Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1.ДНҚ дегеніміз не?
2. Оның құрылымын кім ашты?
3. Ол молекула не үшін керек?
4. ДНҚ құрылысы қандай?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Нуклеин қышқылдарын сипаттайды.
|
Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.
|
|
Білу, түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады
|
1.Нуклеин қышқылдарының мономері не? Мономердің қандай бөлігі ДНҚ-ның бір нуклеотидін екіншісінен ажыратады?
2. ДНҚ молекуласына сипаттама береді. Оның пішіні қандай?
3. Нуклеотид типтері, олардың азотты негіздері мен комплементарлық ережесі арасындағы байланысты анықтайды.
4. Сурет бойынша ДНҚ молекуласындағы химиялық байланыс типі, олардың құрамбөліктері мен өлшемдері туралы айтып береді.
Дискриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Сұрақтарға жауап береді
2. Суретпен жұмыс жасайды.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
|
|
Талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады
|
1. ДНҚ молекуласын сызба түрінде бейнелеп, оның құрамбөліктерін көрсетеді.
1)Дезоксибироза
2)Фосфор қышқылының қалдығы
3) аденин
4)тимин
5)гуанин
6)Цитозин
7)Фосфодиэфирлі байланыс
8) ковалентті полюсті байланыс
9)Қос сутектік байланыс
10)үш сутектік байланыс
2. Нуклеотид типтері мен олардағы пзоты негіздер арсындағы айырмашылқтарды көрсетеді. Сутектік байланыс типінің комплементарлы азотты негіз жұбына тәуелділікті талдайды және анықтайдыы.
|
Дискриптор:
Жалпы - 3 балл
Тапсырманы сызба түрінде көрсетеді.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|