Сабақтың тақырыбы: Достарым Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі57,98 Kb.
#30100
түріСабақ
Шымкент қаласы

34 жом



Мұғалім: Қосмұратова Шолпан Тауасқызы

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Достарым

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік: «Дос», «Менің достарым», «Нағыз дос» тақырыбымен байланыстыра отырып оқушыларға адамдар арасындағы достық, шын достық туралы түсінік беру, сондай-ақ достықты білдіретін сөздерді пайдалана отырып, оларға адамдар арасындағы достықтың арақатынасын сиаттайтын белгілермен таныстыру әрі шын достықты тани білу жолдарын түсіндіру ж/е дос, достық туралы өлеңдерді оқып, мағынасын түсіндіру, мақал-мәтелдерді мәнін ұғындыру, сын есім болатын сөздерді сұрақ қою арқылы таба білуді меңгерту. Олардың сын, зат есім туралы білімдерін арттыру;

Ә)Дамытушылық: Оқушылармен мәтін бойынша жұмыс жүргізу арқылы олардың адамдар арасындағы достыққа сипаттама беруді меңгерту, ой-өрістерін, дүние-танымдарын кеңейту, орыс тілі мен қазақ тілінде дос туралы әңгімелету арқылы аударма жасаудағы заңдылықтарды есте сақтай білуге дағдыландыру. Адам , олардың арасындағы достықтың тәрбиелік мәнін ұғындыру, дос, достықты білдіретін белгілер арқылы сөз тіркесін, сөйлем құрауға дағдыландыру.

Сөздік қорларын,сөйлеу мәдениетін дамыту;


Б)Тәрбиелік:Отанын қорғауға,халқын,тілін ардақтай білуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге және дос пен достықтың адам өміріндегі маңыздылығын, достық туралы өлеңдер мен мақал-мәтелдер арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбиесін ұғындыру, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу.
Көрнекіліктер: «Достарым», «Нағыз дос», «Достық туралы мақал-мәтелдер» тақырыптарына байланысты құрылған слайд, карточкалар,перфокарталар, тақырыпқа қажетті әдістемелік әдебиеттер.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Пайдаланылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,көрнекілік әдісі

Оқушылармен пікірталас ұйымдастыру.


Пәнаралық байланыс: әдебиет,орыс тілі, бейнелеу, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а)сәлемдесу;

ә)сыныптың тазалығын

тексеру;


б)түгендеу.

2.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

2.Қимыл-сын үстеуі, қатыстық сын есім туралы оқушылардың теориялық білімдерін бақылау.

3. Қимыл-сын үстеуі мен қатыстық сын есім болатын сөздер мен сөз тіркестеріне сұрақ қою арқылы қалай меңгергендерін тексеру.

4.Ережелерді сұрау.



5. Сөздік сұрау.
3.Жаңа сабақ:

Кіріспе сөз: (Мұғалім «Достарым», «Нағыз дос», «Адамдар арасындағы достықты қалай түсінуге болады?» деген тақырыптарға мысалдар келтіре отырып, оқушыларға адамдар арасындағы достықты сипаттайтын сөздермен таныстырып,оны қалай сипаттай айтуға болатындығы туралы сұрақтар қойып, кіріспе әңгімесін бастайды).
Оқулықпен жұмыс:
1-тапсырма. Төмендегі сызбаны толтырыңдар.Ол үшін керекті сөздерді пайдаланыңдар.

... ... ... ... ...

Керекті сөздер: жаны таза, ұқыпсыз, мейірімсіз, жүзі жылы, ақылды, парасатты, адал, қол ұшын беруге дайын, өтірікші.


2-тапсырма. «Дос» туралы айтылған өлеңдер мен мақал-мәтелдерді оқыңдар.


Достарым
Мен қашанда жалғыз өзім жүрмеймін,

Жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүрмеймін.

Жер-жердегі достарымды санасам,

Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін. (С.Жиенбаев)


Мақал-мәтелдер
1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

2.Басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме.

3.Біреу –жаныңа жолдас, біреу-малыңа жолдас.

Жолдасын тастаған жолда қалар.


Ереже! Мақал-мәтелдер (пословицы и поговорки)
Пословицы –краткие, образные и народные изречения о различных явлениях жизни, содержащие, кА правило, глубокий обобщающий смысл.

Пословица выражает мнение народа. Не всякое изречение становилось пословицей, а только такое , которое согласовывалось с образом жизни, мыслями множества людей – такое изречение могло существовать тысячелетия, переходя из поколения в поколение.


Мысалы:

  1. Ердің атын еңбек шығарады.–Человек прославляет труд.

  2. Сөйлесе білген – үйлесе біледі.– кто умеет говорить, тот находит общий язык.

  3. Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.– Сытый голодного не разумеет.

  4. Отансыз Адам – ормансыз бұлбұл.– Человек без Родины –соловей без леса.

  5. Шындық жоқ жерде сұмдық көп.–Где правда нет, подлости простор.

  6. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.–Не имей сто рублей, а имей сто друзей.


Поговорка – краткое меткое народное изречение. Поговорка –суждение частного характера.
Мысалы:

  1. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.-Один прыгает от сытости, а другой от стужы.

  2. Шегірткеден қорыққан егін екпес.–Кто боится саранчи, тот не посеет.

  3. Темірді қызған кезде соқ.– Куй железо пока горячо


Сөздікпен жұмыс

жалғыз-один

өмір сүрмеу-не жить

санау-считать

бірдей-одинаково

елпектеу-проявлять искреннее радушие

өсектеу-спетничать

дұшпан-враг

кесір-вред

жұғу-заражаться

несіп-благо (предназначенное тебе)

жолда қалу-остаться ни с чем


қимас дос-бесценный друг

демалыс үйі-дом отдыха

жолдама –направление

уайымдау-волноваться

бата алу-принять благославение

сөзін тастамау-прислушиваться

ұяла сөйлеу-говорить, стесняясь

дәм татқызу-угощать

аттану-отправляться в путь

әдептілік-воспитанность

мәдениет-культура



Жаңа сабақты бекіту:

Мақал-мәтел туралы білімдерін тиянақтау, сұрақ-жауап алу.

Мақал деген не?

Мәтел деген не ?

Адамдар арасындағы достықтың белгісін білдіретін қандай сөздер бар?

Нағыз достықты сипаттайтын сөздерді пайдаланып сөйлем құрау

Достық туралы мақал-мәтелдер айту.
Сабақты қорытындылау:

1)Бүгінгі сабақтын өзге сабақтан ерекшелігі қандай?

2)Бүгінгі сабақ ұнады ма?Несімен ұнады?Несімен ұнамады?
Бағалау:Сабақ барысында атсалысып,белсенділік көрсеткен

оқушыларды бағалау.



Үйге тапсырма: Достық туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер жаттау.3-тапсырма.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет