Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі халықтарының географиясы Мақсаты Білімділік



Дата09.08.2017
өлшемі78,72 Kb.
#23100
түріСабақ
Тақырыбы: Шетелдік Еуропа елдеріне жалпы сипаттама

Орындаған: Нұрғазиев Е.



Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі халықтарының географиясы

Мақсаты

Білімділік: Білімгерлерге Шетелдік Еуропа туралы жалпы түсініктеме беру.

Тәрбиелік: Білімгерлерді жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. экономикалық картасы, Еуропа құрлығының физикалық және экономикалық картасы, буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру, сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі және халықаралық мамандану.

  2. Халықаралық экономикалық интеграция, шаруашылық өмірдің интернационалдануы және Д.Ж. шаруашылықтың ғаламдануы.

  3. Трансұлттық корпорациялар

  4. Халықаралық сауда құрылымы және ерекшеліктері

  5. Ғылыми-техникалық білімді саудаға салу және еркін экономикалық аймақтар

  6. Халықаралық туризм-Д.Ж. экономиканың маңызды саласы

Қорытындылау. Үй тапсырмасын «ИНТЕГРАЦИЯ» атты сөзжұмбақ арқылы екі топты жарыстырумен қорытындылаймын.

ІІІ. Жаңа сабақ. « ШЕТЕЛДІК ЕУРОПА ЕЛДЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА»

Аумағы, шекарасы, орны: Ауданы – 5,4 млн.км². ШЕ солтүстіктен оңтүстікке ( Шпицберген аралынан Крит аралына дейін ) 5 мың км-ге, батыстан шығысқа қарай 3 мың км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Шағын мемлекеттерді қосқанда өзара байланысқан 42-ге таман мемлекеттерден құралып отыр. ШЕ 4 ірі аймаққа бөлініп отыр:

1 Шығыс Еуропа (1,2 млн.км²)

2 Орта Еуропа (1,5 млн.км²)

3 Солтүстік Еуропа ( 1,3 млн.км²)

4 Оңтүстік Еуропа (1,1 млн.км²)

Экономикалық жағдайы мен аймақтың саяси бірігуі: Көрші мемлекеттермен тікелей шектесуі және теңіз маңында орналасуы. Саяси картасы 3 рет өзгерістен өткен: бірінші және екінші Д.Ж. соғыс, ШЕ елдерінің құрылысының өзгеруі. Аймақтың саяси бірігулеріне Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйым (ОБСЕ), Еуропа кеңесі (ЕК), НАТО кіреді.

Табиғат жағдайлары мен байлықтары:


  • Шетелдік Еуропаның өнеркәсіптеріне қажетті шикізаттардың (пайдалы қазбалардың) шоғырлануы қте маңызды;

  • Тас көмір алабы Германияда Рур бассейні және Полшадағы Жоғарғы Силезия алабы;

  • Мұнай-газ алаптары- Солтүстік теңіз алаптары;

  • Темір кені алаптары- Франциядағы Лотарингия, Швециядағы Кируна алаптары;

  • Су энергетика байлығы Альпі, Скандинавия, Динар таулы аудандары.

Халқы:

Шығыс Еуропада ( ТМД елдеріне қатысты) 500 млн. халық бар.



  • демографиялық жағдайы күрт төмендеп кетті, себебі халықтың ұдайы өсуі теңеліп, жас құрамы өзгеруде, егде адамдар үлесі артып отыр;

  • иммиграция басым;

  • Дін; Шетелдік Еуропада үстемдік ететін діннің бірі- христиан, Оңтүстік Еуропада католицизм, Солтүстік Еуропада- протестанттық.

  • Католицизмнің Д.Ж. орталығы Ватикан (Римде)Урбанизация деңгейі басым. Қала халқы басым 90 %-ға дейін шоғырланған.

  • Қала агломерациясы –Лондон-Париж, Рейн-Рур болып есептеледі.

Шаруашылығы:

Шетелдік еуропа Д.Ж. шаруашылықта 1-ші орын алады(қызмет көрсету, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, экспорт, валюта қоры, туризм және т.б.). Экономикалық қуатты Батыс елдерінің «үлкен жетілігіне» Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия кіріп отыр. Испания, Нидерланды, Швейцария, Бельгия, Швеция экономиканың салмағы басым олар жекелеген салаларға маманданған елдер.



Өнеркәсібі:

Машина жасау: Шетелдік Еуропада машина жасау басты салаларының бірі. Өндірілетін барлық өнімнің 1/3-і және экспорттың 3/2-сі үлесіне тиеді. Жетекші автомобиль өнеркәсіптері: «Мерседес», «ВМW» Германия, «Рено», «Пежо» Франция, «Татра», «Шкода» Чехия, «Фиат» Италия, «Вольво» Швеция.

Химия өнеркәсібі: Ең химияландырылған ел –Германия.

  • Мұнай,химия орталықтары- Темза,Сена,Рейн,Эльба,Рона өзендері сағасында.

Отын-энергетика шаруашылығы:

  • Мұнай мен газ- Солтүстік теңізде өндіріледі және дамшы елдерден алынады.

  • Көмір-Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерландыда шоғырланған.

  • Қоңыр көмір- Чехия, Польша,Германияда шоғырланған.

  • СЭС – Дунай, Рона, Рейн, Дуэрдада салынған.

  • АЭС- Францияда,Чехия,Словакия,Ұлыбритания,Венгрия,Болгарияда салу мүмкіншіліктері бар.

Металлургия өнеркәсібі:

Қара металлургия- Германия,Ұлыбритания,Франция,Испания,Бельгия,Люксембург,Польшада.

Түсті металлургия- аллюминиий (Франция,Италия,Венгрия,Румыния,Греция). Мыс (Германия,Франция,Ұлыбритания,Бельгия,Польшада дамыған).

Жеңіл өнеркәсіп: Ағаш өнеркәсібінде Швеция,Финляндия «ағаш цехы» деп аталады;

Тоқыма өнеркәсібінде: Ұлыбритания, Бельгия, Италияда.

Тігін өнеркәсібі: Португалияда.

Аяқ киім шығару- Италияға тән.

Ауыл шаруашылығы

  • Солтүстік Еуропалық: сүтті мал шаруашылық, өсімдік шаруашылығы, малазықтық жақылдар, қара бидай өсіру тән;

  • Орта Еуропалық: сүтті етті мал шаруашылығы, шошқа және құс өсіру басым;

  • Исландия балық аулаудан халықаралық маманданған ел;

  • Оңтүстік Еуропалық: өсімдік шаруашылығы басым келеді, жеміс, майлы дақылдар өсіріледі. Жерорта теңізінің жағалауы- «Еуропаның басты бағы».

Апельсин шығару- Испания

Зәйтүн ағашы- Греция

«Сүт фермасы» - Дания

Демалыс және туризм

«Туризм индустриясы» қарқынды дамуда. Негізгі туризм орталықтары- Испания, Франция, Италия, Ұлыбритания, Германия, Австрия және Греция т.б. жатады. Айналадағы ортаны қорғау және экологиялық проблемалар. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «жасылдар» партиясы пайда болды.



Герман Федеративті Республикасы

S357мың км²

Халқы: 82,4 млн. (2004ж)

Ақша бірілігі- неміс еуросы

Мемлекет басшысы- канцлер Ангела Мергель

Әкімшілік-аумақтық құрылыс формасы федерациялық. Басқару формасы екі палатадан тұрады: Бундестаг жоғары палата болса және Бундесрат төменгі палата болып есептеледі. Демографиялық жағдайы өте күрделі тек иммигранттардың келуімен ғана халық саны толысып отырады. Иммигранттардың саны жөнінен Еуропадағы 1-ші орын алады. ГФР Д.Ж.-нің ең жоғары урбанизацияланған елдерінің бірі. Діні: протестанттар-44%, католиктер-37%. Шаруашылығы: Өте жақсы дамыған, Д.Ж. 50 ірі өнеркәсіпті компаниялардың ішіндегі жетеуі Германияда. Германия өзінің экономикалық жағдайының дамығандығымен әлемнің «Үлкен Жетілік » елдер қатарында. 1949 жылы Германия аумағында ГФР мен ГДР болып құрылған. Кейіннен олар 1990 жылы екі неміс мемлекеті болып қайта бірікті.



Біріккен Ұлыбритания корольдігі

S=244,1 мың.км²

Халқы:60,1 млн.(2004ж)

Ақша бірлігі- фунт стерлинг

Мемлекет басшысы- Девид Кемерон

Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі 4 ірі аймақтан тұрады: Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия (Ольстер). Мемлекеттік құрылысы: заң шығарушы орган парламенттің қолында, мемлекет басында монарх (коралева). Ең көне конституциялық монархия. Урбандалу деңгейі өте жоғары - 89%. Діні протестанттар-57%, рим католиктері-13%. Британ өнеркәсібі негізінен импорттық шикізатқа тәуелді. Күрделі әрі сан алуан машина жасау саласы жетекші роль атқарады. Англия – жетекші сауда державасы саналады. Лондон-Д.Ж. бірден-бір банк, қаржы және сақтандыру орталығы болып саналады.



Франция

S=551 мың км²

Халқы:60,2 млн. (2004ж)

Ақша бірлігі- еуро

Мемлекет басшысы- Николя Саркози

Мемлекеттік құрылысы парламенттік республика. Парламент 2 палатадан тұрады: жоғарғы –сенат, төменгі- ұлттық жиналыс. Діні католиктік-73 %. Өнеркәсібі Д.Ж. бойынша экономикалық дамуы жөнінен Франция 4-ші орын алады. (АҚШ, Жапония және Германиядан кейін). Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы басым. Ет, сүт өндіру мен бидай, қант қызылшасы, жүгері, арпа, жүзім түсімі жөнінен Франция Батыс Еуропада 1-орын алады.



Италия

S=301,3 мың²

Халқы: 58 млн. (2004 ж)

Ақша бірлігі- еуро

Мемлекет басшысы- Сильво Бирлоскони

Мемлекеттік құрылысы парламенттік республика. Парламент 2 палатадан тұрады: жоғарғы сенат, төменгі сенат (депутаттар). Урбандалу деңгейі орташа болып есептеледі- 67%. Діні католиктік-83%. Италия өнеркәсібі негізінен индустриялы өнеркәсіпке негізделген. Валюта көзі негізінен туризмнен түсетін пайда.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

Жаңа сабақты ішінде сұрақтары бар 4 қима-қағаздарды тарату арқылы бекітемін.

- Шетелдік Еуропа солтүстіктен оңтүстікке қарай қандай аралдар арасында созылып жатыр?(Шпицберген аралынан бастап Крит аралына дейін)

- «Мерседес», «ВМW» және «Рено», «Пежо» автокөліктерін жасап шығаратын мемлекеттер ?(Германия және Франция)

- Шетелдік Еуропадағы апельсин шығару және зәйтүн ағашына маманданған елдері?(Испания және Греция мемлекеттері)

- Шетелдік Еуропадағы ағаш цехы атанған мемлекеттер ?(Швеция және Финляндия)



V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырмасы.

Шетелдік Еуропа елдеріне жеке өз беттерінше жекелеген мемлекеттерге сипатама жазу.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді









Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет