Сабақтың тақырыбы: Демократия



Дата07.05.2017
өлшемі54,77 Kb.
#15962
Сабақтың тақырыбы: Демократия дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты: 

1. Қазақстан – тәуелсіз демократиялық мемлекет деген түсініктерін қалыптастыру. Мемлекеттің орны мен құрылымы, шекарасы және басқа елдермен достастығы туралы білімдерін кеңейту

2. Оқушылардың өз бетінше ізденіс жұмыстарын, жұмыс дағдыларын дамыту, демократиялық билік туралы дүниетанымын қалыптастыру.
3.Оқушыларға демократия халық билігі туралы мағлұмат бере отырып, қоғамның өткен қоғаммен өзгешеліктерін білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, шарлар, слайд, бейнеролик. 
Әдісі: түсіндірме, сұрақ- жауап.
Түрі: аралас сабақ 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезең: 
а) сәлемдесу 
б) сабаққа дайындығын тексеру 
в) оқушылар назарын сабаққа аудару 
Орындарынан тұрып әнұран орындалады.

Кіріспе сөз:

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» 


Н.Назарбаев. 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз 
бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың 
тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс  жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. 
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру.

Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу



Осы орайда бүгінгі тақырбымызды бейнероликке арқылы бастасам деп отырмын.

Мыңдаған жылдар бойы адамдар бірлесіп өмір сүрудің неғұрлым жетілдірілген, әлеуметтік әділетті жолдарын іздестіріп келеді. Сол ізденістің қорытындысы ретінде адамзат қауымы адамдардың бірлескен қызметін басқарудың бүгінгі таңда ең ұтымды деп есептелініп отырған әдісі – демократияны ойлап шығарды. 
Ежелгі грек философы Демокрит (б.з.д. 460-370 жж.). «Құлдықтан бостандықтың артықшылығы қандай болса, монархиядағы бақытты өмірден гөрі демократиялық мемлекеттегі кедейліктің артықтығы соншама», - деп есептеген екен. 

Демократия дегеніміз – халықтың еркі немесе билігі. Бұдан: «халық өзінің еркін қалай көрсетеді және билігін қалай жүзеге асырады?» - деген сұрақтар туады. Бұл сұрақтардың алғашқысына: «Халық өзінің еркін өзі шығарған заңдар арқылы білдіреді», - деп, екіншісіне: «Халық биліктің өзі сайлаған депутаттары арқылы жүзеге асырады», - деп жауап беруге болады. 
Заңдарды халық сайлаған қалаулылар жасайды. Заңдардың ішіндегі ең негізгісі – Конституция. 

Сергіту сәті ретінде мақал айтылады, ішінен бір сөз, яғни құқықтық, заң терминдері жасырылады.

1.Бір қазанға екі......жоқ.(жаза-наказание-)

2.Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі......табар.(куә-свидетель-)

3.Мен...қылған күні ай жарық болды.(ұрлық-кража-)

4.Би екеу болса.....төртеу.(дау-спор-)

5.Әр елдің.....басқа, иттері қара қасқа.(заңы-закон-)

6.Елшіге.....жоқ.(өлім-смерть-)

7.Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар,

Жаманға сырыңды айтсаң, тар жерде.....болар.(Айғақ-доказательство-)

8.Ата-ананың қадірін,балалы болғанда білесің,

Анық достың қадірін......болғанда білесің.(жала-клевета-)

9.У ішкен бір өледі,........ішкен мың өледі.(ант-клятва-)



Демократия – халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы.  Демократиялы қоғамда азаматтарға шынайы құқықтар мен еркіндіктер, мемлекеттік мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктері беріледі. 
Дүние жүзінде демократияның 500 - ден аса түрі бар. «Демократия» - грек тілінен аударғанда «халық билігі» деген мағына береді. Бұл ұғымға алғаш рет анықтама берген - А. Линкольн. Әлемдегі ең бірінші демократия көне Африкада пайда болған. Мұнда мемлекеттік мәселелер жиналыс арқылы реттеліп қарастырылған. Демократия негізі 2 категорияға бөлінеді; тікелей және өкіметті.

«Жалғасын тап»
1. Ұрлық түбі -...
2. Біреуге ор қазба -...
3. Заңның құрығы...
4. Өтіріктің құйрығы...
5. Тура биде...
6. Туғанды биде...
7. Қолыңмен істегенді -...

Қазақстан Республикасын кім басқарады? Президент

Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? парламент

Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы? ата - ана
Балалардың не алуға конституциялық құқығы бар? білім
ҚР - да бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? 1989 ж 20 қараша
Конституция сөзінің аудармасы? құрылым
Конституция қашан қабылданды? 1995ж 30 тамыз

Хор: Көк тудың желбірегені.


Қорыту:

Балалар біздің бүгінгі сабақтан алған әсеріміз қандай?

Бүгін біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ак қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,



Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

Біз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақ­тылығын қамтамасыз ету арқылы адам­дарды үрейден арылттық. Біз баспасөз еркіндігін қалыптастыру арқылы сөз бостандығын баянды еттік. Біз ашық та еркін қоғам құрдық. Осының бәрі қазақстандық демо­кратия­ның басты жетістігі деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет