Сыныбы:
|
11
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бразилия
|
Мақсаты :
|
Бразилияның экономикалық-географиялық жағдайы , зерттелуі , шаруашылығы туралы мағлұмат бере отырып, білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы , тақырыпқа байланысты ҰБТ-да келетін ең маңызды тапсырмалар бойынша білім беру
|
Сабақтың міндеттері
|
Әлемнің дамушы елдерінің көш басында келе жатқан Бразилия елі,ел экономикасының даму ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту.
Алған білім, білік дағдыларын іс – жүзінде шығармашылықпен қолдана білуге дағдыландыру.
Әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушылардың ой - өрісін арттыру. Қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге баулу.
Оқушылардың өз ойын жете айта білуге ,топпен,картамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істей білуге, ұлттық дәстүрлер мен халықтар арасындағы достықты сыйлай білуге, елдер арасындағы қарым – қатынасты дәріптеуге тәрбиелеу.
Қорытынды жасауға, теориялық білімдерін ҰБТ шеңберінде қолдануға жағдай жасау .
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Оқушылар Бразилия елі туралы жан –жақты білім алады .
Сабақ барысында топ мүшелерінің пікірімен санасады,бір-бірін сыйлауға үйренеді.
Мәтіннің тақырыбы мен идеясын ұғынады,мазмұнын игереді,қойылған сұрақтарға сын тұрғысынан ойланып жауап береді,өз пікірін ойын ашық айтады ,өз бетімен ізденеді.
|
Сабақтың типі
|
Жаңа білімді меңгерту
|
Сабақтың түрі
|
Аралас сабақ
|
Керекті жабдықтар:
|
Маршруттық карта, тақырыптық карталар, атлас, кескін карталар, интерактивті тақта, бағалау парақтары,ватман,маркер,қалпақтар
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Еркін талқылау» , «Ойлаудың алты қалпағы» әдістері,
Семантикалық карта,толықтыру тесті, карта тесті , жылдармен жұмыс.
|
Кіріктірілген модуль
|
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
Талантты және дарынды балаларды оқыту ;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау:
Акт,СТО.Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық
|
Дереккөздер
|
География оқулығы 11 сынып «Мектеп»2011 ж,
«Интербелсенді оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» Алматы 2014ж
Ғаламтор «Вики» беттері
|
Сабақ жоспары
1.Ұйымдастыру кезеңі.Қызығушылықты ояту
2.Жаңа сабақ.Мағынаны тану
3.Жаңа сабақты пысықтау
4.Жаңа сабақты бекіту
5.Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау
6.Кері байланыс
7.Сабақтан кейінгі ой толғаныс
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушы әрекеті.
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері:
|
Уақыты
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
1.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
2.Топқа бөлу
1- топ Өлкетанушылар
2- топ
Демографтар
3-топ
Экономистер
|
2 мин
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастырамын .
. 1)Шаттық шеңбері :
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім сөзі: балалар сендер білесіңдер ме, әр ұлттың сәлемдесу рәсімі әр түрлі болады.Ендеше қане басқа ұлттарша амандасып көрейікші .
Қазақтар қол алысады
Италяндықтар құшақтасады
Жапон халықтары иіледі
Үнді халықтары алақандарын бір-біріне тигізіп еңкейеді.
Никарагуалықтар иықпен амандасады. Бразилиялықтар бір бірінің иығын қағады .
|
Оқушылар шаттық шеңберіне шығады,
Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.
Оқушылар топқа бөлінеді.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
Ой қозғау
|
2 мин
|
Мұғалім сөзі: балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мен сіздерге мынандай сұрақтар қойғым келіп тұр.
1)Пеле мен Рональдо қай елдің футбол ойынның майталмандары ?
2)Кофэ,қант құрағы ,банан өсіруден алдыңғы орынға шығатын елдерді атап беріңіздерші?
Эфиопия ,Бразилия,Африка елдері т.б
3)1501 жылы Веспуччи өзінің саяхаты барысында жағалау бойымен жүзіп ,өздері қаңтар айында сағасына жеткен өзенге саяхатшылар «Қаңтар өзені» деген ат берді .Испан тілінде қай елді білдіреді?
Рио – де- Жанейро
4)Латын Америкасындағы ең ірі мемлекет ? Бразилия
Тамаша ендеше тақтаға бір сәтке көңіл аударайық.Бейнеролик
Ал балалар сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз не жайында болмақ болжамдап көрейік .
- Олай болса бүгінгі сабағымызда Бразилия мемлекетімен танысатын боламыз.
Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
Мағынаны тану
1.«Түртіп алу»
2.«Еркін талқылау»әдісі.
3.Постер жасау
Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар
10 минут.
1.Жылдармен жұмыс.
2.Семантикалық карта.
3.Карта тест
|
22 мин
12 мин.
|
Жаңа сабақтың мазмұнын меңгерту сыни тұрғыдан ойлаудың «Түртіп алу» ,
Оқытудағы жаңа тәсіл «Еркін талқылау» әдісі арқылы топтық әңгімеде жүзеге асады.
Топтық жұмыстар
Мәтін мазмұнын меңгерту мақсатында 3 топқа тапсырмалар беру
№1-топ
Мемлекеттің қалыптасу тарихы ,Табиғаты және табиғат ресурстары
№2 топ
Халқы
№3топ
Шаруашылығы
Жыл
|
Болған оқиға
|
1500ж
|
Бразилия жеріне келген португал экспедициясы бұл өңірді Португалия иелігі деп жариялады .
|
1808 жылы
|
Напалеон армиясы португалияға қарсы басқыншылық әрекетін бастағанда ,король мен оның отбасын Рио-де-Жанейроға көшіру туралы шешім қабылдады.
|
1822 ж
|
Вице- король Бразилияны тәуелсіз империя деп жариялайды .
|
1889 ж
|
Император тақтан түсіріліп ,Бразилия республика болып жарияланады .
|
1888 ж
|
13 мамырда құлдықты жою жөніндегі «Алтын заңға» қол қойылады.
|
ХХ ғасырдың 60- жылдары
|
Ел астанасы Рио-де –Жанейродан арнайы салынған Бразилия қаласына көшірілді.
|
1945 жылдан бері
|
Бразилия БҰҰ-ға және көптеген халықаралық,аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше .
|
2 тапсырма
Тақтада Оңтүстік Американың картасы
Берілген тапсырмалдар бойынша оқушыларға
бірнеше жауап үлгілері беріледі ,дұрыс жауапты табады .
1.Халықтың басым көпшілігі қайда шоғырланаған?
1.Атлант мұхит жағалауында
2.Үнді мұхит жағалауында
№2.Аса ірі қалалары
1.Сан –Паулу,Рио-де-Жанейро
2.Венесуэла,Венеция
№3.Географиялық координатын анықта
1.15 º о.е.- 47º б.б
2. 22, о.е-43 º б.б.
3. 5, о.е-35 º , бб
Жауаптары.
1. Бразилия
2.Рио-де-Жанейро
3.Риу –Гранди-ду -Норти
|
Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді.
Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінді оқиды.Тапсырманы орындау үшін, бір-бірімен кеңесіп, топ ішінде өзге топтарға қолайлы түсіндірудің жолдарын іздеп, жұмыс жасайды.
1.Жеке жұмыс
2.Топтық жұмыс
|
Жаңа сабақты бекіту
1. «Алты ойлау қалпағы» арқылы 6 тәсілмен тақырыпқа жұппен қорытынды жасауға ықпал ету.
Қорытынды тест
5мин
Бағалау
1 мин.
Рефлексия
1 мин
|
7 мин
|
Ақ қалпақ – Фактілер: Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет?
(Бразилия жайлы білетінін айтады)1 мин
Қызыл қалпақ – Түйсік: Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түйсігім маған не дейді? (Бразилияның кейбір жағдайларына жанашырлық танытатын ойларын айтады)
Сары қалпақ – Позитив: Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды? (Бразилияның жетістіктерін оң тармақтарын Қазақстанмен экономикалық байланысын айтады.)
Қара қалпақ – Жағымсыз: Жағымсыз жақтарын көрсетіңіз? Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды? (Бразилияның жағымсыз тармақтарын,экологиялық проблемаларын айтады )
Жасыл қалпақ – Креатив: Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын? (Бразилияның ЭГЖ-сін жақсартуға не жасауға ,қандай жоба ойластыруға болады)
Көк қалпақ – шолу: Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ?Мен оны қалай аша аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба? (Жалпы тақырыпты қорытындылайды)
тест
Мадақтама сөздер, балдық жүйемен критериалды бағалау .
2. Кері байланыс. «Шығыс парағы»
|
- Әр қалпақта тапсырманы орындап, әртүрлі шешімдерді бір ойға шоғырландырады.
-Тақырыптағы жаңалықтарын анықтап, жағымды жақтарын зерделейді.
Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі
|