Күні:
Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Чч дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсатты:
1. Оқушыларды Чч дыбысы мен әрпін таныстыру. Чч дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөздерді дұрыс оқуға және сауатты жазуға төселдіру.
2.Ой-өрісін, тіл байлықтарын арттыру,тапқырлық іздемпаздық қасиеттерін дамыту. 3.Оқушыларды сауатты әрі көркем жазуға,кішіпейілдікке,ұйымшыл болуға,достарына құрметпен қарауға тәрбиеле.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,көрнекілік,сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер,суреттер. сөздер.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың көңіл –күйлерін сұрау арқылы сабаққа көңілдерін бөлгізу.
Оқу-құралдарын дайындату.
Партада дұрыс отыруларын қадағалау.
Таңғы шеңбер:
Амансың ба?
Көк аспан
Амансың ба?
Жер ана
Амансың ба?
Достарым!
Амансың ба?
Достарым!
II Өткенді қайталау:
Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін нығайту,пысықтау.
1.Қазақ алфабитінде неше әріп бар? (42 әріп бар)
2.Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге Дауысты және дауысыз)
3.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (2-ге жуан және жіңішке)
III Жаңа сабақ:
Чемпион аға оралды.
Чемоданы қолында.
Атағы шықты алысқа,
Күрес спорты жолында.
Ендеше балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Ч» дыбысы мен әрпі
«Ч» дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
-Дауыссыз дыбыс
Дұрыс айтасыңдар, ал дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
-Дауыссыз дыбысдегеніміз-өкпеден шыққан ауа ауыз қуысына келгенде түрлі кедергілерге ұшырап ауа қысылып шықса, дауыссыз дыбыс болады.
Ал дауысты дыбыс дегеніміз не?
-Өкпеден шыққан ауа ауыз қуыына келгенде түрлі кедергілерге ұшырамай, әндетіп айтуға болатындай ауа созылып шықса дауысты дыбыс болады.
«Ч» дыбысынан басталатын сөздерді айтайықшы , қандай сөздерді білесіңдер?
-Чемпион, чек, чемодан, чупачупс
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау
Оқулықпен жұмыс: Оқулықта берілген буындарды дауыстап оқу,. «Дүкенде» «Болашақ чемпиондар» мәтінді,өлеңді дауыстап оқып беру. Мағынасын ашу.
Сергіту сәті:
Біз чемпион боламыз,
1,2,3 1,2,3 1,2,3
Торғайдай біз боламыз
Чирк-чирк-чирк
Дәптермен жұмыс: Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық, Салақтықтан арылып,
Бүгін өткен әріпті
Көркем етіп жазайық
Чч-әрпінің элементтерімен таныстыру,ауада жазғызу. Чч- әрпін дәптерге жазғызу. IV Сабақты қорыту: -Балалар,бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық? -Дауысты ма,дауыссыз ба? Чч- дыбысы бар сөздерді айтқызу,айтқан сөздерінің мағынасын сұрап сабақты қорыту. V Үйге тапсырма:
132-беттегі өлеңді жаттап келу. VI Оқушыларды мақтау-мадақтау.
«№ 4 орта мектеп» КММ
Ашық сабақ
Пән: Сауат ашу
Тақырыбы: «Ч дыбысы мен әрпі»
Өткізген 1«Ә» сынып мұғалімі:Калиева А. С
Петропавл қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |