-лық, -паз, -ші
Ай, кезек, өнер
Енді осы сөздерге жалғау жалғап айтайық. Сөздердің мағынасы өзгереді ме? Жалғаудың қызметі қандай еді? Еске түсірейік (мысалы, Айға, кезекке, өнерді).
Сонымен, сөздерге жұрнақ жалғанса, сөздер қалай өзгереді?
4.Жаңа сабақты түсіндіру
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз туынды сөз деп аталады. Яғни жұрнақ арқылы жасалған айлық, кезекші, өнерпаз сөздерін туынды сөз деп атаймыз. Туынды сөздерге мысалдар келтірейік.
Оқушылар бірнеше мысал келтіріп, оларды сөз құрамына талдайды. Бұл жұмысты тақтада орындауға болады.
Оқулықта берілген жаттығулар орындалады.
1-жаттығу. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын табу, белгілеу.
2-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа жазу. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.
3-жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқу. Туынды сөздерді теріп жазу, түбірі мен қосымшасын тауып, белгілерін қою.
4-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Жұмбақ шешуі болған сөздерді сөз құрамына талдау.
5. Дидактикалық материалдармен жұмыс 26-бет, Сөз құрамы. №2
1-тапсырма. Сөздерді оқы. Түбір сөз бен туынды сөздерді бөлек жаз.
2-тапсырма. Жұмбақты көшіріп жаз. Жуан буынды сөздің астын бір, жіңішке буынды сөздің астын екі сызықпен сыз.
6. Сабақты қорытындылау
Тақтаға бірнеше түбір сөзді жазып, сол сөздерден туынды сөздер жасауға тапсырма беріледі.
7. Үйге тапсырма . 5-жаттығу. Ребусты шешу, сол сөздің түбірі мен қосымшасын ажырату. Осы сөзбен сөйлем құрастырып жазу.
Қазақ тілі 3 «А» сынып 69-сабақ
Күні: 19.01.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Түбір және туынды сөз
Сабақтың мақсаты: негізгі түбір мен туынды сөздерді салыстыра отырып, жұрнақтың қызметін түсіндіру; туынды сөздердің түбірін табуды үйрету; сөздік қорын дамыту.
Сабақта қолданылатын әдістер: Венн диаграмасы, «Топтастыру» стратегиясы.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
5-жаттығу. Мәтінді оқу. Туынды сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау.
3.Жаңа сабаққа дайындық
Қызығушылықты ояту
Венн диаграмасы арқылы бұрынғы алған білімін еске түсіре отырып, түбір сөз бен туынды сөзді салыстырады.
Әр топқа бір түбір сөз беріледі.Олар ол сөзден бірнеше түбірлес сөз жасауы керек (бас,еңбек,бала,су,оқу,т.б).
Ең көп туынды сөз жазған топ жеңіске жетеді.
4.Жаңа сабақты түсіндіру
Мағынаны тану кезеңі
Түбір+жұрнақ+жалғау. Осы сызба бойынша екі топтағы оқушылар мысал құрастырады.
Осы тақырыпқа берілген ең соңғы сабақтағы жаттығу жұмыстары орындалады.
1-жаттығу сөздердің түбірі мен жұрнағын ажыратуға арналған. Бұл жаттығу арқылы оқушылар жұрнақтың жаңа сөз жасайтынын түсінеді.
2-жаттығуда сурет бойынша мәтін құрастыру білігін жетілдіру көзделеді. Мәтін құрастыру кезінде туынды сөздерді көбірек қолдану тапсырылады.
3-жаттығу туынды сөздер туралы алған білімін тиянақтай түседі. Өлеңді мәнерлеп оқу. Туынды сөздерді теріп жазу.
4-жаттығуды орындау үшін түбір, жұрнақ , жалғаудан тұратан зат есімдерді теріп жазады. Бұл жаттығу арқылы түбірге алдымен жұрнақ , содан кейін жалғау жалғанатыны бекітіледі.
5-жаттығу күрделірек тапсырмалардың қатарына жатады. Түбір, жұрнақ, жалғаудың белгілері бойынша берілген сызбаларға сәйкес сөздер тауып жазады. Сынып оқушыларының деңгейіне қарай бір сызбаға бірнеше сөз жазуға болады.
Ой толғаныс
Мынадай кестелерді толтыруды ұсынуға болады:
Түбір сөз
|
Туынды сөз
|
Туынды сөз
|
Түбір сөз
|
Таза
Бұғы
өнер
|
...
...
...
|
Үлкендеу
өнім
шегеле
|
...
...
...
|
5. Дидактикалық материалдармен жұмыс 26-бет, Сөз құрамы. №2
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, өлеңді көшіріп жаз. Қосымшаны қалай таңдағаныңды түсіндір.
6. Сабақты қорытындылау
Тақтаға бірнеше түбір сөзді жазып, сол сөздерден туынды сөздер жасауға тапсырма беріледі.
7. Үйге тапсырма . Қайталау
Қазақ тілі 3 «А» сынып 70-сабақ
Күні: 20.01.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Түбір және туынды сөз
Сабақтың мақсаты: негізгі түбір мен туынды сөздерді салыстыра отырып, жұрнақтың қызметін түсіндіру; туынды сөздердің түбірін табуды үйрету; сөздік қорын дамыту.
