Сабақтың тақырыбы: "Д д" дыбысы мен әрпі (2 сағат) Сабақтың мақсаты: Оқушыларға "



бет2/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,65 Mb.
#18640
түріСабақ
1   2   3   4




Күні:

Сынып: 1



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Д дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут


Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Үй тапсырмасын сұрау: Д дыбысы мен әрпі

Кубизм әдісі. Әр қырындағы әріптерге сөздер ойлап табу.

Топпен жұмыс:

1-топ: Алдына әріп қосу

2-топ: Артына әріп қосу

3-топ: Сөзге буын жалға

Шаттық шебері




Сабақтың ортасы

8 минут



1 Суреттердегі Д әрпі бар сөздерді тап. Оларға дыбыстық талдау жаса.

2 Әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастыр.



а

н

л

р

о

т

у

ш

с

д

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1059-дос 10131-дала

10121-дана 107316-Дулат

3 Мұғалімнің көмегімен берілген суреттердегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. Қандай сөз шықты? Оны жаз. Ж: далада

Ойын: «Буындардан сөз құра»



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс



Сергіту сәті

1 минут


Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.



Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут


Аяқталуы
16 минут


Оқушылар хормен айтып үйренеді.

Ду, ду, ду! Дүк - дүк!


Пойыз келеді.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Бәрі жол береді.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Жүгіріп өтпе,
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Тұра тұршы шетте.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Пойызды өткіз.
Қол бұлғап қалайық
«Жолболсын!» - деп біз.

«Дәрігер қабылдауында»-сюжеттік-ролдік ойынын ойнау.

Дәрігер кеңестері:
1/Балалар сендер әрқашан беті - қолдарыңды жуып, 2 уақыт тістеріңді жуып жүрулерің керек.
2/Тамақты уақытылы ішіп отыруларың керек.
3/Түс кезінде 1-2 сағат тынығып ұйықтап алған абзал.
4/Әрдайым таза , ұқыпты болып жүру жөн.
5/теледидарды көп көре беруге болмайды, көздерің ауыратын, одан қала берді көрмейтін болады.
6/ осы айтқан кеңестерімді орындасаңдар дендерің сау, әдемі, тап-таза, ақылды болып өсесіңдер!

Оқулық, дәптерлер.




Сабақтың соңы

2 минут



Рефлексия




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет