Жұлдыздар жинақтары менн олардың қозғалысы Біздің Галактикада 1 миллиардқа жақын жұлдыздар бар. Ол диск терізді болады. Галактиканың қалындығы 25 кпс жақын, ал диаметрі оңшақты есе үлкен болады. Біздің Күн Галактика ортасынан оның радиусының 2/3 бөлігінде орналасқан. Галактика ортасына жақындай бергенде жұлдыздар орналасуының тығыздығы өсе береді. Галактика ортасына жақын облыста жұлдыздардың саны шұғыл өседі. Бұл облыста Галактика ядросы деп атайды. Кейбір астрономдар бұл облыста үлкен Қара аланда болу мүмкін деп есептейді.
Галактикадағы жұлдыздар әр түрлі бағыттар бойынша қозғалу мүмкін, бірақ барлығы Галактиканың айналуына қатысады. Бұл айналудың бірнеше ерекшеліктері болады. Біріншіден, Галактика ортасынан алшақтай берсек, айналудың бұрыштық жылдамдығы азая береді. Екіншіден, айналудың сызықты жылдамдығы алдымен ортасынан алшақтай бергенде өсі береді, Күннің қашықтығында ол 240 км/с максимал мәнге жетеді, одан әрі ақырындап азая береді.