Д дыбысы мен әрпі
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: "Д д" дыбысы мен әрпі (2 - сағат)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға "Д д" дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: оқулық, суретті әліппе, қима әріптер, слайд
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
ә) сабаққа дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Өткен сабақты қайталай отырып, сұрақтарға жауап алу.
2. 1 - слайд. Қ әріпіне берілген сөздерді оқыту.
III Білімді тексеру кезеңі:
2 - слайд. «Тиісті әріпті жаз» ойыны
- Қ дыбысы қандай дыбыс?
- Қ дыбысының айтылуы мен жазылуы?
Қ дыбысының айтылуы мен жазылуын, сөздерді буынға бөлу арқылы қайталау.
Оқулықта берілген сөздерді оқыту
3 - слайд. Жұмбақ жасыру:
Бала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары
Жерге түсер домалап.
Ол не? (Доп)
Оқушыларға доп сөзін қайталап айтқыза отырып, д дыбысының орны анықталады. Суреттерге сүйене отырып, олардың атын атату керек. Алғашқы екі дыбысты біріктіре оқыту арқылы толық сөзді табуға үйрету (дауылпаз, домбыра, дуадақ).
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны
IY. Мақсат қою тақырыбын, мақсатын хабарлау
Y. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Оқушылармен оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Доптың суретін көрсету. Суреттегі балаларға ат қою. Дала, доға, долана туралы оқушыларға сөйлем құрату. Дала қандай әдемі. Долана тауда көрінеді т. б.
- Дала деген сөздегі таныс емес дыбыс қандай дыбыс?
- Д дыбысы. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету.
Д дыбысы тақтаға ілініп, Д - бас әрпі, д - кіші әрпі деп ажыратып айтып, оны оқушыларға хормен қайталап айтқызу.
4 - слайд. Д д әрпі интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Добым, добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Доп, дала, доға, долана, дода сөздерін оқытып, буынға бөліп айтқызу.
- Д дыбысы дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.
Бағандағы сөздерді оқыту. Долана, домбыра, дала сөздеріне дыбыстық талдау жасау
Д дыбысын бірнеше рет хормен айтқызу.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық
Жазу дәптерінің 33 - бетіндегі д әрпінің баспа және жазба түрлерін салыстыру қажет. Олардың арасындағы айырмашылықтарына оқушылардың назарын аударып, шатастырып алмау жолын қарастыру
керек.
Қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары үлгі бойынша орындалады.
Д әрпінің кіші жазба түрінің бөліктерін үлгідегідей жазып үйрету.
Д әрпі мен дос сөзін көркем етіп көшіріп жазған соң, сергіту сәті өткізіледі.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Пойыз келеді.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Бәрі жол береді.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Жүгіріп өтпе,
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Тұра тұршы шетте.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Пойызды өткіз.
Қол бұлғап қалайық
«Жолболсын!» - деп біз.
Дәптердегі Тапқышбектің тапсырмасы орындалады.
Жазу дәптерінің 33 - 34 - беттеріндегі д әрпінің бас және кіші әрпін жазуға арналған жаттығу жұмыстары орындалады.
Дәптердегі сөйлемді сызбаға салып, талдау жұмысы жүргізіледі. Одан кейін сөйлемнің өзін көркем етіп жазу ұсынылады.
V. 5 - слайд. Оқулықтың 37 - бетіндегі бірінші баған бойынша дыбыстардан
жеке буын жасалады. Келесі бағандар бойынша буындардан сөздер құралады. Олардың қатысуымен суреттерге негізделген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрылады.
VI. Осы беттегі суреттер мен сызбаны пайдаланып, Шора туралы жаңылтпаш оқылып, талданады. Оқушылардың тілін жаттықтыру мақсатында тез айтуға дағдыландыру.
Сабақты қорыту үшін оқулықтағы соңғы тапсырма ойын түрінде
орындалады. Қажет болған жағдайда оларды дәптерге көшіріп жазуды тапсыруға болады.
Шырша, шашу, шула, суар, арша, шала.
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1 ) Д дыбысы – дауыссыз дыбыс.
2) Д дыбысы сөздің қай буынында келеді?
YII Бекіту кезеңі «Кім тез?» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.
YIII: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
«Әліппе серігіндегі» мәтінмен жұмыс. Д дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.
Сабақ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Бағалау
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: д дыбысымен, әрпімен танысу.оның баспа түрінің жазылуын көрсету.
Дамытушылық: балаларға ойын түріндегі тапсырмалар беру арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын, ойында сөздер, сөйлем құрату арқылы олардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін, «Миға шабуыл» стратегиясын қолдана отырып, балалардың неге деген сұраққа толық жауап бере білуін одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ойын ойнату арқылы шапшаң, жылдам, ұқыпты болуға тәрбиелеу.Өз денсаулығына көңіл бөлуге, денсаулығын күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, ойын сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім, білік - дағдыны қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Оқыту технологиясы: Миға шабуыл стратегиясы, дамыта оқыту технологиясы элементтері, АКТ- сөйлейтін әліппе.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика, валеология.
Сабақ жоспары:
Кіріспе бөлім:
1/Ұйымдастыру
2/Мотивациялық қозғаушы кезең - «Миға шабуыл» стратегиясын қолдану
3/ Сабақтың мақсаты - міндеттерімен таныстыру
1/ Ұйымдастыру:
Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Қане балалар кабинетімізге айнала көз жүгіртіп қарайықшы. Бүгін барлығы ерекше - кабинетіміз әдемі безендірілген, бізге бүгінгі ашық сабағымызға арнайы қонақтар келіп отыр.
- Балалар , қазақ халқы өте қонақжай халық. Біз қонақ келсе төрімізге отырғызып күтетін халықпыз, солай емес пе балалар? Онда барлығымыз орнымыздан тұрып қонақжайлылығымызды, достығымызды білдіріп шаттық шеңберін шеңберге тұрып жасайық:
Шаттық шеңбері:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
2/ Мотивациялық - қозғаушы-«Миға шабуыл стратегиясы»
- Балалар қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Қараша айын тағы қалай деп атайды?
- Неге?
- Бүгінгі ауа-райы қандай, балалар?
- Далаға қарасақ, балалар, қазір күз болса да қыс мезгіліне ұқсайды.Неге?
- Бүгін аптаның қай күні?
3/ Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру: - Балалар, қазір бізде сауат ашу сабағы. Бүгін біз «сауат ашудың сиқырлы әлемінде» боламыз. Осы сабақта біз жаңа дыбыспен, әріппен, оның жазылуымен танысамыз.Бүгінгі сабақ ойын түрінде өтеді. Әртүрлі ойындар ойнап, жұмбақтар шешеміз, сергіту сәтін жасаймыз. Және де сендерді бүгінгі сабақта ойыннан басқа да қызықтыр күтіп тұр.
Тәрбиеші: - Қане онда сабағымызды тезірек бастаймыз ба?
2. Негізгі бөлім.
1/ Жаңа сабақ
2/ Демонстрациялық материалмен жұмыс
3/ Сергіту сәті
4/ Дәптермен жұмыс
5/Дыбыстық талдау
1/Жаңа сабақ:- Балалар, біздің бүгінгі өтетін әрпімізді, бүгінгі сабақ керек заттардың бәрі жоғалып кетіптітәрбиеші шынымен сол заттарды іздегендей кейіп танытады
- Балалар, енді не істедік? сол кезде сырттан бір дыбыс естіледі
- Ой, бұл не дыбыс?
Осы кезде кабинетке сиқыршы кіріп келеді.
Сиқыршы: - Мені таныдыңдар ма, балалар?- Иә, мен кіммін?
- Менің ертегілер елінде ішім қатты пысып кетіп тәрбиешілеріңнің барлық заттарын мен ұрлап алдым.
Тәрбиеші:- Ой солай істеуге болады ма? Бізге бүгін қаншама қонақ келіп отыр, ал балалар болса жаңа дыбыспен, әріппен танысулары керек.Балалар, сиқыршының бұл қылығы дұрыс па? Неге?
Сиқыршы:- Балалар, мені кешіріңдерші?- Мен енді бұлай жасамаймын.
Тәрбиеші:- Балалар, біз сиқыршыны кешіреміз бе? Не деп ақыл айтамыз. Дұрыс .
Сиқыршы:- Балалар мен бүгін сендермен бірге сабаққа қатысып, ойындар ойнауыма бола ма? Мен сендерге жай келген жоқпын, мен өзіммен бірге сендерге жұмбақтар, ойындар алып келдім. Ал сабақтың соңында сабаққа жақсы қатысып, өзінің үлгілі тәртіптерімен көзге түсе білген балаларға арналған сыйлығым да бар.
Балалар:- Жарайды.
Сиқыршы:- Олай болса жаңа сабағымызды бастайық. Менің сиқырлы дорбашамда не бар деп ойлайсыңдар.- Жоқ оны сендер білмейсіңдер. Онда не барын білгілерің келсе менің жұмбағымның шешуін тез табыңдар:
Жұмбақ: 1/Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (доп)
2/Тиіп кетсе ән салған,
Дауысына ел тамсанған. (домбыра)
Тәрбиеші:- Сиқыршы , айтшы менің балаларым қандай ақылды, көп ойланбастан жұмбақтарыңның шешімін тауып берді.
Тәрбиеші:- Балалар, доп, домбыра сөздерінің бірінші дыбыстарын айтайықшы
Балалар:-Д
Тәрбиеші:- Балалар , сонымен біз бүгін Д дыбысымен және әрпімен танысамыз. –Жаңа дыбыспен таныспас бұрын өткен сабақтарды қайталап өтейік.
Дыбыстарды Сөйлейтін әліппе арқылы айтып шығу.
2/ Демонстрациялық материалмен жұмыс.
Тәрбиеші:- бәріміз бірге д деп айтайықшы. Балалар бұл дауысты дыбыс па , әлде дауыссыз дыбыс па? Неге ол дауыссыз? Сиқыршы сен қалай ойлайсың балалар дұрыс айтты ма?
- Балалар мына суреттерге назар аударайықшы. Суреттерден не көріп тұрмыз?
1/ Бидай сөзінде д дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан: Сөздің басында ма, ортасында ма, соңында ма?
2/ Велосипед сөзінде қайда орналасқан?
3/Ал домбыра сөзінде ше?
- Сонымен д дыбыс сөздің басында да, ортасында да, аяғында да кездесе береді солай ма?
Сиқыршы :- Балалар, сергіту сәтін жасап алуға қалай қарайсыңдар.
Сергіту сәті:
Даңғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Дүрсілдетіп даланы,
Поезд кетіп барады:
Ду, ду, ду, ду, ду, ду.(2 ға д қайталау)
Тәрбиеші:- Балаларға д дыбысының баспа түрі қалай жазылатынын тақтада жазып көрсетейін, сосын оны ауада жазып үйренгеннен кейін дәптерімізге жазамыз.
Балалармен бірге тақтада жазғанда әріптің неше элементтен тұратынын санау.
Аяғын шығармай тұрып оның жоғары жағы қандай геометриялық пішіннен құралғанын сұрау (тіктөртбұрыш)
Әріпті ауада жазып көрсету.
4/ Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші: - Балалар енді дәптерімізден д дыбысы бар бетті тауып алып түзу, денемізді тік ұстап отырып Д әрпін жазамыз.
- Балалар неге біз әріптердің үлкен және кішкентай түрлерін жазамыз? Неге біз үлкен әріппен немесе кішкене әріптермен жаза бермейміз?(балалар өздері жауап береді немесе сиқыршы балаларға көмектеседі)
5ДОП сөзін жазу және оған дыбыстық талдау жасау.
3. Бекіту.
1-ойын-«Шарларға әріптерді орналастыр»
Шарты:
Тәрбиеші:- Балалар, мына шарлар неге тұр деп ойлайсыңдар? Олардың түстері қандай? Ал біз сауат ашу сабағында қызыл және көк түстермен нелерді белгілейміз?Әрине -*дыбыстарды, олай болса шарларға дауыссыз дыбыстарды - көк шарға, дауысты дыбыстарды - қызыл шарларға орналастырайық.
Көрнекілігі: өткен әріптер санына байланысты және дауысты, дауыссызына байланысты шарлар мен кеспе әріптер.
2-ойын- «Сиқырлы кілемше»
Мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлау.ол дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па соны ажырата білуге үйрету.Сөздік жұмыс жүргізу арқылы сөздік қорларын молайту.Ойын арқылы балалардың тапқырлыққа баулу.
Көрнекі құралдар: әріптер жазылған ватман - ол жерге орналасқан, кубик.
Ойын барысы: балалар бір-бірлеп келіп кубикті әріптер жазылған кілемшеге лақтырады , кубиктің қай дыбысқа түскенін айтып сол дыбысы бар сөздерді айтады. Мысалы:и А-ат, ай арба, т.б. Д болса-доп, дәрігер, дәу, т.б.
3-ойын «Дәрігер қабылдауында»-сюжеттік-ролдік ойынын ойнау.
Топқа д дыбысының көк шарын ұстаған Дәрігер келеді.Балалар Дәрігермен амандасады.
Дәрігер:- Балалар мен кіммін?Дұрыс айтасыңдар мен - дәрігермін. Балалар , денсаулық, дәрігер, дәрі, дәріхана, дәрумен, дені сау деген денсаулыққа байланысты сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталып тұр? Дұрыс айтасыңдар Д дыбысынан.
Дәрігер барлық балаларды тыңдап, қолдың тазалығын, шаштарын тексереді.
Соңында өз кеңестерін айтып шығып кетеді.
Дәрігер кеңестері:
1/Балалар сендер әрқашан беті - қолдарыңды жуып, 2 уақыт тістеріңді жуып жүрулерің керек.
2/Тамақты уақытылы ішіп отыруларың керек.
3/Түс кезінде 1-2 сағат тынығып ұйықтап алған абзал.
4/Әрдайым таза , ұқыпты болып жүру жөн.
5/теледидарды көп көре беруге болмайды, көздерің ауыратын, одан қала берді көрмейтін болады.
6/ осы айтқан кеңестерімді орындасаңдар дендерің сау, әдемі, тап-таза, ақылды болып өсесіңдер! Қазақта мынадай мақалдар бар: «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың жаны сау».
Дәрігер:- Балалар, менің сендерге тілерім дендерің сау болсын, ешқашан ауырмай сабақтан тек қана 5-тік баға алып ата-аналарыңды, тәрбиешілеріңді қуантып жүре беріңдер! Сау болыңдар!
Балалар: - Сау болыңыз, дәрігер!
4. Қорытынды:- Сонымен , балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бүгін біз сендермен сауат ашу сабағында қандай дыбыспен таныстық? Ол дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па? Неге ол дауыссыз дыбыс? Бүгінгі ашық сабағымызға кімдер келді? Бүгінгі сабақ несімен ұнады? Сабақта біз тағы не істедік?Достарыңның ішінен бүгінгі сабақта кімнің берген жауабы ұнады?
Сиқыршы:- Балалардың бәрі сабақта белсенділік танытып, сұрақтардың бәріне дұрыс жауап беріп, ойындарды да тамаша ойнады, сондықтан мен олардың бәріне арнап сыйлықтар беремін. (сиқыршы сиқырлы дорбашасынан сыйлықтарын таратып береді)
Тиіп кетсе ән салған
Дауысына ел тамсанған (Домбыра)
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды (Дастарқан)
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап (Доп)
-Осы жұмбақтардың шешуіндегі сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Д дыбысы мен әрпі 2-сағат
|
Мақсаты
|
Оқушыларға "Д д" дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: оқулық, суретті әліппе, қима әріптер, слайд
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Бала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары
Жерге түсер домалап.
Ол не? (Доп)
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Бүгін бізд дыбысы әрпімен танысамыз.
– Д дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы?
– Дұрыс айтасыңдар доп д дыбысынан басталады.
– Д дыбысы дауысты ма? әлде дауыссыз ба?
– Қандай текшемен белгілейміз?
– Дұрыс көкпен белгілейміз дауыссыз дыбысты.
– Неге? Не үшін? Ол дауыссыз дыбыс.
– Қәне, д дыбысын барлығымыз айтайық.
– Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
– Дұрыс айтасыңдар дауысымыз еркін шықпайды, созылып шықпайды, бөгет болады.
Қәне, альфавит ішіндеД дыбысын табайық. (тақтадағы әріптердің ішінен 1 оқушы көрсетеді)
|
Сергіту сәті
|
Сергіту сәтін орындайды. Бала, бала, балақан,
Қәне қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт,
Былай, былай, ойнап.
Топ – топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса – жаса жарқын күн
Жаса – жаса алтын күн.
Жазуымызды жалғастырайық.
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
Тақтадағы сөзжұмбақты шешейік.
-Жел толтырылған, резеңке, ойыншық (доп)
-Күй ойнайтын аспап. (домбыра)
-Оқу құралының бірі, жазу жазамыз. (дәптер)
– Жазық жер, алаңқай.
-Осы шешілген сөздер қай дыбыстан басталады?
Ал, енді біз жаңылтпаш жаттайық. Доп деп, Дөп теп. (2-3 рет қайталайды)
– Ал, балалар Алдаркөсеге айтыңдаршы қандай әріппен таныстыңдар?
-Д дыбысы қандай дыбыс?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
|
Үйге тапсырма
|
Жазу дәптерімен жұмыс
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |