Ағылшын тілінде көмекші етістіктер етістіктің аналитикалық түрлерін жасау үшін пайдаланылады. Аналитикалық тәсіл дегеніміз – сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруы арқылы жасалуы. Көмекші етістіктердің көмегімен сұраулы және болымсыз сөйлемдер құралады. Бұл арада көмекші етістіктердің қызметін be, have, shall, will, would, do етістіктері атқарады..
I am reading,
They have just come.
Do you speak English?
He will return soon.
ЕТІСТІК (THE VERB) Етістіктердің жіктелуі:
Етістіктердің жақ категориясына қатысты қызметі оның 2 түрін анықтайды. Ағылшын тілінде етістіктің жақты және жақсыз түрлері болады. Жақты етістіктер І, ІІ, ІІІ жақта; көпше, жекеше түрді; осы, өткен, келер шақты; бұйрық, ашық, шартты райды білдіре алады. Осының арқасында жақты етістіктер сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады.
ЕТІСТІК (THE VERB) Етістіктердің жіктелуі:
Етістіктің жақсыз түріне:
Infinitive: to increase Participle I: increasing Participle II: increased
Gerund: increasing жатады. Жақсыз етістіктердің жақты етістіктерден айырмашылығы олар өз бетімен
баяндауыштың қызметін атқара алмайды.
ЕТІСТІК (THE VERB) Етістіктердің жіктелуі:
Дұрыс етістіктер Past Simple мен Past Participle формаларының тұйық етістікке (-ed) жалғауын жалғау арқылы жасалады.
Дұрыс емес етістіктер Past Simple мен Past Participle формаларын әр-түрлі басқа тәсілдермен құрайды.