Сабақта қолданылатын әдістер: Венн диаграмасы, «Топтастыру» стратегиясы.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау.
Түбір дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не? Жұрнақ дегеніміз не? Жалғау дегеніміз не?
3.Жаңа сабаққа дайындық
Қызығушылықты ояту
Венн диаграмасы арқылы бұрынғы алған білімін еске түсіре отырып, түбір сөз бен туынды сөзді салыстырады.
Әр топқа бір түбір сөз беріледі.Олар ол сөзден бірнеше түбірлес сөз жасауы керек (бас,еңбек,бала,су,оқу,т.б).
Ең көп туынды сөз жазған топ жеңіске жетеді.
4.Жаңа сабақты түсіндіру
Мағынаны тану кезеңі
Түбір+жұрнақ+жалғау. Осы сызба бойынша екі топтағы оқушылар мысал құрастырады.
Осы тақырыпқа берілген ең соңғы сабақтағы жаттығу жұмыстары орындалады.
1-жаттығу. Сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туындысөзжасау (-ім, -м, -пе, -шік).
Көкте..., көл..., өн..., кес... .
Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру.
2-жаттығу. Мәтінді оқып, туынды сөздерді теріп жазу.
3-жаттығу. Түбір, жұрнақ, жалғаудың белгілері бойынша берілген сызбаларға сәйкес сөздер тауып жазады. Сынып оқушыларының деңгейіне қарай бір сызбаға бірнеше сөз жазуға болады. Бұл жаттығу арқылы түбірге алдымен жұрнақ , содан кейін жалғау жалғанатыны бекітіледі.
4-жаттығу. Мәтінді оқып, туынды сөздерді теріп жазу, белгісін қою
6-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу. Туынды сөздерді тауып, белгісін қою.
Талапты бала талпынған құстай, Ердің сыншысы - елі .
Құмары қанбас аспанға ұшпай.
Ой толғаныс
Мынадай кестелерді толтыруды ұсынуға болады:
Түбір сөз
|
Туынды сөз
|
Туынды сөз
|
Түбір сөз
|
Таза
Бұғы
өнер
|
...
...
...
|
Үлкендеу
өнім
шегеле
|
...
...
...
|
5. Шығармашылық диктант.
Берілген жұрнақтарды қосып, жаңа сөздер жазу.
-паз, -хана, -қой, -кер, -шық, -лық, -шақ.
6. Сабақты қорытындылау
Тақтаға бірнеше түбір сөзді жазып, сол сөздерден туынды сөздер жасауға тапсырма беріледі.
7. Үйге тапсырма . 5-жаттығу. Берілген сөздерді жұрнақтар арқылы туынды сөздергe айналдырып жазу.
Тау..., ақыл..., өнер..., көйлек..., біл..., ек... .
Қазақ тілі 3 «А» сынып 72- сабақ
Күні: 22.01.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Мақсаты:
Білімділік: Түбір сөзге қосымша жалғанғанда көбінесе сөздің түбірі өзгермейтінін түсіндіру. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша да жуан болатынын; соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша да жіңішке болатынын түсіндіру, қосымшалардың жазылу емлесін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Аралас сабақ
Сабақтын әдісі: Сұрақ жауап
Көрнекілігі: Таблицалар, таратпалар.
Сабақтын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өтілген материалды қайталау.
Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алдыңғы сабақта меңгерген білімі пысықталады.
Сұрақтар:
Туынды сөздер қалай жасалады?
Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар нешеге бөлінеді?
Олар қалай аталады?
5-жаттығу. Берілген сөздерді жұрнақтар арқылы туынды сөздергe айналдырып жазу.
Тау..., ақыл..., өнер..., көйлек..., біл..., ек... .
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Түбір сөзге қосымша жалғанғанда көбінесе сөздің түбірі өзгермейтінін түсіндіру. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша да жуан болатынын; соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша да жіңішке болатынын түсіндіру.
Мысалы: домбыра + лар, тақта + да, көше + де, терезе + ден.
Оқулықтағы жаттығулар орындалады.
1-жаттығу орындалады. Жуан буынды сөздерді бір бөлек, жіңішке буынды сөздерді бір бөлек көшіріп жазу. Сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.
2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің қосымшасы қандай буынды екенін айтқызу.
3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен жуан, жіңішке буынды сөздерді топтап теріп жазу.
4-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазу.
Жалғаудың сөз бен сөзді байланыстырып және жалғанған сөзге үстеме мағына беріп тұратыны оқушылардың естеріне түсіріледі, пысықталады.
Сұрақ:
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
Осындай жұмыстар арқылы оқушылар қосымшалардың жазылу емлесін саналы меңгереді, яғни түбірге қосымшаларды дұрыс жалғап оқу, қатесіз жазуға бейімделеді.
ІV.Үйге тапсырма беру.
5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Жуан буынды сөздерді теріп жазып, түбірі мен қосымшасын белгілеу.
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы (2-с)
Мақсаты:
Білімділік: Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстарының өзгеретінін түсіндіру, қосымшалардың жазылу емлесін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Аралас сабақ
Сабақтын әдісі: Сұрақ жауап
Көрнекілігі: Таблицалар, таратпалар.
Сабақтын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өтілген материалды қайталау.
Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алдыңғы сабақта меңгерген білімі пысықталады.
Сұрақтар:
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
Оларға мысалдар келтір.
5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Жуан буынды сөздерді теріп жазып, түбірі мен қосымшасын белгілеу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Терме диктант жаздыру. Оқушылар берілген сөздердің ішінен к, қ, п дыбыстарына аяқталған сөздерді теріп жазады.
Қарақат, жүрек, салмақ, жүзім, саты, пырақ, атырап, тазалық, серік, тілек, кітап.
Жүрек, пырақ, атырап, тазалық, серік, тілек, кітап сөздеріне қосымша жалғау тапсырылады. Мысалы: жүрек-жүрегі, атырап –атырабы, пырақ, пырағы, т.б.
Оқушылар мысал келтіре отырып, өзгерісті байқап, оның себебін анықтайды. Оқушыларға сұрақ қоя отырып, қосымшаның жазылу емлесін түсіндіреді.
1-жаттығу орындалады. Екі қатардағы сөздер салыстырылады. Мәселен, жарық-жарығы, т.б.
Қосымшалардың жазылу емлесін меңгерту мақсатында оқулықтағы 2-3-4-жаттығуларды берілген тапсырмаларға сәйкес орындау.
2-жаттығу. Мәтінді оқу. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, өзгерген дыбыстарды табу.
3-жаттығу. Өлеңді оқу. Қосымша жалғанғанда түбірінде өзгеріс болған сөздерді теріп жазу. (төгіліп-төк, серігіне-серік, ойнағымыз-ойын)
4-жаттығу. Сөздерге үлгі бойынша қосымша қосып жаз.
IV. Өздік жұмыс
Аталған жаттығуларда қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары қ, ғ, п дыбыстарына аяқталатын сөздерге тиісті жалғауларды жалғап, сөйлемдерді оқиды.
Жанардың мектеп А.Құнанбайұлы даңғылында орналасқан.
Менің қолымдағы Ескендірдің кітап.
Анам кішкентай сіңілімнің жаялық жуды.
Жалғаудың сөз бен сөзді байланыстырып және жалғанған сөзге азын-аулақ үстеме мағына беріп тұратыны оқуылардың естеріне түсіріледі, пысықталады.
Сұрақ:
Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы дыбыстар қандай өзгеріске ұшырайды?
V.Үйге тапсырма беру
5-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу. Түбіріндегі дыбысы өзгерген сөздердің астын сыз.
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы(3-с)
Мақсаты:
Білімділік: Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстарының өзгеретінін түсіндіру, қосымшалардың жазылу емлесін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Аралас сабақ
Сабақтын әдісі: Сұрақ жауап
Көрнекілігі: Таблицалар, таратпалар.
Сабақтын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өтілген материалды қайталау.
Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алдыңғы сабақта меңгерген білімі пысықталады.
Сұрақтар: Туынды сөздер қалай жасалады? Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар нешеге бөлінеді? Олар қалай аталады? Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы дыбыстар қандай өзгеріске ұшырайды?
5-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу. Түбіріндегі дыбысы өзгерген сөздердің астын сыз.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. «Қызықты грамматикадан» 20-бет. 4-тапсырма. Сөздердің түбірімен қосымшаларын тепловоз және вагондарға жіктеп бейнелеу. Вагондарға ат қою. Вагон қосылған сайын сөздерге сұрақ қою.
Мысалы: Бала + лар + ы + на (кім? кімдер? кімдерге?)
Білім + ді + лер + дің (не? қандай? кімдер? кімдердің?)
Қосымшалардың жазылу емлесін меңгерту мақсатында оқулықтағы жаттығуларды берілген тапсырмаларға сәйкес орындау.
1-жаттығу Мәтінді оқу. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, дыбыстардың өзгеру себебін дәлелдеу.
2-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Құрастырған сөйлемдегі қосымша жалғанғанда өзгерген дыбыстары бар сөздерді табу.
4-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Қосымша жалғанғанда дыбыстық өзгеріске ұшыраған түбір сөзді тауып жазу.
Қалпымда, құшағымды.
5-жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Өзгерген дыбыстары бар түбір сөздерді бір бөлек, туынды сөздерді бір бөлек теріп жазу.
Жүрегін, тәртібі, әйнегін, етегінде. (түбір сөздер)
Батылдығына, биіктігі. (туынды сөздер)
Сұрақ:
Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы дыбыстар қандай өзгеріске ұшырайды?
ІV.Үйге тапсырма беру
3-жаттығу. Сөздерге -ы, -і жалғауларының тиістісін қосып жазу. Сөздің түбірінде қандай өзгеріс болды? Өзің қалаған төрт сөзбен сөйлем құрастыр.
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы (4-с)
Мақсаты:
Білімділік: Cоңғы буынында ы, і дыбысы бар кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіп қалатынын түсіндіру, қосымшалардың жазылу емлесін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Аралас сабақ
Сабақтын әдісі: Сұрақ жауап
Көрнекілігі: Таблицалар, таратпалар.
Сабақтын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өтілген материалды қайталау.
Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алдыңғы сабақта меңгерген білімі пысықталады.
Сұрақтар: Туынды сөздер қалай жасалады?
Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар нешеге бөлінеді?
Олар қалай аталады?
3-жаттығу. Сөздерге -ы, -і жалғауларының тиістісін қосып жазу. Сөздің түбірінде қандай өзгеріс болды? Өзің қалаған төрт сөзбен сөйлем құрастыр.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1) Cоңғы буынында ы, і дыбысы бар кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіп қалатынын түсіндіру.
Мысалы: орын + ы = орны, халық + ы = халқы.
Оқушылар мысал келтіре отырып, өзгерісті байқап оның себебін анықтайды. Оқушыларға сұрақ қоя отырып, қосымшаның жазылу емлесін түсіндіреді.
2) Оқулықтағы жаттығуларды берілген тапсырмаларға сәйкес орындау.
1-жаттығу орындалады. Екі бағандағы сөздер салыстырылады, айырмашылығына көңіл бөлінеді.
бөрік – бөркі әріп – әрпі көрік – көркі ерін – ерні
2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, белгілеу. Қандай өзгеріс болғанын айтқызу.
3-жаттығу. Сөздерді сөз құрамына талдау. Өзі қалаған үш сөзбен сөйлем құрастыру.
Дарын + ды, баға + ла, батыл + дық, күз + гі, қайрат + ты, өнеге + лі.
4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, өзгерген дыбыстарды белгілеу.
Көлігі, күшігі, добы, қабығы.
Сұрақ:
Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы дыбыстар қандай өзгеріске ұшырайды?
ІV.Үйге тапсырма беру
5-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қосымша жалғанғанда түбірі өзгерген сөзді табу.
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы (5-с)
Мақсаты:
Білімділік: Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстарының өзгеретінін, соңғы буынында ы, і дыбысы бар кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіп қалатынын қайталау, қосымшалардың жазылу емлесін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Аралас сабақ
Сабақтын әдісі: Сұрақ жауап
Көрнекілігі: Таблицалар, таратпалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алдыңғы сабақта меңгерген білімі пысықталады.
2) Өлеңді көшіріп жазу. Қосымша жалғанғанда түбірі өзгерген сөзді табу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1) Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстарының өзгеретінін, соңғы буынында ы, і дыбысы бар кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіп қалатынын қайталау
2) Оқулықтағы жаттығуларды берілген тапсырмаларға сәйкес орындау.
1-жаттығу орындалады. Өлеңді мәнерлеп оқу. Дәурен өлең жолдарын дұрыс жазды ма? Қалай қателесті?
2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, белгілеу. Сөзде қай дыбыс өзгерген?
3-жаттығу. Берілген сөздерге -ы, -і жалғауларының тиістісін қосып жазу. Сөздің түбірінде қандай өзгеріс болды? Өзің қалаған төрт сөзбен сөйлем құрастыр.
4-жаттығу. Жаңбыр тамшысынан өшіп қалған әріптерді орнына қойып, мәтінді көшіріп жазу. Мәтін мазмұнын әңгімелеу.
Сұрақ:
Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы дыбыстар қандай өзгеріске ұшырайды?
ІV.Үйге тапсырма беру
5-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу. Қосымша жалғанғанда дыбыстық өзгеріске ұшыраған сөздерді тауып, астын сызу.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын еске түсіреміз.
Сабақтың мақсаты: 1. Жаттығулар орындай отырып , 2-сыныпта «Сөз таптары» туралы
алған білімді еске түсіру, пысықтау.
2. Сөйлем ішінен сөз таптарын анықтай білуге үйрету , тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: карточкалар, кестелер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
1) Оқушылардың түбір мен қосымша туралы меңгерген білімдері пысықталады.
2) 4-жаттығу. Жаңбыр тамшысынан өшіп қалған әріптерді орнына қойып, мәтінді көшіріп жазу. Мәтін мазмұнын әңгімелеу.
3. Жаңа сабақ:
1) Сөз таптарын ата. Зат есім деген не? Етістік деген ше? Сан есім нені білдіреді? Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
2) Теру диктанты. Сөздер оқылады.1-бағанға зат есімдерді, 2-бағанға етістіктерді, 3-бағанға сын есімдерді, 4-бағанға сан есімдерді теріп жаз. Сұрақ қой.
Гүл, сегіз, ойнады, әдемі, кішкентай, айтады, доп, отыз, жауды, ыстық, жиырма, қалам, сызды, ауа, бесінші, мөлдір.
Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
... ... ... ...
... ... ... ...
Бекіту. Сөздің қай сөз табына жататынын білу үшін, оған алдымен сұрақ қоямыз.
Кім? не? сұрақтарына заттың атын білдіретін сөздер жауап береді.
Не істеді? қайтті? не қылды? сұрақтарына заттың қимылын білдіретін сөздер жауап береді.
Қандай? қай? деген сұрақтарға заттың түрін, түсін, сынын, сапасын білдіретін сөздер жауап береді.
Қанша? неше? нешінші? деген сұрақтарға заттың санын, ретін білдіретін сөздер жауап береді.
3) Оқулықтағы жаттығуларды орындау.
1 – жаттығу. Оқы. Көп нүктенің орнына қандай сөз қоюға болады? Әр сөйлемдегі жазылмаған сөздер қандай сұраққа жауап береді? Көп нүктенің орнына қойылған сөз қай сөз табына жатады?
2- жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінде өзіңе таныс қандай сөз таптары бар? Мәтін ішінде қай сөз табы көп кездеседі?
4-жаттығу. Суреттегі заттардың атын ата. Ол сөздерді сын есіммен тіркестіріп жаз.
Жасыл шырша, тәтті торт, үлкен өзен, шуақты күн, ақ лақ, ыстық үтік.
5 – жаттығу. Әр қатардағы сөздерді қалай атар едің? Артық сөзді тап. Оның неге артық екенін дәлелде.
Етістік
|
Сын есім
|
Зат есім
|
Сан есім
|
жүгірді
сықылықтады
айналды
ойыншық
ойнады
|
көрікті
жақсы
жақсылық
тұнық
қашық
|
аспан
аспаз
еңбекқор
зейнеткер
білім
|
екілік
алпыс
қос-қостан
мың
мыңбасы
|
4) Өздік жұмыс.
Әр қатардағы сөздердің ішінен артық сөзді тап. Ол сөз қай сөз табына жатады?
Жаңбыр, қарлығаш, отыз, дәптер, орамал.
Қызыл, жасыл, үлкен, елу, кең, ұзын.
Келді, барды, тоқсан, жүзді, жүгірді.
4. Бекіту.
5.Үйге тапсырма беру
3-жаттығу. Сөздерді оқу. Оларға сұрақ қойып, қай сөз табына жататынын анықта.
Сөздерді сөз таптарына қарай топтап жаз.
Сөздерді оқып сұрақ қой, қай сөз табына жататынын анықта. Сөздерді сөз таптарына қарай топтап жаз.
Кебеже, асығу, көркем, дәрігер, он бес, тапқыр, қора, қорғады, топырақ, алтындай, жиырмасыншы, сезіп отыр, алпыс, торғай, көгілдір, күнделік, сұйық, жылама.
Заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз.
Бүкіл ауыл адамы, Саусақтары майысып,
Мақтайды Айгүл, Сараны. Күйсандықты басады.
Сурет те салады, Баяулатып, жарысып,
Кесте тіге алады. Әуендерді қосады.
М. Хакімжанова
Мақалды көшіріп жаз. Қимылды білдіретін сөздерге сұрақ қой.
Ақыл көпке жеткізеді,
Өнер көкке жеткізеді.
Өлеңді оқы. Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып , сөйлем құрастыр.
Ақ, көк, сары көбелек,
Көріктісің керемет.
Қуа - қуа шаршадым,
Жеткізбейсің, не керек?
Б. Үсенбаев
Жұмбақты шеш. Заттың санын білдіретін сөздерді тап.
Қос желі, үш жерінен қазығы бар,
Құбылған қоңыр желден азығы бар.
Желіні сабалайды дыңылдатып,
Байғұстың соншама не жазығы бар? ( ... )
Тақырыбы: Бақылау диктанты . Ат қою
Мақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейі мен тиянақтылығын тексеру.
2. Білімін, каллиграфиясын дамыту.
3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: білімді тексеру және бағалау сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс
Барысы:
I . Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық
IІ. Мақсатын қою кезеңі
Тақырыбын, мақсатын хабарлау
Бақылау диктанты. Ат қою
III. Білімді тексеру кезеңі
1. Диктант мәтінімен таныстру
Ат қою
Жаңа туған сәбиге ат қою – ерекше салтанатты ғұрыптың бірі. Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Әрине, алдымен жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып, батасын алуды да ұмытпаған.
Халық баласына жақсы ат қоюға тырысқан. Ырым етіп бұрынғы батырлар мен ақындар, шешендердің де атын қояды. Бірақ қасиетті әулие-әмбиелер мен ұлы адамдар есімін қоюға тыйым салынған.
2. Мәтінді талдау
-Мәтін не туралы?
- Сендердің аттарыңды қалай қойған?
3. Диктантты жазу.
4. Грамматикалық тапсырмалар
1) Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
Cалтанатты, есімдер, беделді, кісілерге, қасиетті.
2) Бесінші сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талда.
Халық баласына жақсы ат қоюға тырысқан.
3) Халық сөзіне дыбыстық талдау жаса.
5. Оқушылардың диктантты өз бетімен тексеруі.
6. Жұмыстарын жинау.
7. Қорытындылау
IV. Үй тапсырмасын беру кезеңі 1.Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: зат есім туралы түсінігін кеңейту; зат есім болатын сөздерді мағынасы, грамматикалық белгісіне қарай талдату; сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: топтастыру, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Оқушылардың түбір мен қосымша туралы меңгерген білімдері пысықталады.
2) 4-жаттығу. Жаңбыр тамшысынан өшіп қалған әріптерді орнына қойып, мәтінді көшіріп жазу. Мәтін мазмұнын әңгімелеу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1) Қызығушылығын ояту
Сөз таптарының бірі – зат есімге арналған бірінші сабағында оқушыларға зат есім туралы бұрынғы оқығанын еске түсіре отырып, енді сол сөздердің сөйлемге қатысты басқа да формалары бар екенін айту. Біріншіден, оқушылар бұл тақырып бұрынғы оқығандарының жалғасы екенін біледі, екіншіден, келесіде өтетін тақырыптың мәні мен мақсатымен танысып, сабаққа ынталанады.
Оқушылар топтарға бөлінеді.
Зат есімдердің мағыналары кең, өте бай болып келетінін аңғарту үшін мынадай тапсырма беріледі:
Тақтаға әртүрлі ұғымды білдіретін зат есімдер жазылады. Мысалы, құрылысшы, сәби, кітап, үй, жаңбыр, найзағай, қой, торғай, қияр, жолжелкен, т.б.
Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша зат есімдерді топтастырады. Оқушылар тақтаға жазылған зат есімдерді қолдануына, сондай-ақ өздері де қосуына болады.
2) Мағынасын тану кезеңі
1-жаттығудағы сөзжұмбақты шеше отырып, оқушылар зат есім туралы бұрынғы алған білімін еске түсіреді, зат есімге сұрақ қояды, зат есімнің ережесін қайталайды.
2-жаттығуда берілген мәтіннің мазмұны талданғаннан кейін, оқушылар мәтінді зат есімдерсіз оқып көреді. Содан кейін сөйлем ішінде ең көп кездесетін сөз табы –зат есім екендігі, ол сөздерсіз сөйлемнің мағынасыз болатыны туралы қорытынды жасайды.
3-жаттығу бойынша сөздер тобын толықтыру арқылы зат есімнің нақты заттардың атауы екенін ұғынады. Сонымен бірге, белгілі бір ұғым, құбылыстардың атауы болатынына да назар аудару керек.
4-жаттығу. Кім? не? сұрақтарын дұрыс қоя білуге үйретеді.
5-жаттығу арқылы зат есімнің қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықтайды. Бастауыштан кейін қай кезде сызықша келетінін естеріне түсіреді.
3) Ой толғаныс
«Қазақ тіліндегі зат есемдердің маңызы» деген тақырыпта өз ойларын жазу.
4) Дидактикалық материалдармен жұмыс. 30-бет, Зат есім. №2
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Қосымшаны қалай таңдағаныңды түсіндір.
5-тапсырма. Берілген зат есімдердің бәріне ортақ әріпті тауып жаз.
IV. Бекіту.
V. Үйге тапсырма беру 2-жаттығу. Мәтінді оқу. Зат есімдерді теріп жазу.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: зат есім туралы түсінігін кеңейту; зат есім болатын сөздерді мағынасы, грамматикалық белгісіне қарай талдату; зат есімнің көпше түрінің жалғауларын қайталау, сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: топтастыру, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Оқушылардың зат есім туралы меңгерген білімдері пысықталады.
2) 2-жаттығу. Мәтінді оқу. Зат есімдерді теріп жазу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1) Қызығушылығын ояту.«Тізбек» ойыны.
Келесі сөз алдыңғы зат атауын білдіретін сөздің соңғы дыбысынан басталуы керек.
Өрік – кітап – парта – айна – алма – ағаш – шар – радио, т.б.
2) Мағынасын тану кезеңі
1-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу.
Сенің атың – балапан,
Менің атым – балақан.
Балапандар шоқуда,
Балақандар оқуда.
М.Жаманбалинов
Зат есімнің жекеше түрінің астын бір сызықпен, көпше түрінің астын екі сызықпен сызу. Зат есімнің көпше түрінің жалғауларын атау.( -дар, -дер, -тар, -тер, -лар, -лер)
2-жаттығу. Суретке қарап кімдер және нелер бейнеленгенін жазу.
Кімдер? Қыздар, ...
Нелер? Қар, мұз, ...
3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Жерді неге алып сандық пен қазанға теңейді?
Алдымен пайдалы қазбалар, содан кейін жеміс аттарын теріп жазу. Оларға сұрақ қою.
4-жаттығу. Сөздерді оқу. Олар қай сөз тобына жатады? Оны сен қалай анықтадың?
Сөздерді топқа бөліп жаз.
Ақын, адамгершілік, қуаныш, жолбарыс, тұман, айна, ақыл, түлкі, оқушы, достық, сандық, жауын, уайым, сәби, суыр, сырмақ, шаттық, жел.
..., ..., ... – адамдар.
..., ..., ... – аңдар.
..., ..., ... – заттар, бұйымдар.
..., ..., ... – адам бойындағы қасиеттер.
..., ..., ... – табиғат құбылыстары.
..., ..., ... – адамның көңіл күйі.
Осы сөздер тобының қайсысы көзге көрінеді, қайсысы көзге көрінбейді?
3) Дидактикалық материалдармен жұмыс. 29-бет, Зат есім. №2
2-тапсырма. Берілген сөздің әріптерінің орнын ауыстырып, жаңа зат есімдер жаса.
Қарлығаш – қар, шар, ағаш, қаршыға, қарға, лақ.
Балмұздақ - ...
Қайшы - ...
Жастық - ...
IV. Бекіту.
V. Үйге тапсырма беру
5-жаттығу. Мәтінді оқу. Баланың жауабынан зат есімдерді табу. Ол сөздерге сұрақ қою. Адам бойында тағы қандай жақсы қасиеттер болуы керек? Жаз.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: зат есім туралы түсінігін кеңейту; зат есім болатын сөздерді мағынасы, грамматикалық белгісіне қарай талдату; зат есімнің көпше түрінің жалғауларын, жалқы есімдер мен жалпы есімдерді қайталау; сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: топтастыру, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
5-жаттығу. Мәтінді оқу. Баланың жауабынан зат есімдерді табу. Ол сөздерге сұрақ қою. Адам бойында тағы қандай жақсы қасиеттер болуы керек? Жаз.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1) Қызығушылығын ояту. «Тізбек» ойыны.
Келесі сөз алдыңғы зат атауын білдіретін сөздің соңғы дыбысынан басталуы керек.
Өрік – кітап – парта – айна – алма – ағаш – шар – радио, т.б.
2) Мағынасын тану кезеңі
1-жаттығу. Мәтінді оқу. Алдымен бұйымдардың, содан кейін ыдыс атауларын теріп жаз.
Бұйым мен ыдыс атаулары жалпы есім мен жалқы есімнің қайсысына жатады?
Бұйымдар: ..., ..., ... .
Ыдыс атаулары: ..., ..., ... .
2-жаттығу. Сөздер тобын толықтырып жазу.
Адамның аты-жөні: Оразұлы, ..., ..., ... .
Жер аттары: Сарыарқа, ..., ..., ... .
Өзен-көл аттары: Балқаш, ..., ..., ... .
Тау аттары: Қаратау, ..., ..., ... .
Қала аттары: Жаркент, ..., ..., ... .
Бұл сөздер неге бас әріппен жазылады? Тағы қандай сөздер бас әріппен жазылады? Бас әріппен жазылатын сөздер қалай аталады?
3-жаттығу. Жалқы есімдерді жалпы есімге айналдырып жаз. Олардың неліктен кіші әріппен жазылатынын түсіндір.
Алматы – алматылықтар. Суворов – ... .
Панфилов – панфиловшылар. Семей – ... .
Астана – ... . Америка – ... .
4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айту. Қосымшалы зат есімді бір бөлек, түбір күйіндегі зат есімді бір бөлек жазу. Қосымшалы зат есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырату. Бұл сөздердің мағынасын түсіндіру.
Кендірден кенеп шығар,
Кенептен елек шығар.
Електен кебек шығар,
Кебек те керек шығар.
Сөздік жұмысы
Кендір — құлқайыр тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер немесе көп жылдық бұта. . Оның биікт. 25 — 150 см. Сабақтары тік, бұтақтала өседі. Түкті жапырақтары ұзын сағақты келеді, жалпақ, ұз. 15 см. Ашық сары түсті гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Шілде — қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз — қазанда жемістенеді. Жемісі — дәнек. Бұйда кендір ежелден мәдени түрде өсіріледі, оның сабағынан қап тоқитын жіп, ал тұқымынан тех. бағалы май алынады.
Кенеп, полотно– 1) иірілген мақта жіптен, кендір мен зығыр талшықтарынан тоқылған мата. Үй ішінде төсеніш ретінде пайдаланылады; 2) кескіндеме салуға арналып, матадан керілген негіз. Мата тікелей кескіндемеге арналса да кенеп деп аталады. Кенепке сурет салу 17 ғ-дан кейін өріс алды. “Полотно” сөзі майлы бояумен салынған картина ұғымын да білдіреді.
Кебек - ... Кебек - ұн өндірісінің азықтық қалдығы. Кебек ұндық дақылдар дәнінің қабығынан, ұсақ қалдығынан тұрады. Дәнмен салыстырғанда құрамында клечаткасы көп болғандықган 1 кг жалпы қоректілігі 0,7-0,8 азық өлшемінен аспағанымен,протеинінің аминқышқылдық құрамы мен әсіресе витаминдері бойынша өте кұнды, жеңіл қорытылатын мал азығы. Кебектің диетикалық қасиеттеріне сүйене отырып, бидай кебегін жаңа төлдеп, әлсіреп шөлдеген малға жылы сумен араластырып ішкізеді.
3) Дидактикалық материалдармен жұмыс. 29-бет, Зат есім. №2
2-тапсырма. Берілген сөздің әріптерінің орнын ауыстырып, жаңа зат есімдер жаса.
Қарлығаш – қар, шар, ағаш, қаршыға, қарға, лақ.
Балмұздақ - ...
Қайшы - ...
Жастық - ...
IV. Бекіту.
V. Үйге тапсырма беру
5-жаттығу. Ертегіні аяқтау. Аңдардың аты неге бас әріппен жазылғанын түсіндіру.
Қазақ тілі 3 «А»сынып
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: зат есімнің тұлғасына қарай бөлінуімен таныстыру; сөз құрамы туралы алған білімін дамыту; түбір мен жұрнақты ажырата білу дағдысын арттыру.
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, жаттығу.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
5-жаттығу. Ертегіні аяқтау. Аңдардың аты неге бас әріппен жазылғанын түсіндіру.
ІІІ. Өтілген материалды қайталау.
Зат есім туралы жалпы түсінігін тексеру, қайталау. «Топтай біл» ойынын ойнату. Ойын оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды топтай білуге, сондай-ақ олардың маңызын біліп, заттардың атын қатесіз жазуға дағдыландырады.
Ойынға қатысушы оқушылар үшін қандай заттарды топтай білу керектігін көрсететін кесте және оған қажетті заттардың аттары жазылған карточкалар жасалады.
1-қалта: Маған үй жануарлары қажет. Жауап карточкалары: жылқы, түйе, ит, тауық, т.б.
2-қалта: Маған жабайы аңдар қажет.
Жауап карточкалары: қасқыр, түлкі, аю, жолбарыс, қоян, т,б,
3-қалта: Маған үй жабдықтары қажет
4-қалта: Маған киімдер қажет.
5-қалта:Маған өсімдіктер қажет.
Ойын тәртібі: мұғалім әр ойын бойынша қандай заттарды топтау қажет екенін білдіретін карточкаларды тақтаға іледі.
Жауап карточкалары оқушыларға таратылып беріледі.
Содан кейін оқушылар оларды тиісті орындарға іледі. Карточкаларын бұрын және дұрыс орналастырған оқушы жеңеді.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
1) Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс
Зат есімдердің тұлғалары жағынан негізгі және туынды зат есім болып келетінін түсіндіру.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейді. Мысалы: ыдыc, кілем, аяқ.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды: жұмыскер, ойыншық, күйші.
2) Негізгі және туынды зат есімдерді түсіндіруге арналған оқулықтағы жаттығуларды орындату.
1-жаттығу. Ребусты шешу. Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей етіп жазу. Оларға сұрақ қойып, мағынасын салыстыру. Үлгі: дәрі (не?) – дәрігер (кім?). т.с.с.
2-жаттығу. Өлеңді оқу. Туынды зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамына талдау. Тағы қандай туынды зат есім болатын мамандық атауларын білесіңдер?
Диқан тыңды тіледі дегенді қалай түсінесіңдер?
3-жаттығу. Негізгі зат есімдерді бір қатарға, туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз.
Туынды зат есімдердің түбірі мен жұрнағын белгілеу.
Туынды зат есімнің қалай жасалатыны туралы қорытындыны мүмкіндігінше оқушылардың өздері айтқаны дұрыс. Негізгі түбірлердің қандай сөз табы болып тұрғанына назарын аудару керек.
4-жаттығуды орындау кезінде тиісті жұрнақтарды жалғау арқылы туынды зат есімдерді өздері жасап жазады. Жуан буынды сөздерге жуан, жіңішке буынды сөздерге жіңішке айтылатын жұрнақтар жалғанатынына назарын аудару керек.
V. Жаңа сабақты қорыту.
Қорытындылау кезінде негізгі және туынды зат есімдерге оқушылар өздері мысалдар келтіріп, соның негізінде ереже тағы пысықталады.
VI. Үйге тапсырма беру
5-жаттығу басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғау арқылы зат есім жасауды үйретуді көздейді. Оқушылар алдымен түбір сөзге сұрақ қойып, қай сөз табы екенін анықтап алады. Одан соң зат есімге айналдыру үшін қандай жұрнақ жалғауға болатынын ойланады. Жаңа жасалған сөзге қойылатын сұрақтың өзгергенін де байқаулары тиіс. Соңынан негізгі сөз бен туынды сөздің мағынасын салыстырады.
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: алдыңғы сабақтарда алған білімін пысықтау; зат есім тудырытын жұрнақтар туралы білімін толықтыру.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
5-жаттығу. басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғау арқылы зат есім жасау. Оқушылар алдымен түбір сөзге сұрақ қойып, қай сөз табы екенін анықтап алады. Одан соң зат есімге айналдыру үшін қандай жұрнақ жалғауға болатынын ойланады. Жаңа жасалған сөзге қойылатын сұрақтың өзгергенін де байқаулары тиіс. Соңынан негізгі сөз бен туынды сөздің мағынасын салыстырады.
III. Өткен сабақты пысықтау
Бұл сабақта алдыңғы сабақтарда негізгі және туынды зат есімдер туралы алған білімі пысықталады. Оқулықта қайталауға арналған тапсырмалар берілген.
Зат есім тудыратын жұрнақтар көрсетілген кестені пайдалана отырып, оқушылардың туынды зат есім туралы алған білімі еске түсіріледі. Туынды зат есімдерге мысалдар келтіріледі.
IV. Жаңа тақырып бойынша істелетін жұмыс
Бұл сабақта көбінесе зат есім тудыратын жұрнақтармен таныстыру көзделеді.
1-жаттығуда туынды зат есімдерді тауып, сөз құрамына талдайды. Сөз құрамына талдау барысында қандай жұрнақ жалғау арқылы жасалғанын анықтайды. Осылайша туынды зат есім тудыратын жұрнақтармен арнайы таныспаса да, жиі қолданылатын жұрнақтарды көру арқылы қандай жұрнақтардың сөз жасауға қатысатыныны байқайды.
Достарыңызбен бөлісу: |