- Дауыссыз дыбыстар және
- олардың түрлері.
- Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі
- а)Білімділік: Фонетика саласы бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру, дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндіру.
- ә)Дамытушылық: Сабақ мазмұны, дидактикалық материалдар арқылы оқушылардың ақыл ойын дамыту, фонетикалық талдаулар жүргізе отырып, тақырыптық, ізденімпаздық қасиеттерін, танымдылығын арттыру.
- б)Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
-
- Е дыбысынан басталатын
- бірнеше жер-су атын тауып
- жазыңдар.
- Өткен тақырып бойынша білім тексеру.
- Фонетика саласы нені зерттейді?
- Әріп дегеніміз не?
- Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
- Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары нешеу?
- Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қалай атаймыз?
- Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қалай атаймыз?
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?
- Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар қандай боп бөлінеді?
- Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыс қалай аталады?
- Еріндік дауыстыларды ата.
- Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-
- өкпеден шыққан ауаның
- кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды айтамыз.
- Қатаң
- ( қ,к,п,с,т,х,
- ф,ц,ч,ш,щ)
- Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
- п-б: ...айдасыз, ...аласыз, ...алың,...са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ
- т-д: ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс,...алап,...әрі,...аналық.
- к-г: ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл,...еремет, тө..., тер...еу.
- қ-ғ: қа...аз,қа...ты, ба...ғдарлама, ба...ыр,...асыр,...арыш,...асық,
- қа...;
- с-з: а...амат,ба...тыр,сү...бе,сү...істі,...ағыз,қа...;
- ш-ж: ша...пау,қа..ымас,қа...қын,...апырақ,...иен,...аттық,...алтылда.
- Фонетикалық екі ұғым
- Бірімен-бірі сыбайлас:
- Бірі-айтылады да, естіледі,
- Екіншісі-жазылады да көрінеді.
- 2. Өз құрамында үш буын, жеті
- әріп бар,
- Жалпы қарауындағы әріптері
- Құрамындағыдан алты есе көп.
- 3. Бір ағашта отыз жеті алма,
- Оны алып жемек болсаң,
- Оншақысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді.
- Қалғандары қақтығып барып өтеді.
- 4. Тауда жоқ, сайда бар,
- Атта жоқ, тайда бар,
- Биеде жоқ, түйеде бар,
- Қозыда жоқ, қойда бар,
- Жиында жоқ, тойда бар,
- Осындай тағы қайда бар?
- Мына өлең шумақтарындағы һ,ч дыбыстары бар сөздер қандай сөздер? Мағыналық жағынан талдау жасаңдар.
- Кітапқұмар Қаһарман,
- Таппаған соң шаһардан,
- Аттай қалап “Қаһарды”
- Сұрап алдық Гауһардан.
- Чех баласы-нар-талап
- Чемоданын арқалап,
- Үймеге келіп ақырын,
- Чемпион болды батырың.
- “Кім сөз жасай алады?” тапсырмасы
- Төмендегі дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасаңдар.
- 1.) р,о,б; 2) а,ш,а,ғ; 3) т,р,е,м; 4) а,б,л,ы,қ;
- 5) қ,ы,а,з,қ; 6) а,қ,я,т,и; 7) л,х,ы,қ,а; 8)р,п,д,ә,т,е; 9) б,а,с,қ,а;
- “Топтастыру” стратегиясы
- Мына жер-су атауларынан сөздер құрастыр
- Жезқазған-
- Көкшетау-
- Түркістан-
-
- Мәтінді оқып,туынды сөздерді теріп жаз.
- Жағалауда тұрып, шалқар айдынға көз жіберген кезде, теңіз дегенің судан басқа ештеңесі жоқ тұлдыр, тіршіліксіз дүниедей болып көрінеді. Бірақ, шын мәнінде, оның тұңғиығы қайнаған тіршілікке толы.
- Орман-тоғайда мекендейтін жан-жануарларды хайуанаттар бағынан кездестіруге болады. Ал теңіз “тұрғындарын” қайдан көреміз? Бұларға арналған хайуанаттар бағы да бар. Олар тек басқашалау-мұхитбақ деп аталады.
- Міне, су патшалығының небір асылдары мен құпия-жұмбақтарына қаныққыларың келсе, мұхитбақты тамашалаңдар.
- -Қосымшалы сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
- -Қатаңнан басталып, қатаңға аяқталған 3 дыбыстан тұратын бірнеше сөзді тауып атаңдар.
- Сабақ аяқталды.
- Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |