Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз

) Оқулықта берілген жаттығулар орындалды

бет4/7
Дата23.05.2017
өлшемі1,83 Mb.
#16636
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

3) Оқулықта берілген жаттығулар орындалды .

1-жаттығу. Сөздерді оқы. Қайда? сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жазу.

Ауылда, жоғарыда, артта, мектепте, тау басында.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнын тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жазу. Сөйлемде қандай өзгерістер болды?

3-жаттығу. Өлеңді оқы. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.

Құмартамын кітапқа,

Өлең-жырды жаттаймын.

Қонып тұрған бұтаққа,

Торғайларды атпаймын.

М.Бақтыбаев

4-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Ол сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

4. Өздік жұмыс

Тұрлаулы мүшелерден ғана тұратын сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен толықтыру.

1.Боран соқты. 2.Балалар ойнады. 3.Әкем келді. 4.Қар жауды. 5.Берік сырғанады. 6.Айгүл тазалады.

5.Қорыту

Осы сабақтарда берілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде оқушылар тұрлаусыз мүшелердің мынандай белгілерін білу тиіс:

1.Тұрлаусыз мүшелер жеке тұрғанда сөйлем жасай алмайды, тек сөйлем жасауға көмектеседі.

2.Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары: кімнің? ненің?кімге? неге? нені? қандай? қанша ? қашан ?қайда?және т.б.

6. Үйге тапсырма беру. 5-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемдегі сөздерді тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге талда

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы (1-с)
Сабақтың мақсаты: сөйлем мүшелерін өз орындарына қойып айту және жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазу. Сөйлемдегі сөздерді тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге талдау.

3. Жаңа сабақ:

1) Қызығушылықты ояту

Оқушылар сөйлем мүшелерінің қызметін біліп,оларды сөйлемде ретімен қолданбаса, өз ойын тиянақты жеткізе алмайды.

Адасқан сөздер”дидактикалық ойыны. Хатқа төмендегідей сөздер жазып қоюға болады.

Гауһар, берілген, үйге, орындады, тапсырманы.

а) Оқушылар оқып шығып, сөйлем мүшелерінің ретімен қойылмағанын анықтайды.

ә) Оқушылар сөйлемдерді орнымен қойып шығады (Гауһар үйге берілген тапсырманы орындады).

2) Жаңа сабақты түсіндіру

Сөйлемдегі сөздер дұрыс құрылу үшін, олар өзара мағыналық байланыста болу керектігі түсіндіріледі.

  1. Гауһар не істеді? Гауһар орындады.

  2. Кім орындады? Гауһар орындады.

  3. Гауһар нені орындады? Гауһар тапсырманы орындады.

  4. Гауһар қай тапсырманы орындады? Гауһар үйге берілген тапсырманы орындады.

3) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады .

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою арқылы сөйлем мүшелеріне талда.
2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.
3-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Әр сөйлемнен тұрлаулы мүшелермен байланысатын сөздерді теріп жаз.
5-жаттығу. Сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жаз. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой.
4. Қорытынды бөлім

1) Бастауыш көбінесе баяндауыштың алдында келеді, ал баяндауыш сөйлемнің аяғында тұрады.

2) Тұрлаусыз мүшелер сөйлем жасауға көмектесіп, қатарласып тұрады.

3) Өлең, жұмбақ пен мақал-мәтел, өлеңдерде ұйқасқа бағындыру үшін сөйлем мүшелерінің орындары ауысып келетінін де түсіндіру.

5. Үйге тапсырма беру. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сұрақтардың орнына жазған сөздерің сөйлемнің қай мүшесі болады?

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы (2-с)
Сабақтың мақсаты: сөйлем мүшелерін өз орындарына қойып айту және жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сұрақтардың орнына жазған сөздерің сөйлемнің қай мүшесі болады?

3. Жаңа сабақ:

1) Қызығушылықты ояту

Оқушылар сөйлем мүшелерінің қызметін біліп,оларды сөйлемде ретімен қолданбаса, өз ойын тиянақты жеткізе алмайды.

Адасқан сөздер”дидактикалық ойыны. Хатқа төмендегідей сөздер жазып қоюға болады.

Сабыр, қайтты, машинамен, қаладан.

а) Оқушылар оқып шығып, сөйлем мүшелерінің ретімен қойылмағанын анықтайды.

ә) Оқушылар сөйлемдерді орнымен қойып шығады (Сабыр қаладан машинамен қайтты,.).

2) Жаңа сабақты түсіндіру

Сөйлемдегі сөздер дұрыс құрылу үшін, олар өзара мағыналық байланыста болу керектігі түсіндіріледі.

  1. Сабыр не істеді? Сабыр қайтты.

  2. Кім қайтты? Сабыр қайтты.

  3. Сабыр немен қайтты? Сабыр машинамен қайтты.

  4. Сабыр қайдан қайтты? Сабыр қаладан қайтты.

3) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады .

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Баяндауышпен байланысатын сөздерді теріп жаз.

3-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Құрастырған сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою.

4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Бастауышпен байланысатын сөздерге сұрақ қой.

Торғай тоғайды ұнатады,

Тоғай торғайды қуантады.

Е.Елубаев

4. Қорытынды бөлім

1) Бастауыш көбінесе баяндауыштың алдында келеді, ал баяндауыш сөйлемнің аяғында тұрады.

2) Тұрлаусыз мүшелер сөйлем жасауға көмектесіп, қатарласып тұрады.

3) Өлең, жұмбақ пен мақал-мәтел, өлеңдерде ұйқасқа бағындыру үшін сөйлем мүшелерінің орындары ауысып келетінін де түсіндіру.

5. Үйге тапсырма беру. 5-жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Қарамен жазылған сөздерді байланысатын сөздерімен теріп жазу.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы (3-с)
Сабақтың мақсаты: сөйлем мүшелерін өз орындарына қойып айту және жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Қарамен жазылған сөздерді байланысатын сөздерімен теріп жазу.

3. Жаңа сабақ:

1) Қызығушылықты ояту

5-жаттығу. Бірінші бағандағы сөйлемдерге бастауышпен байланысатын сөздерді, екінші бағандағы сөйлемдерге баяндауышпен байланысатын сөздерді тауып жазу.

1.Дүкен сөрелеріне ... киімдер қойылған. 1.Өзен суы ... ағып жатыр.

2.Бақшада ... жемістер өсіп тұр. 2.Арман мектептен ... оралды.

3.Жарыста ... сынып оқушылары жеңіске жетті. 3.Бекзат кітапты ... оқыды.

4.Аспанды ... бұлт басты. 4.Әйгерім үйге ... кірді.
2) Өткен сабақты қайталау
3) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады .

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып,көшіріп жаз. Өлең жолдарындағы сөздерге сұрақ қою арқылы сөйлем мүшелеріне талда.

Қайсысына не керек?

Қыранға қия тау керек.

Бұлбұлға жасыл бау керек.

Балыққа мөлдір көл керек.

Батырға туған ел керек.

Т.Молдағалиев
2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сол сөздердің қай сөзбен байланысатынын сызбамен көрсет.

4. Қорытынды бөлім

1) Бастауыш көбінесе баяндауыштың алдында келеді, ал баяндауыш сөйлемнің аяғында тұрады.

2) Тұрлаусыз мүшелер сөйлем жасауға көмектесіп, қатарласып тұрады.

3) Өлең, жұмбақ пен мақал-мәтел, өлеңдерде ұйқасқа бағындыру үшін сөйлем мүшелерінің орындары ауысып келетінін де түсіндіру.

5. Үйге тапсырма беру. 4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты: жалаң және жайылма сөйлеммен таныстыру; олардың бұлай аталу себебін түсіндіру; оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.

3.Жаңа сабақ:

Жай сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінетінімен қысқаша таныстыру.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

1) Сурет бойынша жұмыс.

Тақтаға сюжетті сурет ілініп, соған орай оқушылар бір-бір сөйлемнен құрайды. Олар құраған сөйлемдер құрамында неше сөз бар екеніне назар аудара отырып, сөйлем әрқалай құрылатынын байқату.

Оқушының сөйлеу, жазу тілін бірте-бірте жетілдіру керек. Олардың сөйлеу, жазу, стилін қалыптастыруды жалаң, жайылма сөйлемдерді жете меңгертуден бастаған жөн. Оқушылар өзара сұрақ қойып, оған жауап бергенде «бар», «ия», «жоқ» деген жауаптарымен шектелмей, көркем, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру керек. Олар мысал келтіру арқылы жалаң және жайылма сөйлемнің айырмашылығын оңай түсінеді.

2) Тақтаға жалаң сөйлемдер жазылады. Жалаң сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдайды. Оқушылар сөйлемдердің тек тұрлаулы мүшелерден құралғанын анықтайды. Содан кейін осы сөйлемдегі ойды толығырақ жеткізу үшін 2-3 сөзден қосып отырады. Ол сөйлемдерді де сөйлем мүшелеріне талдайды. Екі бағанадағы сөйлемдер салыстырылады. Ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады. Осыдан кейін қай бағандағы сөйлемдерді жалаң, қай бағандағы сөйлемдерді жайылма сөйлем деп атауға болатынын өздеріне айтқызуға болады.

3) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады .

1-жаттығу. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда. Қай бағандағы сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелер бар?

1. Мұз қатты. 1. Өзенге мұз қатты.

2. Есік ашылды. 2. Есік айқара ашылды.

3. Бұлбұл сайрады. 3. Бақта бұлбұл сайрады.

4. Жазушы жазды. 4. Жазушы қызықты әңгіме жазды.
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, сөйлем мүшелеріне талда. Берілген сөйлемдерді төмендегі сызба бойынша толықтырып жаз. Тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қой.

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, алдымен жалаң, содан соң жайылма сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

4-жаттығу. «Үйрек пен Ай» ертегісін түсініп оқы. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге, жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жаз. Ертегі мәтіннің қай түріне жатады?
4. Қорытынды бөлім

1) Жалаң сөйлемдерге мысал келтіру.

2) Жайылма сөйлемдерге мысал келтіру.

3) Бір ғана тұрлаулы мүшеден жасалған сөйлемге мысал келтіру. Мысалы. Қыс.

5. Үйге тапсырма беру. 5-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырып жаз. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты: жалаң, жайылма сөйлемдер туралы алған білімін бекіту; тұрлаусыз мүшелер туралы түсінігін жетілдіру.
Сабақтың әдісі: «Дөңгелек үстел», «Пирамида» стратегиялары.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 5-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырып жаз. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.

2) Жалаң сөйлем дегеніміз не? Жайылма сөйлем дегеніміз не?

3.Жаңа сабақ:

1) Қызығушылығын ояту

Оқушыларды үш топқа бөлу.

Сабақ «дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша жүргізіледі. Әр топқа бір жалаң сөйлем беріледі. Дидактикалық материалдардан 22-бет. 3-тапсырма. (Жалаң сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосып, жайылма сөйлемдерге айналдырып жазу)

Әр топтағы оқушылардың әрбірі сол сөйлем мазмұнына сай бір тұрлаусыз мүшеден қосып отырады. Сонымен, әр топ өздері құрған жайылма сөйлемдерді оқиды. Тапсырманы пирамида түрінде жазуға болады.

Мысалы: 1. Суретші салды.

2. Суретші сурет салды.

3. Суретші бүгін сурет салды.

4. Суретші бүгін керемет сурет салды.

5. Суретші бүгін керемет әсерлі сурет салды.
2) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады .

1-жаттығу. «Сілеусін» мәтінін түсініп оқу. Мазмұнын әңгімелеу. Сілеусінді неге мысыққа теңеген? Мәтіннен үш жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жазу.
2-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу.

Пышағы кесті,

Шанышқысы шанышты.

Жаңылтпашта неше жай сөйлем бар? Олар жай сөйлемнің қандай түріне жатады?

3-жаттығу. Орны ауыстырылған сөйлемдерді ретімен жазу. Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып айту.
5-жаттығу. Өлеңді түсініп оқу. Сұрақтарға жауап жазу.

Мен не істедім? ___________________________________________________________.

Ара не істеді? ___________________________________________________________.

Араның балы қандай? ______________________________________________________.

Ал тілі қандай? _______________________________________________________.

Жай сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсатығы мен айырмашылығын айту.

3) Өздік жұмыс. Дидактикалық материалдардан 22-бет.

2-тапсырма. Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жазу.

4. Қорытынды бөлім

  • Жалаң, жайылма деген сөздердің мағынасын қалай түсінесің? Сөйлемнің түрлерін неге бұлай атады деп ойлайсың?

5. Үйге тапсырма беру. 4-жаттығу. Сұрақтардың орнына жауап болатын сөздерді қойып, сөйлем құрастырып жаз.

Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз

Сабақтың мақсаты: қаратпа cөздің мағынасын түсіндіру; қаратпа сөзді дауыс ырғағы арқылы ерекшелеп айту керектігін үйрену; қаратпа сөздің негізгі ойға байланысты екендігін түсіндіру.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 4-жаттығу. Сұрақтардың орнына жауап болатын сөздерді қойып, сөйлем құрап жаз.

2) Жалаң сөйлем дегеніміз не? Жайылма сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.

3.Жаңа сабақ:

1) Қаратпа сөз – адамдар өзара қарым-қатынасқа түсіп, пікір алысу кезінде өз сөзіңді қарата айтқан адамның көңілін аудару үшін қолданылады. Осы сабақта түрлі жаттығуды орындау арқылы ойдың кімге арналып, кімге қаратылып айтылғанын оқушылар анықтай білуі тиіс. Қаратпа сөздің мағынасын оқушылар өзара, мұғаліммен сөйлесу барысында меңгеруі керек. Мысалы, сыныпқа сұрақ қойып:

- Айман, сен жауап берші, - деп сұраққа көңілін аудартып, оның жауабын айту кімге қаратылып отырғанын нақты түсіндіру. Сол сияқты, қаратпа сөзді қолданып оқушыларды өзара сөйлестіру.

Қаратпа сөздің мағынасын ашу кезінде оның дербес сөйлем мүшесі бола алмайтынын, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленіп айтылатынына көңіл аударылады. Бұл жерде қаратпа сөздің мағынасы бір сөзге қатысты емес, сөйлемде айтылып отырған негізгі ойға байланысты екені ескеріледі. Сол себепті қаратпа сөз сөйлемнің бірде басында, бірде ортасында, бірде аяғында келетіні мысалдар арқылы көрсетіледі.

Ереже қорыту. Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер болады. Ондай сөздер қаратпа сөз деп аталады: Балам, дәптеріңді таза ұста!

2) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады .

1-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыр. Мағыналарында, тыныс белгілерінде қандай айырмашылық бар? Оқу кезінде айырмашылық байқала ма?

1. Бағдат ертегі оқыды. 1. Бағдат, ертегі оқы.

2. Оқушылар мектепте тәртіпті 2. Оқушылар, мектепте тәртіп сақтаңдар.

сақтауға міндетті.

3. Әжем кесте тігуді үйретті . 3. Әже, кесте тігуді үйретші .
2-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қаратпа сөздің астын сызу. Қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгі қойылған? Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен рөлге бөліп оқу.
3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

- Қызым-ау, бәрін жей салмадың ба? Еріп кетеді ғой, - дейді.

- Апа, мен оны жылағанда жеймін, - деді қызы.
5-жаттығу. Суретке қарап, қаратпа сөзі бар сөйлемдермен ертегі құрастыру.

3) Өздік жұмыс. Дидактикалық материалдардан 23-бет.

1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қаратпа сөздерді тауып, астын сызу.

- Ата, Қарагердің үйірі қашан келеді?

- Е, балам, Құдай қалаған күні келеді, - деді атасы.

- Ата, Күреңтөбел аман-сау келсе, өзім бас білдіремін, - деді Жарас.

- Жарасжан, Күреңтөбел саған көне қоймас, асау ғой, - деді атасы.

3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу. Қаратпа сөздерді табу. Өлең мазмұны бойынша жол жүру ережесін әңгімеле.

4. Қорытынды бөлім

1) Қаратпа сөз дегеніміз не? Мысал келтіру.

2) Тыныс белгісі туралы не айта аласың?

5. Үйге тапсырма беру. 4-жаттығу. Оқып, қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу

Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөздің тыныс белгілері

Сабақтың мақсаты: қаратпа сөз сөйлем басында айтылса, соңынан үтір, ортасында тұрса, екі жағынан, ал сөйлем аяғында айтылғанда, алдынан үтір қойылып жазылатынын оқушыларға меңгерту.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. Оқып, қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу

1. Айым бөлмедегі гүлдерге су құйды. Айым, бөлмедегі гүлдерге су құй. 2. Балам, аталарыңа батырлар жырын айтып берші. Баласы аталарына батырлар жырын айтып берді. 3. Көрші, үйге кіріңіз! Көрші үйге кірді.

3.Жаңа сабақ:

1)Өткен сабақта алған білімін еске түсіру

Тақтаға төмендегідей кесте ілінеді. Оқушылар кестеде жазылған сөйлемдерді оқып, қаратпа сөздерді табады. Екінші бағанда қаратпа сөз сөйлемнің қай жерінде тұрғанын жазады.

Сөйлем

Сөйлемдегі орны

Балам, мына лебізің қандай жақсы еді.

Сөйлем басында

Кел балалар, оқылық!

...

Айтыңыз, әке.

...

Біреудің назарын аудару үшін немесе бір затқа қарата айтылғанда қолданылатын сөздердің қаратпа сөздер деп аталатыны оқушылардың есіне түсіріледі. Оқушылар қаратпа сөз сөйлемнің басы, ортасы және соңында келетін сөйлемдерден мысалдыр келтіреді.

2)Жаңа сабақты түсіндіру

Кестеде жазылған сөйлемдерге, яғни ондағы тыныс белгілеріне оқушылардын назары аударылды. Қаратпа сөздін тыныс белгілері туралы түсінік беріледі. Қаратпа сөз әрқашан сөйлемде айтылатын ойға қатысты болатыны, сондықтан айтқанда дауыс ырғағы арқылы сөйлемнен ажыратылып айтылатыны түсіндіріледі. Қаратпа сөз кейде үтір немесе леп белгісімен ажыратылады. Мысалы, Айдар аға! Әкем сізге сәлем айтып еді.(Оқулықта леп белгісі туралы айтылмаған, оны жоғары сыныптарға барғанда өтеді.) Мысалдарды тақтаға жазып, кестедегі сөйлемдермен салыстыра отырып түсіндіру.

3)Оқулықтағы жаттығулар орындалады.

4) Өздік жұмыс. Дидактикалық материалдардан 24-бет.

2-тапсырма. Қаратпа сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

4-тапсырма. Сызба бойынша сөйлемдер құрастырып жазу.

1. , ?
2. , .

3. , , !
4. Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау кезінде қаратпа сөзден берік дағды қалаптасу үшін төмендегідей жұмыстарды орындату:

  • кез келген мәтіннен қаратпа сөзді тапқызу;

  • қаратпа сөзге байланысты тыныс белгісі қойылмай жазылған сөйлемдерге тыныс белгілерін қойып шығуға тапсырма беру;

  • берілген сөздерді қаратпа сөз етіп және оны сөйлемнің бірде басына, бірде ортасына, бірде аяғына келтіріп оқу, тыныс белгісін тиісті орнына қою.

5. Үйге тапсырма беру. 4-жаттығу. Қаратпа сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер

Мақсаты:

Білімділік: сөз және оның мағынасы туралы білімін кеңейту; берілген сөздермен мәндес сөздерді таба білу; сөздердің мағынасын анықтай білуді үйрену; сөздік қорын арттыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын арттыру, мағынасына қарай сөздерді қолдана білуге

дағдыландыру.

Тәрбиелік: Сөздік қорын көбейту, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Таблицалар, таратпалар.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. Қаратпа сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

3.Жаңа сабақ:

1) Мәндес сөздермен таныстыру мақсатында берілген жаттығуларды орындау арқылы балалар кейбір сөздерді сол мағынаны беретін басқа сөздермен ауыстырып айту, ол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау, берілген мағыналас сөздердің ішінен өз ойын дәл беретінін таңдап, мәндес сөздерді қолданып мәтін құрастыруды үйрету.
2) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады.

1-жаттығу. Берілген сөздерге мәндес сөздер тауып жазу.

Атақты, ..., ..., ... . Батыр, ..., ..., ... . Ақылды, ..., ..., ... .

Әділетті, ..., ..., ... . Талапты, ..., ..., ... .
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Мәндес сөздер тауып, топтап жазу.
3-жаттығу. Суретті мұқият қарау. Берілген мәндес сөздер қай суретке сәйкес келеді?

Мәндес сөздер: бала, сәби, перзент; ақылдасу, кеңесу; егу, себу, отырғызу; басқыш, саты; ағарту, әктеу.
4-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздерді төмендегі мәндес сөздермен ауыстыру.
5-жаттығу. Берілген сөздердің ішінен мәндес сөздерді тауып, топтап жазу.

Жуас, мереке, зат, жұмыс, майысу, момын, нәрсе, қызмет, иілу, мейрам.
4. Сабақты қорытындылау.
5. Үйге тапсырма . 6-жаттығу.Жақша ішіндегі сөздерді мағынасына қарай таңдап, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер

Мақсаты:

Білімділік: сөз және оның мағынасы туралы білімін кеңейту; берілген сөздермен мәндес сөздерді таба білу; сөздердің мағынасын анықтай білуді үйрену; сөздік қорын арттыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын арттыру, мағынасына қарай сөздерді қолдана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Сөздік қорын көбейту, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Таблицалар, таратпалар.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

6-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді мағынасына қарай таңдап, сөйлемдерді көшіріп жазу.

3.Жаңа сабақ:

1) Мәндес сөздермен таныстыру мақсатында берілген жаттығуларды орындау арқылы балалар кейбір сөздерді сол мағынаны беретін басқа сөздермен ауыстырып айту, ол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау, берілген мағыналас сөздердің ішінен өз ойын дәл беретінін таңдап, мәндес сөздерді қолданып мәтін құрастыруды үйрету.
2) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады.

1-жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Қарамен жазылған сөздерді мәндес сөздермен ауыстырып жазу.

Мәндес сөздер: мадақтау, ағайын, өтірік, ірі, айналасында.
2-жаттығу.

Берілген сөздерге мәндес сөздер тауып жазу. 3-4 сөзге сөйлем құрастыру.

Қайталау, пысықтау, ..., ... . Озат, үздік, ..., ... . Қайрау, өткірлеу, ..., ... . Кішірейту, тарылту, ..., ... .
3-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді мағынасына қарай таңдап, сөйлемдерді көшіріп жазу.
4-жаттығу. Суретті мұқият қарау. Берілген мәндес сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу.

Мәндес сөздер: жарық, нұр, сәуле; бәйге, сыйлық, жүлде; жанкүйер, көрермен.
5-жаттығу. Берілген сөздердің ішінен мәндес сөздерді тауып, топтап жазу.

Жуас, мереке, зат, жұмыс, майысу, момын, нәрсе, қызмет, иілу, мейрам.
4. Сабақты қорытындылау.

5. Үйге тапсырма . 5-жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Қарамен жазылған сөздерге мәндес сөздер тауып жаз.

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер

Мақсаты:

Білімділік: сөз және оның мағынасы туралы білімін кеңейту; берілген сөздермен мағыналас сөздерді таба білу; сөздердің мағынасын анықтай білуді үйрену; сөздік қорын арттыру.

Дамытушылық:Сөздік қорын арттыру,мағынасына қарай сөздерді қолдана білуге

дағдыландыру.

Тәрбиелік: Сөздік қорын көбейту, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Таблицалар,таратпалар.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Қарамен жазылған сөздерге мәндес сөздер тауып жаз.

3.Жаңа сабақ:

1) Сөздердің мағынасын түрлі тәсілмен түсіндіру. Айрықша ескеретін нәрсе – оқушы сөздердің мағынасын ашуға ұмтылу арқылы әр затты, құбылысты саралап, дәл анықтауға дағдылануы тиіс. Сонда бұл жұмыс олардың ойын дамытады.Сонымен бірге тақырыпты оқыту оқушылардың сөздік қорын байытуға, ойын ұштауға көмектеседі.

Қарсы мәндес сөздердің мағынасын ашуға оқулықта жаттығу берілген. Қарсы мәндес сөздерді жұбымен жазып үйрену. Әр топты оқығанда қарсы мәндес сөздердің дұрыс жұпталуын, айтылу ретінің дұрыс болуын қадағалау. Қарсы мәндес сөздерді ретімен, демек, алдымен жағымды сөзді жазу керектігін ескертіп, оны жаттығу арқылы көрсету. Қарсы мәндес сөздермен берілген нақыл сөздер, мақалдарға көңіл бөлу. Жаттығуларды орындау барысында сөйлем ішінен қарама-қарсы сөздерді тауып, басқа да сын есем табынан болған қарсы мағыналы сөздерге мысалдар келтіру.

2) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады .

1-жаттығу. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жазу. Өзі таңдаған үш сөзбен сөйлем құрау.

жарық - ... жеңу - .... алыс - ... қисық - ...

қалың - ... жасару - .... ұйықтау - ... тоңу - ...
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу.
3-жаттығу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып жаз.
4 -жаттығу. Ребусты шешсең, қарама-қарсы мағыналы сөз шығады. Сол сөздермен сөйлем құрастырып жаз.

икемді - олақ

3) Шығармашылық диктант.

Қарама-қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек, мағынасы жуық сөздерді бір бөлек теріп жазу.

Шықты - кірді, оңай - жеңіл, асығу - аптығу, ірі - ұсақ, зәулім - биік, абырой - бедел,

тұнық - лай, ыcтық - суық, алғыс – қарғыс.
4. Сабақты қорытындылау.
5. Үйге тапсырма . 5-жаттығу. Мақалдарды оқы. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді теріп жаз.

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер

Мақсаты:

Білімділік: сөз және оның мағынасы туралы білімін кеңейту; берілген сөздермен мағыналас сөздерді таба білу; сөздердің мағынасын анықтай білуді үйрену; сөздік қорын арттыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын арттыру, мағынасына қарай сөздерді қолдана білуге

дағдыландыру.

Тәрбиелік: Сөздік қорын көбейту, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Таблицалар,таратпалар.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу. Мақалдарды оқы. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді теріп жаз.
3.Жаңа сабақ:

1) Сөздердің мағынасын түрлі тәсілмен түсіндіру. Айрықша ескеретін нәрсе – оқушы сөздердің мағынасын ашуға ұмтылу арқылы әр затты, құбылысты саралап, дәл анықтауға дағдылануы тиіс. Сонда бұл жұмыс олардың ойын дамытады.Сонымен бірге тақырыпты оқыту оқушылардың сөздік қорын байытуға, ойын ұштауға көмектеседі.

Қарсы мәндес сөздердің мағынасын ашуға оқулықта жаттығу берілген. Қарсы мәндес сөздерді жұбымен жазып үйрену. Әр топты оқығанда қарсы мәндес сөздердің дұрыс жұпталуын, айтылу ретінің дұрыс болуын қадағалау. Қарсы мәндес сөздерді ретімен, демек, алдымен жағымды сөзді жазу керектігін ескертіп, оны жаттығу арқылы көрсету. Қарсы мәндес сөздермен берілген нақыл сөздер, мақалдарға көңіл бөлу. Жаттығуларды орындау барысында сөйлем ішінен қарама-қарсы сөздерді тауып, басқа да сын есем табынан болған қарсы мағыналы сөздерге мысалдар келтіру.

2) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады .

1-жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді теріп жазу.
2-жаттығу. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жазу.

оңтүстік - ... таңертең - .... ауыр - ...

ыстықтау - ... биік - .... арзан - ...
3-жаттығу. Мәтінді оқып, қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу.

4 -жаттығу. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек, мәндес сөздерді бір бөлек теріп жазу.

5-жаттығу. Сурет бойынша қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырып жазу.
3) Сөздік диктант.

Ащы - тұщы, осал - берік, ақ - қара, үлкен - кіші, аласа - биік, жақсы - жаман,

таза - лас, тату - араз, ұзын – қысқа.
4. Сабақты қорытындылау.
5. Үйге тапсырма . 6-жаттығу. Көп нүктенің орнына қарамен жазылған сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жазу.

Сабақтың тақырыбы: Мағынасы әртүрлі сөздер

Мақсаты:

Білімділік: сөз және оның мағынасы туралы білімін кеңейту; берілген сөздермен мағыналас сөздерді таба білу; сөздердің мағынасын анықтай білуді үйрену; сөздік қорын арттыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын арттыру, мағынасына қарай сөздерді қолдана білуге

дағдыландыру.

Тәрбиелік: Сөздік қорын көбейту, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Таблицалар, таратпалар.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

6-жаттығу. Көп нүктенің орнына қарамен жазылған сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жазу.
3.Жаңа сабақ:

1) Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздерді оқыту. Оқушылар сабақта дыбысталуы бір, мағынасы әртүрлі сөздердің мағынасын ашып үйренеді. Бірдей айтылатын сөздердің әртүрлі мағынасына анықтама береді, ол сөздер сөйлемде қандай мағына беріп тұрғанын анықтайды.
2) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады .

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Дыбысталуы бірдей сөздердің астын сызу.

2-жаттығу. Суретте бейнеленген заттардың атауымен бірдей дыбысталатын, бірақ мағынасы басқа сөздерді табу.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

5-жаттығу. Жұмбақтың шешуін табу. Шешуі болған сөздердің басқа мағыналарына сөйлем құрастыру.
3) Көру диктанты

Жатқа жазу. Айтылуы бірдей сөздердің астын сызу, мағынасын түсіндіру.

Шиіріп асық, Соқсын жел, Тамақ жер,

Ойнауға асық. Атпен жел. Ізде бір жер.
4.Сабақты қорытындылау.

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздерді қалай түсінесің?

Мысал келтір.

5.Үйге тапсырма . 4-жаттығу. Нақыл сөздерді оқы. Қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын айт.

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамын еске түсіреміз
Сабақтың мақсаты: қосымшалар жалғанғанда сөз мағынасы өзгеретінін түсіндіру; түбірден қосымшаны, жалғаудан жұрнақты ажырата білуді үйрету; туынды сөздер туралы білімін пысықтау.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. Нақыл сөздерді оқы. Қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын айт.
3.Жаңа сабақ:

1) Сөз құрамы туралы бұрынғы сабақта алған білімін еске түсіреді.

«Не қажет?»дидактикалық ойыны.

Бұл ойынның мақсаты- сөйлемдегі сөздердің негізгі түбіріне қосымшалар, яғни жалғау жалғану арқылы ғана бір-бірімен байланысатын түсіндіру. Ол үшін сөйлемдегі сөздердің қосымшалары түсіріліп беріледі. «Балалар серуен… шық… . Олар… орман… іші… кел… Биік өскен ағаш… көрін…». Деген секілді бірнеше сөйлемдер тақтаға жазылады.

Оқушылар сөйлем сөздерінің қалып қойған қосымшаларын тауып, дәптеріне жазуы тиіс. Тез әрі дұрыс жазған оқушы бағаланады.

2) Таблицамен жұмыс

- Балалар түбір мен туынды сөздерді салыстырып оқып, мағыналық айырмашылығын айтуы тиіс. Сөз мағыналарын танытқаннан кейін оған жалғанған жұрнақтарға назарын аудару қажет. Балалар қосымшалардың әсерінен сөз мағынасы өзгеретінін түсінеді.

- Жалғауды жұрнақтан ажырата білуді үйрету.

3) Сөз құрамын еске түсіру, қайталау бойынша оқулықта берілген жаттығулар орындалады.

1-жаттығу. Мақалдарды оқып, көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.
2-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.

«Ақ халатты абзал жан» дегенді қалай түсінесің?
4-жаттығу. Сөзжұмбақты шешу. Сол сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, белгілерін қою.

Дәрігер, суретші, домбырашы, қобызшы.
5-жаттығу. Берілген сөздерге жұрнақ қосып жазсаң, жаңа сөз жасалады. Ол қандай сөздер? Сөздердің мағынасы өзгерді ме?

Күрек, балапан, биші, заңгер, ойыншы, ақылды, кітапхана.
4. Дидактикалық материалдармен жұмыс 25-бет, Сөз құрамы. №1

1-тапсырма.Мәтінді оқы. Жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді екі бағанға теріп жаз.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Ол сөздердің түбірі мен қосымшасын белгіле.

5. Сабақты қорытындылау

Тақтаға бірнеше түбір сөзді жазып, сол сөздерден туынды сөздер жасауға тапсырма беріледі.

6. Үйге тапсырма . 3-жаттығу. Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жазу.

Қазақ тілі 3 «А» сынып 65-сабақ

Күні: 12.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы
Сабақтың мақсаты: қосымшалар жалғанғанда сөз мағынасы өзгеретінін түсіндіру; түбірден қосымшаны, жалғаудан жұрнақты ажырата білуді үйрету; туынды сөздер туралы білімін пысықтау.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3-жаттығу. Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жазу.

Қазақ тілі 3 «А» сынып 66-сабақ

Күні: 13.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы
Сабақтың мақсаты: қосымшалар жалғанғанда сөз мағынасы өзгеретінін түсіндіру; түбірден қосымшаны, жалғаудан жұрнақты ажырата білуді үйрету; туынды сөздер туралы білімін пысықтау.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. Нақыл сөздерді оқы. Қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын айт.

3.Жаңа сабақ:
Өтілген материал бойынша жасалатын жұмыс

«Сөйлем қуаласпақ» ойынын ойнату. Тақтаға Крыловтың «Қарға мен түлкі» деген мысалы бойынша салынған сурет ілінеді. Мқғалім басқа суретті таңдап алса да болады.

Сурет мазмұны ашатын сөздер бөлек-бөлек карточкаларға жазылып, оқушыларға таратылып беріледі. Карточкасында әңгіменің бастамасындағы, бірінші тұратын сөйлем берілген. Осы тәртіп бойынша қалған сөйлемдердің табылуына қарай оқушылар тақта алдына қатар тұрады. Сосын сөйлемдерін кезекпен оқып шығады. Ең соңында бір-екі оқушы карточкалардағы сөйлемдер бойынша әңгіменің жалпы мазмұнын айтып береді.

Қарға мен түлкі

Қарға ірімшік тауып алды. Ол ірімшікті тістеп, бұтаққа қонды. Қонғаның түлкі көрді. Түлкі қарғаны алдап, ірімшікті жегісі келді. Түлкі қарғаны өтірік мақтады. Қарға оған сенді. Түлкі оның ән салуын сұрады. Қарға қарқ етті. Ірімшік ұшып кетті. Түлкі оны қағып алды. Қарға алданып қалды.

Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс

1. Сөз құрамы туралы бұрынғы сабақта алған білімін еске түсіреді.

«Не қажет?» ойынын ұйымдастыруға болады.

Бұл ойынның мақсаты- сөйлемдегі сөздердің негізгі түбіріне қосымшалар, яғни жалғау жалғаны арқылы ғана бір-бірімен байланысатын түсіндіру. Ол үшін сөйлемдегі сөздер қосымшалары түсіріліп беріледі. «Балалар серуен… шық… . Олар… ормен… іші… кел… Биік оскен ағаш… көрін…». Деген секілді бірнеше карточка жасалды.

Ойын тәртібі: ойыеға қатысушы оқушыларға қосымшалары қалдырылып кеткен карточкалар үлестіріледі. Әр оқушы өз карточкасындағы сөйлем сөздерінің қалып қойған қосымшаларын тауып, дәптеріне жазуы тиіс. Тез әрі дұрыс жазған оқушы ұтқан болып табылады.

  1. Балалар түбір мен туынды сөздерді салыстырып оқып, мағыналық айырмашылығын айтуы тиіс. Сөз мағыналарын танытқаннан кейін оған жалғанған жұрнақтарға назарын аудару қажет. Балалар қосымшалардың әсерінен сөз мағынасы өзгеретінін түсінеді.

  2. Жалғауды жұрнақтан ажырата білуді үйрету керек. Осы тұста жаттығу жұмыстары арқылы туынды сөзді, жалғаудың жұрнақтан кейін де жалғанатынын қайталап өту керек.

  3. Сөз құрамын еске түсіру, қайталау бойынша оқулықта берілген жаттығулар орындалады.

Сабақты қорытындылау

Тақтаға бірнеше түбір сөзді жазып, сол сөздерден туынды сөздер жасауға тапсырма беріледі.

Қазақ тілі 3 «А» сынып 67-сабақ

Күні: 14.01.2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Түбір және туынды сөз
Сабақтың мақсаты: сөз құрамын анықтау, яғни түбір сөзден туынды сөзді ажырата білуді үйрету; туынды сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
3.Жаңа сабаққа дайындық

Тақтаға сөздер жазылған плакат ілінеді немесе төмендегідей сөздер мен жұрнақтар жазылады. Оқушыларға осы сөздерге жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасауға тапсырма беріледі. Жұрнақ жалғанғанда қандай өзгеріс болатыны оқушылардан сұралады. Сөздерге сұрақ қойылады.

-лық, -паз, -ші

Ай, кезек, өнер

  • Енді осы сөздерге жалғау жалғап айтайық. Сөздердің мағынасы өзгереді ме? Жалғаудың қызметі қандай еді? Еске түсірейік (мысалы, Айға, кезекке, өнерді).

  • Сонымен, сөздерге жұрнақ жалғанса, сөздер қалай өзгереді?

4.Жаңа сабақты түсіндіру

  • Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз туынды сөз деп аталады. Яғни жұрнақ арқылы жасалған айлық, кезекші, өнерпаз сөздерін туынды сөз деп атаймыз. Туынды сөздерге мысалдар келтірейік.

Оқушылар бірнеше мысал келтіріп, оларды сөз құрамына талдайды. Бұл жұмысты тақтада орындауға болады.
Оқулықта берілген жаттығулар орындалады.
1-жаттығу. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын табу, белгілеу.
2-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа жазу. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.
3-жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқу. Туынды сөздерді теріп жазу, түбірі мен қосымшасын тауып, белгілерін қою.

4-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Жұмбақ шешуі болған сөздерді сөз құрамына талдау.
5. Дидактикалық материалдармен жұмыс 26-бет, Сөз құрамы. №1

3-тапсырма. Мақалдарды түсініп оқы. Туынды сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.

4-тапсырма. Өлеңді көшіріп жаз. Туынды сөздерді тауып, астын сыз.
6. Сабақты қорытындылау

Тақтаға бірнеше түбір сөзді жазып, сол сөздерден туынды сөздер жасауға тапсырма беріледі.

7. Үйге тапсырма . 5-жаттығу. Ребусты шешу, сол сөздің түбірі мен қосымшасын ажырату. Осы сөзбен сөйлем құрастырып жазу.

Қазақ тілі 3 «А» сынып 68-сабақ

Күні: 15.01.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Түбір және туынды сөз
Сабақтың мақсаты: сөз құрамын анықтау, яғни түбір сөзден туынды сөзді ажырата білуді үйрету; туынды сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу. Ребусты шешу, сол сөздің түбірі мен қосымшасын ажырату. Осы сөзбен сөйлем құрастырып жазу.

3.Жаңа сабаққа дайындық

Тақтаға сөздер жазылған плакат ілінеді немесе төмендегідей сөздер мен жұрнақтар жазылады. Оқушыларға осы сөздерге жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасауға тапсырма беріледі. Жұрнақ жалғанғанда қандай өзгеріс болатыны оқушылардан сұралады. Сөздерге сұрақ қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет