Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз



бет6/7
Дата23.05.2017
өлшемі1,83 Mb.
#16636
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

2-жаттығуда зат есім тудыратын жұрнақтар беріледі. Осы жұрнақтарды пайдаланып, жаңа сөздер жасайды. Бір жұрнақтан бірнеше сөз жасауға болатынына көзі жетеді (арызқой, сәнқой; асхана, дәріхана, шеберхана, т.б.).

3-жаттығу бір сөзден әртүрлі жұрнақ жалғау арқылы бірнеше туынды зат есім жасауға болатынын көрсетуге арналған.

гіш шы сын



біл ... бас ... су ...

... ... ...

4-жаттығуды орындау арқылы оқушылар сөйлем ішінен туынды сөздерді таба алуға, ол сөздердің мағынасын дұрыс түсіне білуді үйренеді.

V. Дидактикалық материалдармен жұмыс 27-28-бет, Зат есім. №1

1-тапсырма. Өлеңді көшіріп жаз. Негізгі, туынды зат есімдерді тап.

2-тапсырма. Ребусты шешсең, туынды зат есімдер жасалады. Олар қандай сөздер?

VI.Сабақты қорытындылау


  • Негізгі зат есімді туынды зат есімнен қалай ажыратамыз?

  • Туынды зат есімдерді қандай жұрнақтардың көмегімен жасауға болады? Мысалдар келтіріңіздер.

  • Туынды зат есімдерді жұрнақ жалғау арқылы тағы басқа қандай сөз таптарынан жасауға болады?

VIІ. Үйге тапсырма беру

5-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз. Шешуін тап. Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап, оған жалғанған қосымшаның түрін анықта.



Қазақ тілі 3 «А»сынып 86- сабақ

Күні: 17.02.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты: алдыңғы сабақтарда алған білімін пысықтау; зат есім тудырытын жұрнақтар туралы білімін толықтыру.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.

5-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз. Шешуін тап. Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап, оған жалғанған қосымшаның түрін анықта.
III. Өткен сабақты пысықтау

Бұл сабақта алдыңғы сабақтарда негізгі және туынды зат есімдер туралы алған білімі пысықталады. Оқулықта қайталауға арналған тапсырмалар берілген.

Зат есім тудыратын жұрнақтар көрсетілген кестені пайдалана отырып, оқушылардың туынды зат есім туралы алған білімі еске түсіріледі. Туынды зат есімдерге мысалдар келтіріледі.
IV. Жаңа тақырып бойынша істелетін жұмыс

1-жаттығуда туынды зат есімдерді тауып, сөз құрамына талдайды. Сөз құрамына талдау барысында қандай жұрнақ жалғау арқылы жасалғанын анықтайды. Қаратпа сөздерді тапқызу.
2-жаттығуда зат есім тудыратын жұрнақтар беріледі. Осы жұрнақтарды пайдаланып, жаңа сөздер жасайды. Бір жұрнақтан бірнеше сөз жасауға болатынына көзі жетеді

қырман дана

су бала

қой ... қала ...



балық дала
3-жаттығу . Сөздерді көшіріп жазу. Сөздерді сөз құрамына талдау. Түбір сөзге сұрақ қойып, қай сөз табы екенін анықтау.

4-жаттығу. Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды зат есімдерге айналдырып жазу.

Сиыр, жыр, егін, әмір, сылақ, әділ.
V. Дидактикалық материалдармен жұмыс 28-бет, Зат есім. №1

3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең мазмұнын әңгімеле. Туынды зат есімдерді тауып, қалай жасалғанын айт.


4-тапсырма. Берілген сөздерге -шы, -ші, -кер, -гер жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды зат есімдер жаса.

VI.Сабақты қорытындылау

  • Негізгі зат есімді туынды зат есімнен қалай ажыратамыз?

  • Туынды зат есімдерді қандай жұрнақтардың көмегімен жасауға болады? Мысалдар келтіріңіздер.

  • Туынды зат есімдерді жұрнақ жалғау арқылы тағы басқа қандай сөз таптарынан жасауға болады?


VIІ. Үйге тапсырма беру

5-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, туынды зат есімдердің астын сызу. Туынды зат есім болатын тағы қандай мамандық иелерін білесің?




Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты: тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымды білдіретінін, үш жағы болатынын және оладың І, ІІ жақтарының адамға меншікті айтылатынын, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты екенін ұғындыру.

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы

2. Үй тапсырмасын сұрау

1) Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?

2) 5-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, туынды зат есімдердің астын сызу. Туынды зат есім болатын тағы қандай мамандық иелерін білесің?
3. Жаңа сабақты түсіндіру

1) Тәуелдік жалғауын түсіндіру, көптік жалғауға қарағанда күрделі де қиынырақ.

Алдымен, меншік, ие және тәуелді деген сөздердің мағынасын қарапайым түрде түсіндіру. Оқытушы өзінің кітабын, қаламын көрсетіп, бұл заттардың иесі екенін, көрсеткен дәптері мен қаламы басқаға емес, өзіне ғана тәуелді, меншікті екенін көрсету арқылы түсіндіру. Мұнан соң менің, сенің, сіздің, оның деген сөздер заттың иесін білдіретінін және тәуелді заттар қаламым, қаламың, қаламыңыз, қаламы деген тұлғада айтылатынын аңғартып, бұл мысалдарды тақтада жазады. Тәуелдік мағынаны білдіретін қосымшалардың асты сызылады.



2) Тәуелдік жалғауының үш жағы бары, олардың І, ІІ жағы әрқашан адамға қатысты айтылатыны, ал ІІ жақ әрі адамға, әрі басқа заттарға да айтылатынын мысалдар арқылы оқушылардың аңғаруына мүмкіндік туғызу.

3) Оқулықтағы жаттығулармен жұмыс. 1-жаттығуда қарамен жазылған тәуелдеулі сөздердің түбірі мен қосымшасын айыра білу талабы қойылады.

2-жаттығуда оқушы тәуелденіп тұрған заттың кімге тән екенін анықтайды. Тәуелденіп тұрған сөздің қосымшасына қарап, ол заттың иесін анықтауға болатынына көздерін жеткізеді. Қосымшаларды ажырату арқылы олардың заттың біреуге меншікті екенін көрсететін жалғаулар екенін өздері қорытындылап айту керек. Қалған жаттығуларды да қорытындылай келе, мұғалім заттың біреуіне тән, соның меншігі екенін танытатын қосымшаның тәуелдік жалғау деп аталатынын айтады. Тәуелдік жалғаудың үш жақта айтылатынымен таныстырады.

3-жаттығу. Сөздерді үлгі бойынша тәуелдеп жазу. Тәуелдік жалғауларының астын сызу. Бұл жалғаулар қандай мағына білдіріп тұр?

Оқулық, қозы, әке, шеше.

Менің оқулығым, ..., ..., ..., ... .

Сенің оқулығың, ..., ..., ..., ... .

Сіздің оқулығыңыз, ..., ..., ..., ... .

Оның оқулығы, ..., ..., ..., ... .

5-жаттығу. Сурет бойынша мәтін құрастыру. «Менің» және «біздің» деген сөзді қай кезде қолдануға болады?

4. Жаңа сабақты қорыту

«Қайда менің өз жағым?» ойынын ойнат. Ойын үшін І жақ, ІІ жақ, ІІІ жақ деп жазылған және анам, анаң анаңыз, анамыз, т.б. үш жақта жекеше, көпше тәуелденген бірнеше сөз карточкалары жасалады.

Ойын тәртібі: Тақта алдына шақырылған үш оқушыға І жақ, ІІ жақ, ІІІ жақ деген карточкалар беріледі.

Оқушылар карточканы алдарына ұстап, бір-бірінен қашық тұрады. Сынып оқушыларына тәуелденген сөз карточкалары үлестіріледі.

Ойын басталысымен тәуелдік жалғауының бірінші жағы болып тұрған оқушы: «Қайда менің өз жағым?» дейді. Осы кезде І жақтың тәуелдеулі сөз карточкалары бар оқушылар І жақтың тәуелдеулі сөз карточкалары бар оқушылар І жақтың қатарына келіп тұруы керек. Осы тәртіппен ІІ, ІІІ жақтың карточкаларын ұстаған оқушылар өз жақтарының сөздерін шақырады.

5. Дидактикалық материалдармен жұмыс. Зат есім №3. 31-бет.

1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, қай жақта тұрғанын айт.

2-тапсырма. Жұмбақтарды көшіріп жаз. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын белгіле.

6.Үйге тапсырма беру

4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын жалғап, өлеңді көшіріп жазу. Тәуелдік жалғаулары қай жақта айтылып тұр?



Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы алған білімін пысықтау; сонымен оқушыларға грамматикалық көрсеткіштер заттың үш жаққа да, яғни маған да, саған да, оған да тәуелді екендігін түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы

2. Үй тапсырмасын сұрау

1) Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

2) 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын жалғап, өлеңді көшіріп жазу. Тәуелдік жалғаулары қай жақта айтылып тұр?
3. Жаңа сабақты түсіндіру

1) Тәуелдік жалғаулары көрсетілген кестені пайдалана отырып, дауысты және дауыссыз дыбысқа аяқталған зат есімге жалғанатын тәуелдік жалғаулары туралы түсінік беру. Жекеше, көпше түрлерін қатар түсіндіру.

2) Зат есімнің тәуелдік жалғауларын табуға, зат есімдерді үш жақта; жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазуға, түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыруға, тәуелдік жалғаулы сөздерді тиісті сөзбен тіркестіріп жазуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жаттығуларды орындау барысында оқушылар осы тақырып бойынша білімін толықтырады.
1-жаттығу. Өлеңді оқы. Қарамен жазылған зат есімдерді сөз құрамына талда. Ол сөздердің біреуін үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.
2- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Тәуелдік жалғаулы сөздердің қай жақта айтылып тұрғанын анықтау.
3- жаттығу. Түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстырып оқу. Түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгеріске ұшырады?
4- жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Олардың қасына сол сөздердің түбірін жаз. Сөздегі дыбыстардың өзгеру себебін түсіндіру.
4. Дидактикалық материалдармен жұмыс. Зат есім №3. 31, 32-бет.
3-тапсырма. Төмендегі сөздерді тәуелдеп жаз.

Менің інім. Менің дәптерім.

Сенің ... . Сенің ... .

Сіздің ... . Сіздің ... .

Оның ... . Оның ... .
4-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, астын сыз, қай жақта тұрғанын белгіле.
5.Сабақты қорытындылау


  • Зат есімнің тәуелдік жалғаулары қандай қызмет атқарады?

  • Тәуелдік жалғаулары неше жақта айтылады? Қандай түрлері болады?

  • Зат есімнің І жақ, жекеше түріндегі жалғауларын кім айтып береді?

Кез келген бір зат есімді жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер.
6.Үйге тапсырма. 30-бет 5-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айт.

Тәуелдеулі сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын айт.


Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы алған білімін пысықтау; сонымен оқушыларға грамматикалық көрсеткіштер заттың үш жаққа да, яғни маған да, саған да, оған да тәуелді екендігін түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы

2. Үй тапсырмасын сұрау

1) Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

2) 30-бет 5-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айт.

Тәуелдеулі сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын айт.


3. Жаңа сабақты түсіндіру

1) Тәуелдік жалғаулары көрсетілген кестені пайдалана отырып, дауысты және дауыссыз дыбысқа аяқталған зат есімге жалғанатын тәуелдік жалғаулары туралы түсінік беру. Жекеше, көпше түрлерін қатар түсіндіру.

2) Зат есімнің тәуелдік жалғауларын табуға, зат есімдерді үш жақта; жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазуға, түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыруға, тәуелдік жалғаулы сөздерді тиісті сөзбен тіркестіріп жазуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жаттығуларды орындау барысында оқушылар осы тақырып бойынша білімін толықтырады.
1-жаттығу. Өлеңді оқы. Тәуелдеулі сөздерді тап. Олар қай жақта айтылып тұр? Өлеңнің үш жолын бірінші, үшінші жақта айтып көр.


2- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тап. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
4- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. «Сезікті секірер» деген мақалдың мағынасын түсіндіру. Мақалды мәтіннің мазмұнымен байланыстыру. Мәтіннен тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тап, қай жақта тұрғанын айт.
4. Дидактикалық материалдармен жұмыс. Зат есім №3. 32-бет.
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, өлеңді мәнерлеп оқы. Тәуелдік жалғаулы сөздерді тап

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқа ...(-ың, -ң), Ұлы Отан.

Ел ...( -ым, -ім) – менің тірег... ( -ым, -ім),

Құшағ .. ( -ың, -ің)да гүл ашам .

С.Әлімқұлов
5.Сабақты қорытындылау


  • Зат есімнің тәуелдік жалғаулары қандай қызмет атқарады?

  • Тәуелдік жалғаулары неше жақта айтылады? Қандай түрлері болады?

  • Зат есімнің І жақ, жекеше түріндегі жалғауларын кім айтып береді?

Кез келген бір зат есімді жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер.
6.Үйге тапсырма. 31-бет 3- жаттығу. Суреттегі заттардың атын айт. Оларды үш жақта тәуелдеп жаз.

Қазақ тілі 3 «А» сынып 90-сабақ

Күні: 25.02.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы алған білімін пысықтау; сонымен оқушыларға грамматикалық көрсеткіштер заттың үш жаққа да, яғни маған да, саған да, оған да тәуелді екендігін түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы

Оқушыларды сабаққа даярлау

2. Үй тапсырмасын сұрау

1) Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

2) 31-бет 3- жаттығу. Суреттегі заттардың атын айт. Оларды үш жақта тәуелдеп жаз.
3. Жаңа сабақты түсіндіру

1) Тәуелдік жалғаулары көрсетілген кестені пайдалана отырып, дауысты және дауыссыз дыбысқа аяқталған зат есімге жалғанатын тәуелдік жалғаулары туралы түсінік беру. Жекеше, көпше түрлерін қатар түсіндіру.

2) Зат есімнің тәуелдік жалғауларын табуға, зат есімдерді үш жақта; жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазуға, түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыруға, тәуелдік жалғаулы сөздерді тиісті сөзбен тіркестіріп жазуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жаттығуларды орындау барысында оқушылар осы тақырып бойынша білімін толықтырады.
1-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жазу. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, астын сыз, қай жақта тұрғанын белгіле. Көпше түрдегі тәуелдік жалғауы жалғанған сөздер жекеше түрде қалай тәуелденеді?
2- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, жұмбақты көшіріп жаз. Жұмбақтың шешуін тап. Сөздерде қандай өзгеріс болды?
3- жаттығу. Мақалды түсініп оқы. Тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып, қай жақта айтылып тұрғанын анықтау. Тәуелдік жалғауының бірінші, екінші жағында айтылған екі-үш мақал тауып жазу.

Өз елің алтын бесігің.

Жер - ырыстың кіндігі,

Білім - ырыстың тізгіні.
4- жаттығу. Тәуелдік жалғаулы сөздерді тиісті сөзбен тіркестіріп жазу.

олардың қолғабым

біздің ауласы

менің мұғалімдерің

сендердің мектебіміз

4. Өздік жұмыс.

Төмендегі сөздерді тәуелдеп жаз. Қалам, кітап, сурет.



Менің ... . Менің ... .

Сенің ... . Сенің ... .

Сіздің ... . Сіздің ... .

Оның ... . Оның ... .
5.Сабақты қорытындылау

  • Зат есімнің тәуелдік жалғаулары қандай қызмет атқарады?

  • Тәуелдік жалғаулары неше жақта айтылады? Қандай түрлері болады?

  • Зат есімнің І жақ, жекеше түріндегі жалғауларын кім айтып береді?

Кез келген бір зат есімді жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер.

6.Үйге тапсырма. 33-бет 5-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жаз.

Қазақ тілі 3 «А» сынып 91-сабақ

Күні: 25.02.2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Етістік.

Мақсаты: етістік, олардың түрлері туралы білімдерін нығайту,сөйлем ішінен етістіктерді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау

І. Өтілген материалды қайталау

ІІ. Жаңа сабақ

Заттың қимылын білдіретін сөздер жайында оқушылар 1-2 сыныпта қысқаша мағлұмат алған болатын. Бірақ етістіктің күрделі сөз табын құрайтыны, заттың әр алуан іс-әрекетін, қимылын білдіретінін, тағы басқа грамматикалық сипаттарын әлі білмейді. Жалпы 3-сыныпта етістік туралы қысқаша түсінік қалыптастырылады.

  1. Алдымен етістік туралы өтілген материалдарды қайталау.

Сұрақтар:

1.1.Қандай сөздер етістікке жатады?

1.2. Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

1.3. Етістіктің қандай түрлерін білісіңдер?

2. Оқулық материалдармен жұмыс.

2.1. Оқулықтағы жаттығулар орындалады. 1-жаттығудағы өлең жатқа жазылады. Оқушылар орындайтын тапсырмалар:

  • өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу;

  • етістіктерге сұрақ қою;

  • дәрігер мамандығы туралы қысқаша әңгімелесу;

2-жаттығудың мақсаты да оқушылардың назарын қимыл, іс-әрекетті білдіретін етістік сөздерге не істеді? Қайтеді? деген сұрақ қойлатынын аңғарту. 3-жаттығу бойынша көп нүктенің орнына тиісті етестіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Етістіктердің астын сызып, оның қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетеді. 4-жаттығу бойынша берілген тақырыптық суреттер арқылы әңгіме құрастырады. Құрастырған мәтіннен етістіктерді тауып, астын сызады және етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба түрінде көрсетеді.

Жаңа сабақты қорытындылау.

Етістік туралы ұғымды бекіту үшін оқу-әдістемелік кешенді «Қызықты грамматика», дидактикалық материалдар мен диктанттар жинағынан етістік пен зат есімнің байланысып, сөйлем құрай алатынын аңғартуға арналған тапсырмаларды орындатқан жөн.

Үйге тапсырма: Ережелерді қайталау.4-жаттығу.

Пәні. Қазақ тілі 15-ақпан.

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік

Білімділік: Түбір сөзден жасалатын етестіктің негізгі етістік, ал түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған етістіктің туынды етістік деп аталатынын түсіндіру; сөз құрамы туралы білімін пысықтау.
Сабақтың барысы:

Өтілген материалдарды қайталау

Жаңа сабақ

Жаңа сабақ негізгі және туынды етестіктерді қатар ұсынып, салыстыра отырып, түсіндірген қолайлы.



Негізгі етістіктер Туынды етістіктер

оқы жарқыра

кел айтқыз

бар көбей

айт балтала

баста сұрады

түс шегеле

жүр


тұр

Салыстыру арқылы етестіктің құрамына, тұлғасына қарай негізгі және туынды түбір болып бөлінетіні аңғартылады. Етістіктің негізгі түбірлері –оқы, кел, бар, айт сөздерінің қимыл атаулары екендігі және тұлғалары жағынан әрі қарай бөлшектенбейтін негізгі форма екені түсіндіріледі. Жарқыра, айтқыз, балтала, шегеле деген сөздердің құрамына талдау жасалады.

Туынды сөз етестікке ғана емес, басқа сөз таптарының түбіріне де жұрнақ жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру жеткізу керек. Ол үшін әртүрлі сөздерге жұрнақ жалғап, туынды етістіктер жасаймыз.

таза + ла = тазала сан + а = сана

жаз + ғыз = жалғыз жаңа + р =жаңар

тұз + да = тұзда көп + ей = көбей

Осы жерде п әрпінің б-ға өзгеру себебі пысықталады.

2.Оқулықтағы жаттығуларды орындату.

1-жаттығу бойынша орындалатын жұмыстар:


  • Төмендегідлей жаңа сөздер Жасалады:

Шегеле, арала, үтікте, тазала, көркемде.

  • Сөз құрамына талдау жасату.

  • 2-жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, етістіктердің қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айту керек.

1.Ереже пысықталады. Оқушылар өздері мысалдар келтіреді.

2. 3-жаттығу Әр қатардағы сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туындыЕтістіктер жасап жазады.

Әшекейле, тұзда, сапта. Бұл сөздердің түбірі затесім екені анықталады.

Әдеміле, әсемде қалыңдат деген етістіктер құрастырылып, Олардың түбірі сын есім екенін айтады, дәлелдейді.

4-жаттығу берілген тапсырмалары ьойынша орындалады.

Жаңа сабақты қорытындылау

Негізгі және туынды етістіктуралы ұғымды бекіте түсу үшін оқу-әдістемелік кешендегі «қызықты граматика», дидактикалық материалдар мен диктанттар жинағын тапсырмалар мұғалімнің қалуымен орындалады.

Сабақты қорытындылау кезінде негізгі түбір, туынды түбір туралы не меңгергені анықталады.Сөздерге жұрнақтар жалғаулар арқылы туында етістіктер жасайды.Туынды етістіктерді сөз құрамына талдайды. Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады.

Үйге тапсырма

5-жаттығу.



Пәні.Қазақтілі.21-ақпан.
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алдыңғы сабақтарда негізгі және туынды етістік туралы алған білімін пысықтау.

Сабақтың барысы:

Өтілген материалдарды қайталау.

Жаңа сабақ:

Сұрақ-жауап арқылы оқушылардан алдыңғы сабақтарды жалпы етістік туралы алға білімі пысықталады.

Оқулықтағы жаттығулар орындатылады. Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды орындату барысында негізгі және туынды етістіктерге мысал келтіреді. Туынды етістіктердің қай сөз табынан жасалғанын тапқызады.Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере алмай қалса, мұғалім өзі толықтырады.

Сабақты қорытындылау

Бұл сабақты оқушылар алған білімін тианақтап, етістік жайында мынадай тұжырымдар жасайды:



  • Етістік – заттың қимылын, іс-әректін білдіретін сөз табы

  • Басқа сөз таптары сияқты дара және күрделі етістік боп бөлінеді

  • Негізгі және туынды етістік болып бөлінеді.

Сөйтіп, бұл сабақтарда етістік жайында берілген білімді дағдыға айыналдыру үшін мынадай жұмыстар орындалады:

  • Сөйлем ішінен етістік табу.

  • Етістікке сұрақ қою

  • өзіндік белгілері мен түрлерін анықтау.

Үйге тапсырма беру

Үйге тапсырма мұғалімнің қалауы бойынша беріледі.


Пәні.Қазақтілі.23-24-28ақпан.

Сабақтықтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты:етістіктердің мағыналары жағынан болымды, болымсыз

болып болінетінін түсіндіру: болымсыз етістіктердің – ма,-ме,-ба,-бе,па,-пе

жұрнақтарымен таныстыру.

Сабақтың барысы:

Өтілген материялдарды қайталау

Жаңа сабақ

1.Етістіктің болымды және болымсыз формасы болады.Мысалдар келтіре отырып,

тікелей іс әрекетің аңғарылады. Мысалы, мұғалім өтілетін жаңа сабақтың тақырыбын айтып, тақтаға жазар алдында:

- Балалар, сендер де жазыңдар, - деп ескертеді. Тақырып жазылып болған соң:

- Енді ештеңе жазбай, бері қараңдар, - деп, айтайын деп тұрған ойына оқушылардың көңілін аударады.

- Балалар, «тақырыпты дәптерлеріңе жазыңдар», - деп едім, - сендер не істедіңдер?

- Жаздық.

Қаламды алып, қолдарын қимылдатады.

- Ал «жазбаңдар» дегенде не істедіңдер?

- Жазбадық.

- Иә, қолдарың қимылдамады.

Осы сөздер тақтаға жазылады.



Жазыңдар жазбаңдар

Біріншіде қимылдың бары, екінші сөзде қимылдың жоқтығы анықталады.

- Осы екі түрлі ұғымды білдіретін сөздердің құрамында айырмашылық бар ма?

- Бар, -ба қосымшасы.

Демек, -ба жұрнағы іс-қимылдың болымсыз формасын білдіреді.

Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатыны айтылады. Мысалы, айт-айтпа, жаз-жазба, кет-кетпе, т.б.



  1. Оқулықтағы жаттығуларды орындату .

1-жаттығу.

- Берілген етістіктерге –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалғап жазады.

- Сөздердің мағыналары қалай өзгергенін айтады.

- Бірнеше сөйлем құрастырып жазады.

2-жаттығу.

- Сөйлемдерді оқып, ішінен тыйым сөздерді көшіріп жазады. Тыйым сөздердің

маңызы тәрбиелік мәніне тоқталып кеткен жөн.

- Еістіктерді сөз құрамына талдайды.

- Етістіктерді қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетеді.

3-жаттығу.

4. Оқулықтағы 3-4-жаттығу орындатылады.

Жаңа сабақты қорытындылау.

Болымды және болымсыз етістік туралы ұғымын бекіте түсу үшін оқу-әдістемелік кешеніндегі «Қызықты грамматика», дидактикалық материалдар мен жинағынан тапсырмалар мұғалімнің қалауымен орындатылады. Сондай-ақ, жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергенін анықтау үшін оқушылар болымды, болымсыз етістікке мысалдар келтіреді, қорытынды жасайды.



Үйге тапсырма беру

5-жаттығу.



Сабақтың тақырыбы: Етістікті пысықтау.

Сабақтың мақсаты: Дара, күрделі етістік туралы 2-сыныпта алған білімін еске түсіру; бір іс-қимылды бір сөзбен де, екі-үш сөзбен де атауға болатынын ұғындыру; күрделі етістіктердің бір сұраққа жауап беретінін аңғарту.

Сабақтың барысы:

Өілген материалдарды қайталау

Жаңа сабақ

Мұғалім тақтаға екі бағанаға сөздер жазады. Оқушылар оқып, олардың қай сөз табынан екенін және қандай сұраққа жауап беретінін айтады.



Дара етістік Күрделі етістік

Келді келе жатыр

Жазады жазып отыр

Жазып тұр екен

Жазып отыр екен

Етістіктердің дара, күрделі болып бөлінетіні осы жұмысты орындау арқылы еске түсіріледі.

Мысалы: Келді – дара етістік, бір сөзден тұрады, бір сұраққа жауап береді.

Келіп отыр – күрделі етістік, екі сөзден тұрады, бір сұраққа жауап береді.

Басқа сөздер де осы ретпен талданады. Оқушылар мынадай қорытынды жасайды:


- Бір іс-қимылды бір сөзбен де, екі-үш сөзбен де атауға болады.

- Бір ғана сөзден тұратын етістікті – дара етістік деп атаймыз.

- Екі – үш сөзден құралған, бір сұраққа жауап беретін және күрделі бір ойды білдіретін етістік – күрделі етістік деп аталады.

- Күрделі етістіктің құрамындағы бірінші сөз – басты, негізгі болып келеді.

- Күрделі етістіктің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.

Оқулықтағы жаттығуларды орындату.

1-жаттығу.Берілген сөздердің ішінен дара етістіктерді бір бөлек ,күрделі етістіктерді

Бір бөлек көшіріп жазады.Күрделі етістіктерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрандар.

2-жаттығу.Мәтіннің соңғы бөлімініндегі дара етістіктерді күрделі етістіктерге айнал-

дырып,сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Үлгі:

-Рас,өрмегің ұзын,оған таласып тұрмаймын.Бірақ өрмегіңді текке алмайды екен.



Менің жібегіме астын төлеп жүр.

3-жаттығу.І.Жансүгіровтың «Шәркей»әңгімесінің бірінші бөлігін көшіріп жазып,сөй-

лемдердегі дара және күрделі етістіктердің астын сыз.

5-жаттығу.Бағдаршаның бағытымен мынадай сөздер шығады:жайнады,қуанады,жуды,



Ысты.Осы сөздерді күрделі етістіктерге айналдырып жазады;жайнап тұр,жайнайды

екен,жайнап отыр,т.б.

Жаңа сабақты қорытындылау

Дара,күрделі етістіктер туралы түсінігін бекіте түсу үшін оқу-әдістемелік кешендегі

«Қызықты граматика»,дидактикалық материалдар мен диктанттар жинағынан тапсырма-

лар орындатылады.



Үйге тапсырма беру

4-жаттығу.

Пәні. Қазақтілі.2-наурыз.

Сабақтың тақырыбы:Сын есім

Сабақтың мақсаты:сын есім туралы түсініктерін бекіту, еске түсіру;сын есімдерді мағынасына қарай топтай білуді үйрету.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Топтастыру», «Кубизм», «Бес жолды өлең»стратегиялар.
Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.Әр топтың ортасына бір зат қойылады.Сол затқа жан-

жақты сипаттама беру тапсырылады.Алдымен топ мүшелері өздері жеке жазып,сосын ортақ бір тізім жасайды.

Осы тізім төмендегідей үлгіде топтастырылады:



Осылай талдау арқылы сын есім туралы алған білімін,қойылатын сұрақтарды еске түсіреді,мысал келтіреді. «Сын»деген сөздің мағынасын қалай түсінетіндері анықталады.

Сын есімдердің көркем шығармаларды,поэзияны,әдеби тілді жандандырудағы маңызы

туралы ойларын сұрау.


Мағынаны тану кезеңі

Оқулықтағы 1-2-жаттығудағы сын есімдерді тауып, оларға сұрақ қояды.

3-4-жаттығуда да осындай тапсырмалар орындалады.

Жаттығуларды орындап болғаннан кейін, білімін қорытындылау мақсатында «Кубизм»

стратегиясы қолданылады.

Сын есімдердің кез келген затпен тіркесе бермейтініне мысалдар келтіріледі.Мысалы,

Тұщы су. Ал тұщы көше деуге болмайды.

Әр бетіне тапсырмалар жазылған текшені топтың ортасына тастағанда, қай бетіндегі

тапсырма түссе,топ мүшелері сол тапсырманы орындайды.

1-тапсырма. Сын есім дегеніміз не?

2-тапсырма. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Мысалдар келтір.

3-тапсырма. Сын есім заттың қандай белгілерін көрсетеді?

4-тапсырма. Сын есім қандай сөз табымен байланысты айтылады?

5-тапсырма. Сын есімді кез келген затпен байланыстыруға бола ма?Мысалдар келтір.

Ой толғаныс.

«Бес жолды өлең»жазу.

Зат есім (1)Кірпі .

Сын есім (2)Тікенді, баяу.

Етістік (3)Жүгіреді,қоректенеді,домаланады.

Сезімді білдіретін(4)Неткен түрпідей тікенек жануар.

Синоним. Тікенек

Әр топқа арналып түрлі зат есім таңдалып алынады.

Үйге 5-жаттығу беріледі.
Пәні. Қазақтілі.-7наурыз.

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сабақтың мақсаты: негізгі және туынды сын есім туралы түсінігін қалыптастыру; туынды сын есемдердің түбірі мен қосымшасын ажырата білуді; сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сын есім жасай білуді үйрету.

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, жаттығу, түсіндіру.
Сабақтың барысы:

Өтілген материалды қайталау

Үй тапсырмасы тексеріледі. Шығармаларын көркемдеу үшін қандай сын есімдер қолданғанын айтады. Сын есім туралы алған білімін жинақтайды.



Жаңа сабақты түсіндіру

әдемі



ұқыпты



Ж
дөңгелек жүзді
анар


Қыз екен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет