Сабақтың тақырыбы: Біздің заманымызға дейінгі жазу-сызулар мен аңыз-жырлар Сабақтың мақсаты



Дата25.01.2017
өлшемі98,45 Kb.
#8019
түріСабақ

PowerPlusWaterMarkObject2111397




Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Біздің заманымызға дейінгі жазу-сызулар мен

аңыз-жырлар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға ежелгі аңыз-жырлар туралы әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Ұлан – байтақ қазақ жері – ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі – біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай «түрік», «түркілер» атанған.

Сақтар біздің заманымыздан Моңғолия мен Дунай арасын мекендеген. «Сақ» сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ) т.б. Көшпелі сақтар жайындағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.

Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: « Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық - түлік мол болғай! » -деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VІІ –ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманымыздағы VІІІ ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.

Сақ, ғұн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Тұңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.

2. Алып- ер Тұңға туралы мағлұмат беру.

Алып-Ер Тұңға - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнама» кітабының (ХІ ғ.) кейіпкері болған. Онда Алып-Ер Тұңға – Афрасияп, Тұранның (Түр елі – түріктер) патшасы болып суреттеледі. Ақыл – айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде қалған тарихи тұлға.

Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында.



Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау атадан балаға жетіп, ХІ ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітапқа кірген
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Алып-Ер Тұңғаны жоқтау

Алып-Ер Тұңға өлді ме?

Опасыз дүние қалды мА?

Заман өшін алды мА?

Енді жүрек жыртылар.

ІV. Үй тапсырмасын беру.
1. Заманымыздан бұрынғы жазу- сызулар мен аңыз-жырлар. «Алып-Ер Тұңға» туралы мағлұмат.

2. Алып-Ер Тұңғаны жоқтауының мазмұнын әңгімелеу, 5 шумағын жатқа айту.
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VI. Сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім:

  6. Сабақтың тақырыбы: Орхон ескерткіштері.

«Күлтегін» жазуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың көне жазба нұсқалары туралы білімдерін кеңейту, «Күлтегін» жазуы туралы жаңа мағлұмат беру.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды көне мәдениет нұсқаларын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялары.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Заманымыздан бұрынғы жазу- сызулар мен аңыз-жырлар. «Алып-Ер Тұңға» туралы мағлұмат.

2. Алып-Ер Тұңғаны жоқтауының мазмұнын әңгімелеу, 5 шумағын жатқа айту.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Орхон ескерткіштері туралы мағлұмат беру.

Түркілер V-VІІІ ғасырларда «Түрік қағанаты» деп аталатын үлкен мемлекет құрды. Түркілер – қазіргі қазақ, қырғыз, қарашай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, ноғай, саха (якут), хакас, әзербайжан, түрік, құмық, авар, балқар, башқұрт, қарайым сияқты тілдері бір-бірімен ұқсас, түркі тілінде сөйлейтін, бір кезде Монғолиядан – Каспий теңізі, арғы жағы Қапқаз (Кавказ), Тана (Дон) өзендеріне дейін алып жатқан тұтас түркі елін құраған. Кейін әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты бөлшектеніп қалған. Түркілердің түпкі Отаны-қазіргі қазақ жерінде.

Түркілер туралы Махмұт Қашқари былай деп жазған: «Ұлы Тәңір айтады: «Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды «Түрік» деп атап, Күншығысқа қоныстандырдым.



Түріктер-көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл, уәделерінде берік тұратын мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие ашық-жарқын жандар».

Түрік қағанатының негізін құраған Бұмын қаған еді. Ол 552 жылы қайтыс болған соң, кейінгі ұрпақтарының біліксіздігінен, жігерсіздігінен қағанат екіге бөлініп, ақыр аяғы 630-680 жылдары көрші жатқан тауғаштарға тәуелді болып қалады. Елу жылға созылған күрес нәтижесінде, Елтеріс ханның кезінде ғана бостандыққа қолы жетеді. Елтеріске бала кезінде қытайлар алып кетіп, қытайша тәрбиеленген Тоңұқұқ деген кісі көмектеседі. Ол тұтқында жүрсе де, өзінің түркі тегін ұмытпаған еді.

Елтеріс хан өмірден өткенде, артында қалған ұлдары Білге-жеті жаста, Күлтегін болса 5 жаста болатын. Мұрагерлері жас болғандықтан, таққа Елтерістің інісі Қапаған қаза тапқаннан кейін ғана Білге хандықтың билігін алып, Күлтегін әскербасы болады. Тоңұқұқ ақылшы, кеңесші болып отырады. Ежелден ханға кеңесші болып жыраулар отырған. Сондықтан Тоңұқұқты жырау деуге болады.

Орхон ескерткіштері дегеніміз – осы тарихи тұлғаларға арнап орнатылған тастағы жазулар. Түркілердің ежелгі мекені – Орхон өзенінің аңғарынан табылған. Ондай тастар бұрын қазақ жерінде де көп болған. Бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде жойылып кеткен.

Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұраты – ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу. Жырда түркілердің тауғаштарға кіріптар болу себебін олардың тәтті сөз, асыл қазынасына алданғандығынан, ел ішінде бірлік болмауынан деп түсіндіреді.

Орхон жазулары мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты қазақтың эпостық жырларымен үндес, ұқсас. Батырлық жырлардың идеясы да Орхон жырларындағыдай, ел тәуелсіздігі мен елге қорған болған батырларды жырлау. Батырлық жырларымыздың көне сарындарын Білге, Күлтегін, Тоңұқұқ жырларынан табамыз.

Орхон жырларының құрылысы жағынан қазіргі өлеңнен біраз айырмашылығы бар. Онда арагідік болмаса, ұйқас кездесе бермейді. Дыбыс үндестігі, сөз қайталаулар ішкі ырғаққа құрылады.



2. Ескерткіштен үзінділер оқу.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

Ескерткіштен үзінділерді оқу, әңгімелеу.

Тәңір текті, Тәңірден жаралған,

Түрік Білге қаған.

Бұл шақта отырдым.

Сөзімді түгел есітіңдер:

Бүкіл жеткіншегім, ұланым,

Біріккен әулетім, халқым.

Оңымда щад, апа бектер,

Солымда тархан, бұйрық бектер.

Тоғыз оғыз бектері, халқы,

Бұл сөзімді мұқият тыңда,

Терең ұқ.

  1. Сөздік жұмысын жүргізу.

Білге - ақылды, дана, білікті.

Қаған - хан.

Шад, апа бектер, тархан, бұйрық бектер - әскери лауазымдар атауы.

Тоғыз оғыз – ру- тайпаның аты.

Өтүкен – түркілердің қасетті мекені.

Тонсыз – киімсіз, аш-жалаңаш.

  1. Сұрақтарға жауап беру:

  1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін-күшін беру себебі не?

  2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді?

  3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?

  4. Тақырыбы не жайында?

  5. Айтар ойы (идеясы) қандай?

  6. Өлең құрылысы жағынан қазіргі қазақ өлеңімен бірдей ме? Салыстырып көріңдер.



V. Үй тапсырмасын беру.

1. Оқулықтан 8-13-беттерді оқу.

2. Үзінділерді әңгімелеу, қосымша деректер жазу.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім:

  6. Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы

( VІІІ-ІХ ғғ.)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға VІІІ-ІХ ғасырлардың көне мәдениет ескерткіші болып табылатын Қорқыт ата кітабы туралы әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.Қорқыт атаның портреті.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Орхон ескерткіштері туралы мағлұмат.

2.Ескерткіштен алынған үзінділерді әңгімелеу.

3.Қосымша деректер айту.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Қорқыт ата кітабы туралы ( VІІІ-ІХ ғғ.)мағлұмат беру.

  2. Қорқыт атаның өміріне тоқталу.

Қорқыт ата VІІІ-ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген (қазіргі Қызылорда облысы). Ол кісінің мазары Қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр.

Қорқыт- түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсің», -деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да, алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?-деп сұраса, олар: «Бұл – Қорқыттың көрі,-деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шағады.

Қорқыт бабаның «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай» т.б. он шақты күйін қобызшылар сақтап қалған. Қорқытты ажалдан құтқарған қобызы болғандықтан, кейінгі бақсылар ауруды қобызбен емдейтін болған.

Қорқыт айтқан жырлар ХV ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. Кітапта он екі жыр бар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұл», «Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр», «Хан Төрәлі», «Қазан Саларбектің аулын жау шапқаны т.б.

  1. Қорқыттың нақыл сөздерімен таныстыру.

Баят бойында Қорқыт ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп-тура келіп отырған әулиенің көңіліне пәңірім





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет