Облыс:Жамбыл
Аудан: Байзақ
Ауыл:Сарыкемер
Мектеп: Ю.Гагарин орта мектебі
ФИО: Аликулова Бейсенкул Абдешқызы
Пән: Физика пәнінің мұғалімі.
Физика және астрономия 7 -сынып
Сабақтың тақырыбы: Денелердің өзара әрекеттесуі.
Дененің массасы
Сабақтың мақсаты:
білімділік - Денелердің өзара әрекеттесуі мен дененің массасы
ұғымдарына анықтама беру, денелердің өзара
әрекеттесуі кезінде алатын жылдамдықтары
әрекеттесетін денелердің массасына байланысының
формуласын көрсету, дене массасының өлшем бірлігі
мен өлшеу құралына түсінік беру.
дамытушылық- интерактивті тақтаны пайдалана отырып,оқушылардың
пәнге қызығушылықтарын арттыру ғылыми
көзқарастарын тереңдету, ойлау қабілеттері мен
білімдерін кеңейту, денелердің өзара әрекеттесуі
мен массасына жан-жақты түсінік қалыптастыру.
тәрбиелік- табиғаттағы болып жатқан құбылыстардың өмірмен
үздіксіз байланысын көрсету, оқушыларды тазалыққа,
адамгершілікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, тест сұрақтары,
тесттер, тақырыпқа арналған плакат, таразы,
массасы өлшенетін әр түрлі денелер, гірлер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ақпараттық технологияны қолданып түсіндіру,
Сұрақ-жауап, ой қозғау, дамытушылық
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Өтілген тарауды еске түсіру (ауызша, сұрақ-жауап)
3. Деңгейлік тапсырмалар ( есептер шығару)
4. Жаңа сабақты түсіну (ой қозғау)
5. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау (тест сұрақтары)
6. Оқушыларды бағалау
7. Үй тапсырмасын беру
Мемлекеттік стандарт талаптары:
денелердің өзара әрекеттесуі мен дененің массасы
ұғымдарының физикалық мән-мағынасын түсіну; дененің массасы мен жылдамдық арасындағы байланысты білу;
дененің массасын таразыға тартып өлшей білу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қандай тамаша! Ендеше сабақты бастайық. Бүгін білім күшін, ойлау күшін көрсетіп, білік массасын таразылайсыңдар. Сондықтан барлығыңа сәттілік тілеймін!
ІІ. Өтілген тарауды ауызша еске түсіру
Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
Орын ауыстыру және жол деп нені айтады?
υ =
= υ· t
t = формулаларын аяқтаңдар
м/с қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі?
Жақындап келе жатқан көліктің алдынан неге жүгіріп өтуге болмайды?
Құстар судан шыққанда сілкінеді, олардың су тамшыларынан «босауы»физиканың қай заңына негізделген.
км/сағ-ты м/с-қа қалай айналдырамыз?
ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақтада оқушылар орындайды
Деңгеймен берілген үш тапсырма карточкаларға жазылып оқушылардың алдына таратылады (3 оқушыны тақтаға шығарып есептің шығарылу жолын көрсету, қалғандары орындарында отырып орындайды):
108 км/сағ-ты м/с-қа айналдыр
Ағысының жылдамдығы 0,5 м/с өзенмен жүзіп келе жатқан сал 20 км қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді?
Ұзындығы 240 м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 минутта өтті. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай болған?
ІV. Жаңа сабақты өздігінен оқып, түсіну
Интерактивті тақтадан электронды оқулықты пайдаланып, жаңа тақырыпты ашатын эксперименттік тапсырманы көрсету.
1. Суреттен нені бақыладық?
Оқушылардың жауаптарынан бүгінгі тақырыпты тақтада шығарамыз.
2. Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз не?
3. Денелердің өзара әрекеттесу нәтижесінде не байқалады?, қандай жаңа физикалық шамамен танысамыз, масса мен жылдамдық арасындағы тәуелділікті анықта?
Сынып оқушыларын 3 қатарға бөліп, денелердің әрекеттесуі, дененің массасы, жылдамдық мпен дене массасының арасындағы байланысты үш қатарға бөліп беріп өздері түсініп оқуларына уақыт беріледі.
қатар денелердің әрекеттесуін мысал келтіре отырып түсіндіріп өтеді.
қатар дене массасын алдындағы массалары әр түрлі денелердің массасын таразыға тартып анықтап көрсете отырып, түсіндіреді (граммды килограмға айналдыруды көрсетеді). Тақтаға массаның белгіленуі мен өлшем бірлігі жазылып көрсетіледі.
қатар жылдамдық пен дене массасы арасындағы байланысты мысал келтіре түсіндіреді. Қортындылай келе m1 /m2= υ2 /υ1 формуласын жазып көрсетеді. Екінші қатардың анықтаған массасы және бір дененің белгілі жылдамдығы бойынша есеп құрастырып, тақтаға шығарады.
V. Жаңа сабақты бекіту
Сонымен бүгінгі жаңа тақырып бойынша оқушылар қаншалықты түсінгендерін анықтау үшін мына тест тапсырмаларды интерактивті тақта көмегімен орындаймыз:
Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
А) денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу болып табылады;
В) денелердің салмақсыздық жағдайда болуы;
С) денелердің жердің бетінен көтерілуі;
Д) денелердің өз–өзімен әрекеттесуі.
Дене массасының өлшем бірлігі
А) м/с
В) м
С) кг
Д) с
Төмендегі масса мәнін килограммен өрнекте:
шыбынның қанаты 0,00005г
А) 5·10-2кг
В) 5·10-8кг
С) 5·10-6кг
Д) 5·10-4кг
Автомобиль массасы 1,45т.
А) 145 кг
В) 14500 кг
С) 0,145 кг
Д) 1450 кг
Оқушы орындықта отыр. Осы кездегі өзара әрекеттестетін денелерді атаңдар.
А) орындық
В) адам
С) адам-орындық, орындық-еден
Д) орындық, аудан
6. Массасы 30 кг қозғалмай тұрған салдан жағаға қарай массасы 45кг бала секіріп түсті. Бұл кезде сал 1,5 м/с жылдамдыққа ие болды. Баланың жылдамдығы қандай?
А) 0,1 м/с
В) 0,2 м/с
С) 10 м/с
Д) 1 м/с
7. Екі бірдей арбалардың біреуіне темірден, ал екіншісіне ағаштан жасалған білеуше жатыр. Екі арбаның ортасындағы серіппе жібін күйдіріп үзсе, қай арба үлкен жылдамдыққа ие болады?
А) ағаш білеуше салынған арба
В) темір білеуше салынған арба
С) екеуі де бірдей
Д) ешқайсысы
VI. Сабақты қорытындылау
Осы сабақтан мен білдім, нені үйрендім, нені білгім келеді деген сұраққа жауап алу.
m m1 /m2= υ2 /υ1
масса
кг таразы
VII. Оқушыларды бағалау:
VIІІ. Үй тапсырмасын беру
М Күн=1,99·1030кг; mэлекторон = 9,1093897·10-30кг
Мұндай денелердің массалары қалай анықталған? Бұл сұраққа жауапты қосымша әдебиеттерден қарастырып , келеміз
§30, 31 оқу және 10, 11 жат
Достарыңызбен бөлісу: |