Топтық жұмыс
|
Photo-Brush графикалық редакторы құралдарының (оқулықтағы 2-сурет) жұмысын талдаңдар. Әрбір құралдың нақты не істейтінін жазыңдар. Photo-Brush пен Paint.NET-тің сурет салу құралдарын салыстырыңдар. Ұқсастық пен айырмашылықтарын атаңдар.
|
Дескриптор:
|
Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.
|
|
2) Орманды Жер шарының «өкпесі» деп атайды. Ол Жерді оттегімен қамтамасыз етеді. Photo-Brush редакторын пайдаланып, ағаштың суретін кезең-кезеңімен салыңдар.
|
Дескриптор:
|
Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.
|
|
Тапсырма
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген жануарлар көп. Солардың бірін есіңе түсіре отырып, Рhoto-Brush-та суретін салып ұсыныңдар. Суретке атау беріп, *.jpg форматында сақта.
Рhoto-Brush-тың құралдарымен суретті салу қаншалықты қолайлы? Бағалаңдар.
Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.
Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.
|
Дескриптор:
|
Қалыптастырушы бағалау: «Отшашу» әдісі арқылы жүргізіледі.
|
|