Сабақтың тақырыбы: «Біздің сынып» Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты



Дата20.11.2019
өлшемі58,22 Kb.
#52112
түріСабақ
Байланысты:
Жусипова Гульмира ҚМЖ дүниетану

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Сынып:2

Мектеп: С. Ерубаев атындағы ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жусипова Гульмира Мустафаевна

Бөлім: «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»,

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Біздің сынып»

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

2.1.2.4 өз сыныбын сипаттау

2.1.2.3 Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық, топтық және

тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өз сыныбы туралы біледі.

Көптеген оқушылар: сыныптастарымен қарым-қатынас жасауды үйренеді.

Кейбір оқушылар: Мектеп қоғамдастығын дағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіріп, әдептілік ережелеріне сүйене отыра сыныбын сипаттайды.

Бағалау критерилері

  • «Ұжым», «сыныптастар» сөздерінің ұғымымен танысып, олармен қарым-қатынас жасауды үйренеді;

  • Сынып ұжымындағы әдептілік ережелеріне сүйене отырып, сыныбын сипаттайды.

Тілдік мақсат


Оқушылар:

Оқушылардың өзін – ұстау ережелері



Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

Сынып, сыныптастар, ұжым,әдептілік ережесі



Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

Сынып, сыныптастар, ұжым,әдептілік ережесі



Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ұжым деген не?

  • Сыныптастар деген кімдер?

  • Сыныптас оқушыларды қандай жағдайлар байланыстырады?

  • Мектептегі тәртіп ережелерін сақтамаса не болады?

  • Әдептілік ережесіне сүйеніп, өз сыныбыңызды сипаттатыңыз.

Құндылықтарды дарыту


-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;



Пәнаралық байланыс

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, қазақ тілі.

АКТ қолданудағдысы

Интербелсенді тақта-таныстырылым,

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектеп қоғамдастығы туралы біледі.


САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

2 минут


2 минут

4 минут




Психологиялық ахуал: (қимыл арқылы)

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Топқа біріктіру: қима қағазда жазылған: құрмет, достық, батылдық сөздерін оқушыларға үлестіру

1 топ «Құрмет»

2 топ «Достық»

3 топ «Батылдық»


«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен сабақ пен жаңа сабақ тақырыбын ашу мақсатында қолданамын.

  • Балалар, білімді қайдан аламыз?

  • Мектептің қандай ережелерін білесіңдер?

  • Балалар, біз қайда отырмыз?

  • Біз кімбіз?

  • Сенің жаныңда кім отыр?

  • Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, бұл-сынып.

  • Ендеше бүгңнгң сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ?

  • Иә, бүгінгі тақырып: «Біздің сынып»

  • Сабақ мақсатымен таныстырып кету.

Орындарынан тұрып қимыл арқылы көрсетеді

Қима карточкалар



Сабақтың ортасы

25 минут

5 минут

5 минут

3 минут


6 минут
6 минут

Ұ.Ж.(ұжымдық, жұптық жұмыс)

1 тапсырма «CLASTER» әдісі арқылы тілдік мақсат орындалады.

Ұ. Ұжым деген не?

Оқушы сынып


ҰЖЫМ

Топ көрші дос


Сыныптастар деген кімдер?

Дос оқушы жолдас


СЫНЫПТАС

бір партада отыратын



Мұғалімнің түсіндірмесі:

«Ұжым» деп мақсат-міндеттерді ортақ болатын топтағы адамдарды айтады. Олар бірлесіп жұмыс істейді немесе оқиды.

«Сыныптастар» - олар бір сыныпта бірге оқитын немесе бұрын бірге оқыған оқушылар.

Ж. Оқулықпен жұмыс.

Суреттегі оқиғаларды талқыла. Бұл оқиғадан шығу жолын іздеңіз.



Сыныптас оқушыларды қандай жағдайлар байланыстырады?

Критерий:

  • «Ұжым», «сыныптастар» сөздерінің ұғымымен танысып, олармен қарым-қатынас жасауды үйренеді;

Дескриптор:

  • «ҰЖЫМ» сөзіне ассасация сөздерін келтіреді;

  • «Сыныптастар» сөзіне ассасация сөздерін келтіреді;

  • Суреттегі оқиғаларды талқылайды;

  • Оқиғадағы шығу жолын іздеп, табады;

ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы жұпта бір-бірін бағалайды. Ынталандыру мақсатында «Керемет!» деп, мадақтап, ауызша кері байланыс беріп отырамын.

СЕРГІТУ СӘТІ: әндер топтмасына флешмоб билеу

2 тапсырма. Ө.Т (өзіндік, топтық жұмыс)

Ө. «Егер..., онда...» әдісі

Мысалы, «Егер де біз мектептегі (асханадағы, т.б.) тәртіп ережелерін сақтамасақ, онда ... ».

«Мектеп ережесін сақтау тиімді, себебі....»

«Мектептегі тәртіп ережелерін сақтамаса не болады?» сұрақтары бойынша қайтадан салыстырмалы талдау жүргізіп, ортақ қорытынды жасаңыз.



(Т)(ҚБ) Оқулықпен жұмыс: Өз сыныбындағы оқушылардың тәртіп ережелерінің сақталуын үлгіге ұсынуға болатын тұстарын анықтап, өз сыныбыңызды сипаттаңыз.

Критерий:

Сынып ұжымындағы әдептілік ережелеріне сүйене отырып, сыныбын сипаттайды.



Дескриптор:

  • сұрақтары бойынша талдау жүргізіп, қорытынды жасайды;

  • әдептілік ережесіне сүйеніп, өз сыныбын сипаттайды;

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» топ бір-бірін бағалайды.

А2 флипчарт

Маркерлер

Оқулық

Бейнежазбадағы қимылды қайталау



Сабақтың соңы

7 минут

5 минут



2 минут

Кері байланыс: «Микрофон» әдісі арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында.

  • Ұжым деген не?

  • Сыныптастар деген кімдер?

  • Сыныптас оқушыларды қандай жағдайлар байланыстырады?

  • Мектептегі тәртіп ережелерін сақтамаса не болады?

Рефлексия: «Көңіл күй» әдісі арқылы оқушылар өз-өзін бағалайды.





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Оқушыларды саралау мақсатында оқушыларға жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасату арқылы тақырыпты меңгертемін . Мадақтау, марапаттау арқылы ынталандырып, ауызша, жазбаша кері байланыс беремін, қолдау көрсетемін. «Серпілген сауал», «CLASTER», «Егер..., онда...», «Микрафон» әдістерін қолдандым.

Топтық, жұптық жұмыстарда дарынды балалар қолдауды қажет ететін балаларға қолдау жасап отырады.



Дескриптор арқылы оқушылардың білімін бағалаймын. Мадақтау, марпаттау арқылы, «басбармақ», «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы, ауызша, жазбаша кері байланыс арқылы қолдау көрсетемін. «Микрофон» әдісі арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгерін байқаймын, бағалаймын. Кері байланыста оқушылар тақырыпты түсінген -түсінбегенін «Көңіл күй» арқылы білдіреді және өз- өздерін бағалайды, өз деңгейлерін көрсетеді.

Топтасу уақытында,тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет