Сабақтың тақырыбы: Біздің Галактика. Жұлдыздардың ядролары табиғи термоядролық реактор ретінде



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,63 Kb.
#84216
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№4 сабақ

Жұлдызаралық тозаң және газ
Жұлдызаралық ортабіздің Галактика мен басқа Галактикалардың құрамындағы жұлдыздар арасындағы кеңістікті толтыратын сиретілген зат, жұлдызаралық газ және тозаң бөлшектері. Жұлдызаралық ортаның құрамына бұлардан басқа, ғарыштық сәулелер, жұлдызаралық магнит өрісі, сондай-ақ әр түрлі ұзындықтағы электрмагниттік сәулелер де енеді. Күн (басқа жұлдыздардың да) маңындағы Жұлдызаралық орта планетааралық ортаға ауысады. Галактикалар арасындағы кеңістікті галактикалық орта толтырады. Жұлдызаралық ортаның болатындығы туралы қорытындыны алғаш рет орыс астрономы В.Я. Струве (1793 – 1864) жасаған (1847). Бірақ оның болатындығы 20 ғасырдың 30-жылдары дәлелденді (америкалық астроном Р.Трамплер, орыс астрономы, Б.А. Воронцов-Вельяминов). Жұлдызаралық газ бейтарап және иондалған атомдар мен молекулалардан құралған. Оның негізгі массасын сутек (шамамен 90% пен гелий (шамамен 10%), сондай-ақ оттек, көміртек, неон және азот (әрқайсысы шамамен 0,01%) атомдары құрайды. Жұлдызаралық газ бен тозаң галактика жазықтығында өте күшті жинақталып, жұлдызаралық бұлтты түзеді. Біздің Галактикадағы жұлдызаралық бұлттың диаметірі 5 – 40 пк, темп-расы 20 – 100К. Ғарыштық сәулелерді құрайтын бөлшектердің энергиясы 106 – 1020 эВ. Жұлдызаралық магнит өрісінің кернеулігі Жердің магнит өрісінің кернеулігімен салыстырғанда 105 есе аз, бірақ оның энергиясы ғарыштық сәулелердің энергиясымен шамалас. Галактикалардағы Жұлдызаралық орта мен жұлдыздар арасында үнемі зат алмасу процесі жүріп отырады. Жұлдыздардың түзілуі кезінде Жұлдызаралық орта негізгі материал болып есептеледі. Сондықтан Жұлдызаралық ортаны зерттеу арқылы жұлдыздардың пайда болу механизмі айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет