Сабақтың ортасы
4-10 мин
|
Оқушыларға буынаяқтылар мен хордалы жануарлардың түрлі суреттерін екі топқа жіктеп және оларды қандай ерекше белгілері бойынша жіктегені сұралады. Буынаяқтылардан: өзен шаяны, таңқы шаян, бүйі, жөлек кене, зауза қоңызы, ақ көбелек. Хордалылардан: өзен алабұғасы, шортан, бақа, секіргіш кесіртке, кәдімгі сарыбас жылан, көгершін, бүркіт, борсық, қасқыр немесе басқа жануарларды алуға болады.
|
1 - қосымша
|
11-27мин
|
Оқушылар жауабы талқыланғаннан кейін тұлып, жәндіктер топтамасы, ылғал препараттар немесе суреттер мен плакаттар, РРТ ұсынылады.
Оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелері таныстырылады.
Оқушылар берілген ресурстардың көмегімен буынаяқтылар мен хордалылар типтерінің клас өкілдеріне тән ерекше белгілерін анықтап кесте толтырады.
|
2-10 слайдтар
2-қосымша
тұлып, жәндіктер топтамасы, ылғал препараттар, суреттер, плакаттар
|
28-36 мин
|
«Поездағы жолаушылар» ойынын ойнау арқылы оқушылар алған білімдерін қолданады.
Әр жолаушының қолында буынаяқтылар мен хордалы жануарлардың суреттері бар (сабақ басында таратылған суреттерді қолдануға болады) ол суреттерді сыныпта бір оқушыға көрсетеді, ол оқушы оның қандай жануар екенін анықтайды, енді ол оқушы басқа оқушыға барады, осылай жалғаса береді.
|
1-қосымша
|
Сабақтың соңы
|
37-40 мин
|
Кері байланыс
Түсіндім, түсіндіре аламын, түсінбедім деген сөздерді тақтаға іліп қойылады, оған оқушылар стикерлерге өздерінің тақырып бойынша жақсы түсінген, түсіндіре алатын тұстарын жазып жапсырады.
Түсінбедім деген тұстарына тоқталып, толықтырулар жасалады.
|
Стикерлер
11 слайд
|
Қосымша ақпарат
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |