Сабақтың тақырыбы
|
Дыбыс үндестігі
|
Осы сабақтағы оқуды мақсаттары
|
4.1.7.1 сөз ішіндегі және сөз бен сөздің арасындағы буын, дыбыс үндестігін сақтап айту
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: Мəтіннің тақырыбын, негізгі ойды анықтайды.
|
Көптеген оқушылар: Мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара
сəйкестігін анықтайды. Сөзге қосымшалар жалғауда
дыбыс үндестігін ескеріп қолдана біледі.
|
Кейбір оқушылар үшін: Мəтіндегі негізгі ойды тұжырымдап, ой қорыту жасай алады.
|
Әдіс-тәсілі:
|
Топтық, жұптық, жеке жұмыс
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы
Мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін
анықтау;
Сөзге қосымшалар жалғауда дыбыс үндестігін ескеріп
қолдана білу;
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік сөздер фонетика
Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқылау үшін сұрақтар:
Дыбыс үндестігі деген не?
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану,әдебиеттік оқу
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Бұған дейін меңгерілген білім
|
Фонетика. Буын жəне тасымал.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт есебі
|
|
Ресурс
|
Бағалау
|
Сара-лау
|
Сабақтың басы
Минут
Сабақтың ортасы
|
(Ұ) Жаңа сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін
сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты: Суретті сызбаның көмегімен мәтіннің мазмұнын болжауды,сөздері дыбыс үндестігіне сәйкес айтуды үйренемін.
46-жаттығу. Сөз тіркесін көшіріп жаз.
Ақ жаулық,ай қабақ,дөңгелек үстел,көк аспан.
47-жаттығу
Оқы.Сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың айтылу кезінде өзгеру себебін түсіндір.
Ақ лақ,ала кел,торы ат,ақ алтын,қара ала сиыр.
48-жаттығу
Сөздердің қатесін түзетіп жаз.
Жұмысшы,сенбеді,жауынгер,жарқабақ,ақ лақ,ала кел.
49-жаттығу
Берілген жоспар мен тірек сөздерді пайдаланып, «Арал теңізі» тақырыбында монолог құр.
Жоспар:
1.Арал теңізі
2.Арал теңізінің апатты аймаққа айналуы
3.Арал теңізін құтқару шаралары
Мен Арал теңізімін.Қазір апатты аймаққа ұшырадым.Бұрынғыдай суым көп емес.Суым буға айналып,суалып,азайып қалдым.Қазіргі уақытта елдің назары маған аударылып,ғаламдық мәселеге айналдым.
|
Оқулық
Оқулық
дәптер
|
бармақ
Ауызша
|
|
|
Сергіту сәті
Жұптық жұмыс
50-жаттығу.
Қараала қара ала
Үңгүр үңгір
Жасса жазса
Көмбеді көнбеді
Келемекен көк гүл
Көк күл келе ме екен
|
Оқулық
дәптер
|
смайлик
|
|
Соңы
36-40 минут
|
Рефлексия
Үйге тапсырма
|
|
|
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оқыту ортасы қандай болды?
Сабақ қандай деңгейде өтті?
Оқушыларға дифференциация сәтті болды ма?
|