Сабақтың тақырыбы: «Дала жұлдызы»



Дата26.08.2017
өлшемі172,51 Kb.
#28704
түріСабақ

Жанпейісова Гулжан Жаксылыккызы



Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

бастауыш кластар бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі,

бастауыш класс мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Дала жұлдызы» С.Мәуленов

Сабақтың түрі: Ғасыр шежіресі дамытпалы- саяхат сабақ.

сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.



Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ-жауап, ізденушілік, салыстыру, әңгімелеу, топпен жұмысты талдау,жинақтау, ауызша, жазбаша.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин, С.Мәуленов среттері, кітаптар жинақтары, ауызша журнал, кесте.

Сабақтың мақсаты: Ыбырай өмірі мен еңбектері, алғаш рет қазақ даласында мектеп ашуы туралы айту.

Білімділік: Ы.Алтынсаринің өмірі, ағартушылық қызметі, еңбектері, шәкірті С.Көбеев туралы түсінік.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту. Дамытып оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілетерін дамыту. Есте сақтау, қайта жаңғырту, қабылдау, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларға Ыбырай өмірін үлгі ету, оқу қызметіне, өз оқу әрекетін саналы ұйымдастыруға тәрбиелеу.Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету. Білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырма: «Қырдан келген жас қазақ» мәтінді түсініп, мазмұнын айту.

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Қырдан келегн жас қазақ кім?

  2. Шоқан қайда, қандай оқуға келді?

  3. Шоқанның ұстаздары жайында не айтуға болады?

  4. Шоқан сабақтан тыс уақытта қайда барып жүрді, онда ол неге барып жүрді деп ойлайсың?

  5. Шоқанның өз жұртын жақсы көргенін неден білуге болады?

  6. Шоқанның талабы қандай еді?


ІІІ.Жаңа сабақ.

Үнтаспадан Ыбырайдың өлеңін тыңдату.

-Бұл кімнің өлеңі?

-Ыбырайдікі.

-Мынау кімнің суреті?

-Ыбырайдың.

-Біз 1 сыныптан бастап Ыбырайдың қандай әңгімелері мен өлеңдерін өттік?

-Ыбырай қай жылы туды?

-1841жылы

-Жақсы, Ыбырай атамыз өткен ХІХ ғасырда өмір сүрген екен. Біз бүгін Ыбырай туралы ХІХ ғасырға шолу жасаймыз.

-Ыбырай 1841 жылы қазан айында Торғай даласында туған. Ыбырайдың әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі. 1864 жылы 8 қаңтарда алғаш мектеп ашып, онда өзі мұғалім болды. Орыс графикасы негізінде қазақ шәкірттеріне арнапалғаш оқулықтар жазды. Тұңғыш «қазақ хрестоматиясының» авторы Ы.Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, ертегілер оқырмандар жүрегіне жол тауып жатыр.

-Біз бүгін Ыбырай туралы Сырбай Мәуленовтің «Дала жұлдызы» әңгімесімен танысамыз.

-С.Мәуленов 1922жылы торғай облысында дүниеге келген ақын, жазушы, Ыбырац еңбектерін жарыққа шығарушы.

1) Жаңа білімді меңгерту:

а) оқушыларға тақырыпты тізбектей оқыту.

Міндеті: мәтінді дұрыс, әрі мәнерлеп оқыту. Мәтінді бөлімдерге бөлуге дайындау.

Нұсқау. Мәтінді қандай бөлімдерге бөлуге болады деп ойлайсыңдар? Мәтінде неше рет ой жаңарып тұр?

2)Шығармашылық қиялын дамыту.

І топ

а) Жоспар құруға дайындалыңдар

ә) Әңгіменің басы не туралы, ортасы не туралы айтылған?

ІІ топ

а)Мәтіннен Ыбырай жолын жалғастырушылар жайында бейнелей айтылған сөздерді тауып оқу.



ІІІ топ

Неліктен әңгіме «Дала жұлдызы» деп аталған?

Жауабы:

І топ: Басы: Ыбырайдың ең алғаш оқу бітіріп келіп, еңбек жолын бастауы. Балаға кездесуі, оқуға тартуы.



Ортасы: Үйінің жұпыны екені. (сурет бойынша) шешесінің аты Әнке екені. Баланы Ыбырай оқуға алып кетті.

ІІ топ: Кейін есжан Ыбырайдың жолын қуды. Белгілі С.Көбеев Ыбырайдан сабақ алды, Ыбырайдың тәрбиесінде болды. Қазақ даласының жарық жұлдызы.

ІІІ топ: Ыбырайдың арманы мектеп ашу, баланы оқуға тарту. Ол өзінің арманына жетті. Қазіргі кезед Ыбырайдың ізімен көптеген мектептер ашылды.

Дәптермен жұмыс:

Ы.Алтынсарин (1841-1889ж)

1864жылы мектеп ашты.

С.Мәуленов -1992 ж Торғай облысы

Поэзия минуты:

-Ыбырай аталарыңның қандай әңгімелері мен өлеңдерін білесіңдер?

3 топ өз бетінше жазып шығу.

-Қай өлеңін жатқа білеміз?



Сөзжұмбақ «Ыбырай»




А

С

Ы

Л

Ш

Ө

П

Е

Ң

Б

Е

К




К

Р

Ы

Л

О

В

Ө

Н

Е

Р










А

С

А

Н

С

Е

Й

І

Т







  1. Ыбырай әңгімесі

  2. ...-түбі береке

  3. Орыс мысалшысы

  4. ... білім бар жұрттар

  5. Бай баласы

  6. «Аурудан аяған күштірек» әңгімесінің кейіпкері

Дамытушылық тапсырма:

тамаша педагог



жазушы

тұңғыш ағартушы

аудармашы

дала жұлдызы

Мұғалімдер Тұңғыш хрестоматия

дайындады авторы

Жаңа білімді бекіту


  1. Әңгіме неліктен «Дала жұлдызы» деп аталған?

  2. Бұл әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады?

ХІХ ғасырда Ыбырай алғаш мектеп ашты.

ХІХ ғасырдағы Ыбырай ізбасарлары А.Байтұрсынов, Ш.Уалиханов, С.Көбеев, Есжан.

-Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігін қай жылы алды?

-1991жылы

-Бұл қай ғасыр?-

-ХХІ ғасыр

-Егеменді ел болғанымсызға неше жыл?

-21 жыл


-Тәуелсіздіктің 21 жылдығын қай ғасырда тойлап отырмыз?

-ХХІ ғасырда

-ХХІ ғасырда Ыбырайдың қазақ даласында ізбасарлары көбейіп, арман мақсаттары орындалып отыр. міне , ХХІ ғасырда Ы.Алтынсарин 173 жасқа толып отыр.

Болашаққа болжам



Оқушылардан сұралады.

Мұғалім болам дейсің, мұғалім қандай болу керек?



Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Ы.Алтынсариннің өмірі туралы жазып келу.

Оқушыларды бағалау.

Қазақ тіл.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі.

Сабақтың мақсаты:1)Оқушылардың зат есім туралы ұғымдарын кеңейту.Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру.Оқушылардың оқу әрекетімен шұғылдану арқылы теориялық ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту. 2)Ұйымшылыққа,достыққа,адамгершілікке тәрбиелеу3)Зат есім септелуі туралы топтастырылған ұғым қалыптастыру,білімдерін толықтыру,тиянақтау,өз беттерінше жұмыс жасауға баулу.

Көрнекілігі:Тірек-сызба,суретті мәтін,қима қағаздар,кодоскоп,ойын түрлері.

Принциптері:Біртұтастық жүйелік,ғылымилық,белсенділік,теориялық ойлауын дамыту.

Әдістер:Қызығушылықты ояту,ойын,сұрақ-жауап,ассоциация қру,көрнекілік,талдау,ажырату,жинақтау,т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.280-жатыығудың орындалуын тексеру.Зат есімді бекіту.Кесте ілу.



Заттар

Өсімдіктер

Жануарлар

Адам

Табиғат құбылыстары

Орындық

Бүлдірген

Аю

Тігінші

Жел

Орындық,аю,бүлдірген,жел,шкаф,қоян,дәрігер,найзағай,жиен,дауыл,ата,қарақат.шие,барыс.

Осы кестені,толтыру,барысында оқушылар адамға қатысты сөздерге <<кім?>>,ал одан басқа сөздердің бәріне<<не?>> сұрағы қойылатынын тағы да еске түсіреді.

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімнің қандай түрлері бар?

3.Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.

-Балалар,бүгін МОРФОЛОГИЯ еліндегі Зат есім аулына барамыз.Ол жерде барлық заттың атауын білдіентін сөздердің басын қосып,олардың қалай айтылып,қай жерде жүретіне басшылық жасап,жол көрсетіп,ақыл айтыпотырған ақылғой дана болыпты.

Оны-ЗАТ ЕСІМНІҢ ДАНАСЫ деп атапты.Ауыл адамдарының барлығы сол данадан ақыл-кеңес сұрапты.Бірде ешқандай баласы жоқ кедей сол данаға барып,перзент сүйгісі келетінін айтады.Сонда қария батасын беріп тұрып,былай дейді:<<үш күнен соң түс көресің,түсіңде жеті мүшеңе жеті құт берем>>,-депті.

Сөйтсе,оның жеті құт дегені жеті перзент екен.Көп күндер,айлар өтіп,кедейдің әйелі жеті ұл табады.Енді оларға қалайша ат қойсам екен джеп,данаға келіп ақыл сұрайды.Сонда қария:<<тұңғышңның атын-Атау деп қой,аты аталы боп,даңқы жер жарсын,одан кейінгісін-Ілік деп қой,інілерін ілестіріп,қиын кезде тастамасыен,сонан кейінгісін барыстай ержүрек болсын деген ниетпен-Барыс деп қой.Содан кейінгісін көп білім,оқу іздеп,іздегені табылып,табысқа жетсін деп-Табыс деп қой.Одан кейінгісін жатып ішер жалқау болмай,еңбек етсін деп-Жатыс қой.Төрт дүниеміз тең болсын,шығысымыз батыс болсын деп-Шығыс,ең кенжесін ағалары қиын кезде тастамай көмектесіп жүрсін,өзін де өзінен кішілерге көмектессін деп-Көмектес қой.>>,-деген екен.Ақылгөй дананың сөзіне риза болған кедей жеті баласына осылай деп ат қойыпты.

-Сендерге ертегі ұнады ма?Ертегідегі балалардың аттарын жазып алып,оларды ұмытпаумыз керек.Себебі,ол атаулар біздің қазақ тілінде зат есімнің септіктері деп аталады.

-Біз бүгін сол кедейдің жеті баласының қалай өмір сүріп жатқандарын,қандай қызмет атқарып жүргендерін білеміз,яғни зат есімнің септіктері туралы тапсырмалар орындау барысында толығырақ танысамыз.

1-тапсырма:Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып,сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

2-тапсырма: Жалғау жалғанған сөздерге сұрақ қойып, сол сұрақтарына қарай сөздеріне топтап жазындар.

Кәрім Асқар ... сыныбында оқиды. Күнде таңертең бөлме... терезесін ашып,желдету керек . Мен бүгін Маржан.. көрдім . Сен есік... жаптынба?

Гүлнар Айгүл... бірге есеп шығарады.Абай кітапхана... кеш шықты.Досы Сәуле... кітап сыйлады.Қойлар жайлау... жайылып жүр.

-Кімнің ? – Асқардың ,-ненің?-бөлменің.

-Кімді? – Маржанды,-нені?- есікті.

-Кіммен?- Айгүлмен,-қайдан?-кітапханадан

-Кімге?- Сәулеге

-Кімде?-әкемде,- қайда?- жайлауда.

Сұрақ: Сөйлемдегі сөздер қалай байланысады?

Жалғау жалғанбаса сөйлемнің мағынасы бола ма?

-Ендеше,бұл зат есімге жалғанған жалғауларды септік жалғаулары дейміз.
Зат есімнің септелуі:

Септіктердің атауы

Сұрақтары

Жалғаулары

Атау септігі

Кім?не?

-

Ілік септігі

Кімнің?ненің?

ның,нің,дың,дің,тың,тің.

Барыс септігі

Кімге?неге?

ға,ге,қа,ке.

Табыс септігі

Кімді?нені?

ны,ні,да,ді,ты,ті.

Жатыс септігі

Кімде?неде?

да,де,та,те.

Шығыс септігі

Кімнеден?неден?

нан,нен,дан,ден,тан,тен.

Көмектес септігі

Кіммен?немен?

Мен,бен,пен

3-тапсырма:<<Көбелектерді өз гүліне қондар >> ойыны.

Тапсырма:Ұшып жүрген көбелектерлдің қанатында септіктердің сұрақтары жазылған.Жерде өсіп тұрған гүлдердің тостағаншасына септік атаулары жазылған.

Септіктердің сұрағына сәйкес көбектерді тауып,өз гүліне қондыру керек.

Мысалы:Кім?Не?-Атау септігіне.

Оқулықпен жұмыс.

4-5-6-тапсырма:282,283,284-жаттығуларды орындап,зат есімнің қай септікте тұрғанын ажырату,талдау жасау.

7-тапсырма:Сергіту сәті.<<Сақ бол,жаңылма!>> ойыны.

Тапсырма:Әр оқушыға қима қағаздарға жазылған септік жалғауылы сөздер беріледі.Оқушылардың міндеті-олардың қандай сөзбен байланысып келетінін тауып,тұс-тұсынан жазып көрсетеді.

Стадионның ... . Стадионда... .

Стадионға ... . Стадионнан... .

Стадионды ... . Стадионмен ... .

Үлгі:Стадионға бардық.

4.Үйге тапсырма.

5.Бағалау.

Тәрбие сағаты: сыныбы: 1 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Құс-көктем жыршысы»

Сабақтың мақсаты: Құстардың маңызын толық білуге, құстарды қарсы алып, қамқорлық жасау.

Халық қазынасы мақал мәтелді, жұмбақ, болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

Көрнекілігі: газет, буклет, викториналық сұрақтар, ұя, жемшашар, суреттер, интерактивті тақта, слайдар

Жоспары: 1.Әдеби музыкалық монтаж

2.Ән, би, көрінівс

3. «Кім жылдам?» ойыны

4. Тыйым сөздер, құс дауысын салу

5.Қорытындылау

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Біздер жыл сайын қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз. Сіздерді «Құс- көктем жыршысы» атты кешімізді тамашалауға шақырамыз. Көктем мерекесі «Құс күнімен» құттықтаймыз!

Адам мен құстардың достығы сонау ерте заманнан – ақ бастау алған.Оған дәлел, халықтың аңыз ертегілер, құстар жайлы айтылатын ән-жырлары. Адамды алғаш рет таңдандырушы құстардың ұшу қасиеті болған. Себебі ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде құтқарушы, жақсылық жасап, дәулет сыйлаушы бақыт құсы кездеседі. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымыз ақылды, айлалы, етіп көрсетіледі.

Құстар адам өміріне сән-салтанат беріп, сазды әуендерімен рахатқа бөлейді.сондықтан атадан-балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді құстарға «Аққу мойын, қасы қарлығаштың қанатындай қиылған» деп теңеген.

Ұл-қыздарымызға да құстардың аты қойылған. Ұлдарға Қаршыға, Қазыбек, Лашын, Бүркіт, қыздарға Сандуғаш, Қарлығаш, Үкілім есімдерін бере отырып, оларды ән-жырларға да қоса білген.

Жер бетінде 8600 –ға жуық құстардың түрлері бар. Біздің Республикамызда 490 құс түрі кездеседі. Қызыл кітапқа 49 түрлі құс қорғау үшін енгізілген.

І.Көктем: Сәлем, достар, аман ба?

Мынау бейбіт заманда

«Құс-көктем жыршысы»

Ән саламын құс үнімен

Сәнденемін нұр гүлімен

Қуантайын бәріңді

Құт –мереке күнімен

ІІ Көктем: Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз қолдаймыз.

Ұя жасап, ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.

«Көктем вальсі» әні орындалады.

Екеуі: Сәлем, елдің көктемі!

Әлем енді көктеді

Құрметпенен бас идік

Құстарыңа көктегі

1.Аққу: Құс төресі Аққумын,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға көзін қимаған.

«Аққу» биі

2. Аққу: Сұлулыққа паш етіп,

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді, көл көркі.

Құс патшасы атым бар.

3.Қарлығаш: Қарлығашпын,

Мен адамның тұрағын

Мекен етіптұрамын

Тазалаймын үй ішін

Шыбын деген кеселден

Ел аузында мақтаулы

Санитармын төселген

Ән «Қарлығашым»

4. Қараторғай:

Мен қараторғаймын,

Шегірткеден жұртыңды

Қырғи болып қорғаймын,

Егістікке, жайылымға

Қорғаушы болып тұрамын.

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын.

5. Тоқылдақ: Мен орман құсы тоқылдақпын. Тұмсығыммен ағаш қабығындағы құрттар, көбелектер, қоңыздарды ұстап жеймін. Халық мені « орман емшісі» деп атайды.

6. Көкек: Бір қонып, бір секектеп,

Жүремін атым көкек деп

Қорықпаңдар жаз өтед деп,

Мен ғолй келген жетектеп.

Тұрады жаз тамылжып,

Қойсам болды «көкек» деп.

«Көкек» әні

7. Бұлбұл: Мен еркін бақытты бұлбұлмын,

Бұлағын тасытқан ән-жырдың,

Тамаша тамылжып шырқаймын,

Шаттығын тауыса алмай әр күннің.

8. Торғай: Мен торғаймын, торғаймын,

Көк аспанды шарлаймын.

Жердегі бар қызықты

Көкте тұрып барлаймын.

Жерге бекер қонбаймын,

Шегірткеден, шіркейден,

Ақ бидайды қорғаймын.

9. Бөдене: Жасырынып бөдене

Жүреді ылғи көдеде.

Бытпылдақтып сөйлейді

Мақтана ма немене?!

10. Шағала: Шарықтайды шағала,

Қалықтайды, ойнайды,

Жалықпайды шағала,

Жағаға бір қонбайды.

11. Құр: Қара құрлар, ақ құрлар,

Момын, моншақ, сақ құрлар,

Орман-тоғай мекені,

Күні сонда өтеді

Ол джа құс қой атпаңдар,

Балапанын сақтаңдар.

12. Бүркіт: Мен ірі,

Қайраттымын,

Сұлу әрі айбаттымын.

Көтерілем тым биік

Көзбен шалам аймақты.

13. Қарға: Менің атым-Қарррға

Бардым ұшып жарррға

Қаррным ашты қаллқам,

Ірріммішігіңнен баррр ма?


ІІ Көктем:

Балалар, біздер жыл сайын көктем айын, қанатты достарымыз – құстар мерекесін тойлаймыз.

І Көктем: Қанатты достарымыздың табиғаттығы орнын, адам өміріне пайдасын әңгімелейміз.

ІІ Көктем: Викторина, жұмбақ шешеміз. ойын ойнап, ән саламыз.

І Көктем: міне, достар, өлкемізге көптен күткен құстар келіп жетті.

ІІ Көктем: Бұл жолда олар көптеген қиындықтар көрді.

І Көктем: Сөйтіп жеткен достарымызға қамқорлық жасайық.

І Көктем: Құстар омыртқасыз жәндіктерді қорек етеді. Құрт –құмырсқа, шыбын-шіркейді көп қорек етеді.

ІІ Көктем: Құстар өсімдіктермен деқоректенді.

І Көктем: өзгелердің арқасында өмір сүретін, күн көретін, еңбек еткісі келмейтін құстар да болады. Мысалы: шағала.

І Көктем: Дегенмен табиғатқа, адамға құстардың пайдалысы көп.

ІІ Көктем: құстың негізгі мекені –ұя. Ендеше, ұя туралы мынадай қызықты білген де артық емес.

І көктем: Жапалақ, қырғи,көкектерде мүлде ұя болмайды.олар жұмыртқасын кез келген ұяға қалдырып кете береді.

ІІ Көктем: Айтсақ-әніміз,

Ардақтасақ-сәніміз

Көңілдің хошы,

табиғаттың досы

Сәлем сендерге, қанаттылар!

І Көктем: Құс анасын атпаймыз

Қыста жемдеп баптаймыз

Бауырмал боп бәріне

Қорғау заңын сақтаймыз


Викторина сұрақтары:

ІІ Көктем: Құстарға арналған көптеген жұмбақтар да бар. Енді жұмбақ шешіп көрейік:



  1. Өзі сақ, өзі ұсақ

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі ала

Бұл қандай құс, балалар? (Сауысқан)


  1. Көлдің көркі, сәні екен

Ұшқанда сазды әні екен

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған,

Бұл қандай құс, балалар? (Аққу)



  1. Көктемде құстар қайтқанда

Ең алдымен келетін.

өзіміз күтіп алатын

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар?

Кане, кім бар таба алар? (Қараторғай)


  1. Ауылда, қалада мекені,

Жолаушы жүрсең шығарып салады,

Алдыңнан шығады

Жаныңды еркелетеді (Қарлығаш)

ІІ Көктем: Балалар, құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

-Құс жүнін үрпитсе, ауа райы өзгереді.

-Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны.

-Қарға қарқылдаса қар жауады.

-Қарлығаш жер бауырлдап ұшса, жаңбыр жауады.

Мұғалім: Балалар, көктем жаршысы, адамзат досы- жыл құсын жақсылап қарсы алайық. Оларға қамқоршы болайық. Әрқашанда аспанымыз ашық болсын, егеменді елімізде бейбітшілік болсын!

Ақ көгершін-өздерің білесіңдер, тыныштықтың, бейбітшіліктің белгісі. «Ақ көгершін» әнін елімізге шашу етіп сыйлайық.



«Ақ көгершін» әні орындалады.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет