Тақырып бойынша танымдық қызығушылықты қолдау және дамыту.
Өткен сабақтағы білімін жүйелеу мақсатында қауіпсіздік техникасы тақырыбына сұрақ қойып оқушылардан жауап алады.
«Шеңбер» әдісі
«Ережене айтып бер»
Оқушылар ортаға шығып шеңбер болып орналасады. Әр оқушы бір кеспе қағаздан алып, курсетілген суреттін түсініктемесін береді.
(Косымша1)
Қауіпсіздік ережесіне қатысты суреттерде қандай енгізу/шығару құрылғылары көрсетілген?
Жұптық жұмыс Оқушылар білімін жүйелеуге қатысты, кеспе қағаздан алып жұбын табады. Оқушылар жұптасып орындайды.
(Қосымша 2)
«Сұрақ - жауап»
Дыбысты жазу үшін қандай құрылғы қолданамыз
Шығару құрылғысы –дыбыс күшейткіш немесе құлаққап
Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.
Оқушылар «Дыбыстық ақпараттарды өңдеуге арналған бағдарламада жұмыс істеу тәсілдері» келесі сілтеме бойынша қарап тапсырманы орындап білімін бекітеді.
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/dybystyq-aqparattardy-ongdeuge-arnalhan-bahdarlamada-zhumys-isteu-tasilderi Дыбыстық ақпараттарды өңдеуге арналған бағдарламада жұмыс істеу тәсілдері
Ресурс қарап болған соң оқушыларға Audacity программасы арқылы дыбысты жазып ойнатуын көрсетеді.
Оқушылардың дыбыс редакторын қаншалықты меңгергенің кеспе қағаз арқылы тексереді.
(Қосымша 3 «батырмаларды атаңыз»)
Сергіту сәті
Оқушыларды ортаға шақырып флешмоб орындау. Сергіту сәтті мұғалім оқушылармен бірге орындайды.