Сабақтың тақырыбы: Біздің Галактика. Жұлдыздардың ядролары табиғи термоядролық реактор ретінде



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,63 Kb.
#84216
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№4 сабақ


Сабақ жоспары (Еdupage системасында білім алушылар үшін)

Топ Т102 пән Физика

Сабақтың тақырыбы: Біздің Галактика. Жұлдыздардың
ядролары табиғи термоядролық реактор ретінде.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға біздің галактика, басқа галактикалар, квазарлар туралы түсінік беру.
Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.


Сабақтың мазмұны
Негізгі астрономиялық ұғымдар

1.Күн жүйесіндегі планеталар саны (8)


2.Космогония дегеніміз не? (аспан денелерінің және олардың жүйелерінің пайда болуын зерттейтін астрофизиканың бөлігі)
3.Грек сөзінен шыққан «жұлдыз тәрізді» деген мағынаны білдіретін кіші планеталар (астероидтар)
4.Айнымалы жұлдыздар дегеніміз не? (жалтырауы периодты түрде өзгеретін жұлдыздар)
5.Жұлдыздардың түсі неге тәуелді? (температурасына)
6.Барлық шоқжұлдыздар саны (88)
7.Космонавтика дегеніміз не? (әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарынынң қозғалысысын талдап зерттейді)
8.Грек сөзінен шыққан «құйрықты жұлдыз» деген мағынаны білдіретін аспан денесі? (комета)
9.Цефеидтер дегеніміз не? (пульсацияланатын жарықтығы жоғары жұлдыздар)
10.Қара құрдым дегеніміз не? (гравитациялық өрісі өте күшті болғандықтанодан ешқандай обьект шығып кете алмайтын кеңістік)
11.Зодиак жұлдыздарының саны? (12)
12.Телескоп деген не? (аспан денелерін бақылауға арналған астрономиялық құрал)

Галактика – жұлдыздар мен жұлдыздардың шоғырлануы, жұлдызаралық газдар мен тозаңнан және түнек материясынан құралған алып, гравитациялық-байланысқан жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет