II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
- «Ол ақын болар ма еді?..» мазмұнын айту және «Ер есімі – ел есінде» деген тақырыпқа әңгіме жазу.
- Сабаққа кім дайын? (3 – 4 оқушыдан сұраймын)
Сұрақ – жауап
Әңгіме кім туралы?
Мәтіннен Қайрат Рысқұлбеков жөнінде не білдің?
Әңгімеде Қайраттан басқа тағы қандай «Желтоқсан құрбандарының» аттары аталған?
Қ. Рысқұлбеков неге «атам десең, атыңдар» деді?
Студенттер көтеріліске не үшін шықты?
Желтоқсан оқиғасы қашан болды?
1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасының жұрт біле бермейтін, өз кезегінде айтылмай қалған жұмбақтары толы сырларын бүкпесіз аша білген тарихымыздың қатпарлы беттерін ашу жолына қосылған сүбелі үлес деуге әбден болады. Солардың бірі Мұхтар Шаханов.
III. Жаңа сабақпен таныстыру.
Дәптермен жұмыс.
- Оқушылар, барлығымыз дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық.
- Бүгін, Желтоқсанның он төрті.
- Бүгінігі өтетін тақырыбымыз, «Төрт ана»
- Оқулықтың 79-шы бетін ашамыз
Мұхтар Шахановтың өміріне тоқталу.
Мұхтар Шаханов (2 шілде 1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны, драматургі. Алғашқы өлеңі («Сырдария») 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы («Бақыт») 1966 жылы жарық көрді. «Арман», «Шың басындағы оқиға», «Алтын, күміс және қалайы», «Жайықпен жүздескенде», «Байқаймысың», «Жалын», «Жанерке» атты өлеңдердің авторы. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы,республикалық "Жалын" журналының бас редакторы. 2004 – 2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
IV. Кітаппен жұмыс. Оқушыларға оқыту.(мәнерлеп оқыту)
Балалар, алдымен, мен оқимын, менің оқығаныма дұрыс назар аударып тыңдаңыздар.
Ал, енді, балалар, өздеріңіз іштеріңізден 1-2 қайталап өлеңді оқып шығыңыздар.
Балалар, 1 қатардан бастап әрқайсыңыз біріңізден соң біріңіз 4 жолдан мәнерлеп оқыңдар.
Қанекей, _____, бастай ғой. (Барлық оқушы 4 жолдан оқып шығады)
Қазір мен 3 қатарға әр түрлі тапсырма беремін: 1-қатар туған жер туралы бірнеше мақал-мәтелдер айтуы керек.
2 –қатар тіл туралы мақал-мәтелдер айтуы керек.
Ал 3-қатар қазақтың салт-дәстүрлерін атап-шығуы керек
2.Өлеңді оқу.
3.Өлеңнің мазмұнын ашу.
Ақын атаған төрт ана:
- Оқушылар айтады. (туған жер; туған тілі; салт-дәстүр; тарих;), Өз ойларын жүйелеп айтқызу.
V. Сергіту сәті.
(бейнебаян арқылы өткізу)
VI. Жаңа сабақты қорыту.
Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта нені үйрендік? Не білдік?
Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін үйрендік.
Мұхтар Шаханов атаған «Төрт ананы» атап көрсетіңдер
Туған жер, туған тіл, салт-дәстүр, тарих
Сабақ ұнады ма?
…….
VII. Бағалау.
Балаларды мадақтау. Балаларға бағалауға арналған фишкалар беру.
VIII. Үй тапсырмасы.
- Оқушылар бәріміз күнделігімізді ашып үй жұмысын жазып алайық.
- «Төрт ана» өлеңін жаттау.
- Оқушылар сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
IX. Қорытындылау.
- Тәуелсіздігіміздің тірігі, еліміздің жүрегі – Астанамыз асқақтай берсін! Бұл сабақта шығырмашылықпен жұмыс істедіңдер. Сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыларға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |