалайсыңдар. Мұқият болыңдар! Үй тапсырмасына да баға ұпай қойыңдар.
. Қызығушылықты ояту кезеңі: Қалай ойлайсыңдар бұл не? слайд
Смета
|
Есебі
|
Коммуналдық қызметтер
|
30.000тг
|
Төлемақы
|
150.000тг
|
Азық – түлік
|
40.000тг
|
Киім - кешек
|
30.000тг
|
Депозит
|
10.000тг
|
Домбыра үйірмесі
|
5.000тг
|
Күнделікті шығыс
|
35.000тг
|
Дұрыс отбасы бюджетінің жоспары.
Ассоциация құру: постер
1 – топ «Жоспар» сөзіне, 2 топ – «Бюджет» сөзіне ассоциацияларыңды жазыңдар. (жеке, жұппен пікір алмасып, ортақ пікірлерін ортаға салады.) Бағалау.
4. Мағынаны ашу кезеңі
1. Сөздердің мағынасын ашу:
-Жақсы, пікірлерің дұрыс екен, енді «Қазақ түсіндірмелі сөздігінен» осы ұғымдардың
түсініктерін қарап шығайық, дәптерге жазып алыңдар:
Жоспар - белгілі бір жұмыстың алдын ала жасалған жобасы.
Жоба – бір істі жүзеге асыру, орындау үшін жасалған нұсқа.
Бюджет – мемлекет, әр түрлі мекемелердің кіріс, шығыстың сметасы.
Смета – алдын ала жасалатын кіріс пен шығыстың есебі.
ББҮ кестесін толтыру
1 топ – «Жоспар»
2 топ – «Бюджет»
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Кестенің 1, 2 бағанын толтырады, ортақ пікірді айтады. (жеке, жұптық, топтық жұмыс) Бағалау.
3. Мәтінмен жұмыс
Сөздікпен таныстыру:
Табысынан құралады – состоит из заработка
Еңбегінің нәтижесі – результат труда
Табысқа қол жеткізу –добиться успеха
Кіріс – доход
Шығыс – расход
Жоспарлайды – планирует
Тең болуын қадағалайды – следят за правильным распределением
Тиімді пайдалануға – эффективно использовать
Тізім жасайды – составляют список
Төлемақы –оплата
Интерактивті тақтаға қарап, жаңа сөздермен танысады. (үйде сөздік дәптеріне жазады)
-Енді «Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз» мәтінін оқып, ББҮ кестенің 3 бағанын толтырамыз, сұрақтарға жауап береміз. Әр топқа 3 сұрақтан, ойланбай тез арада жауап береміз. (үлестірмелі кәртішкелер беріледі)
4. Грамматиканы қайталау
1 топ – Көптік жалғаулардың ережесін айтады
2 топ – Септік жалғаулардың ережесін айтады
IV. Тақырыпты бекіту
1. Тапсырмаларды орындау
1 топ - 2 тапсырма (37 б) Мәтіннен зат есімдерді тауып, көптік жалғауларды жалғау (жазбаша)
2 топ - 3 тапсырма (37 б) Берілген зат есімдерді септіктермен сәйкестендіру (жазбаша)
1 топ - 5 тапсырма (37б) Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіру (ауызша)
2 топ - 6 тапсырма (37 б) Сөйлемдерді дұрыс құрастыры (ауызша) Бағалау
2. Синквейн құру
1 топ – «Жоспар»
2 топ – «Бюджет» Бағалау
3.Рефлексия
1. Бағдаршам әдісі (түрлі-түсті стикер беріледі)
Мен жақсы орындадым- жасыл белгі
-Мен жартылай орындадым,жұмысты аяқтау керек- сары белгі
-Маған көмек керек!- қызыл белгі
2. Үйге тапсырма:
10 тапсырма (38 б) Отбасы бюджетін кестеге толтыру.
3. Бағалау
Бағалау парақшасына қарап оқушыларды бағалау.
Оқушының аты – жөні
|
Үй жұмысы
|
ББҮ
|
Мәтінмен жұмыс
|
Сұрақ – жауап
|
Граммати
калық тақырып
|
Жазбаша жұмыс
|
Синквейн
|
Жалпы ұпай саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ел болудың амалы – ішкі бірлік» дегендей, әрқашан да бірлік пен ынтымақ жасасын! Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыз!
Рефлексия:
Не сәтті өтті? Жаңа технологияны пайдалана отырып, оқулық материалын толық меңгеріп, оқушының ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпал жасап, сабақта өз мақсатыма жеттім.
Не сәтсіз өтті?Оқушылар шығармашылықпен көп айналасуы керек.
Болашақта нені өзгертер едім? Сабағымды тереңдетіп, қосымшалар арқылы өткіземін.
Достарыңызбен бөлісу: |