Сабақтың мақсаты
|
Білімділік: оқушыларға жаңа сабақ бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізе отырып, достықтың, достың мағыналарын түсіндіре отырып, сөздік қорларын толықтыру;
Дамытушылық: балалардың ойлау қабілетін дамытып, өз ойын еркін жеткізе білуге, байқампаздыққа, жүйелілікке үйрету;
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, өз достарына адал болуға, адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу;
|
|
Негізгі кезең:
3.
Қызығушылығын ояту
Ой толғау
5. Рефлексия
|
Видео роликті қарап отырып, оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақтың тақырыбы: «Достық»
Сабақтың мақсатын ашып алып, оқушыларға таныстыру. Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларға жетондар беру.
Бірінші тапсырма.
Берілген суреттерге қарап отырып, дос, жолдас деген сөздерге сәйкес етістіктер мен сын есімдерді жазу. Мысалы: Жақсы көру, түсіну, сену, достасу, сенімді, адал, сабырлы т.б.
Енді осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру керек. Екі топ қазақша, екі топ ағылшынша.
Екінші тапсырма.
Берілген мақал-мәтелдердің сыңарын екінші топтан тауып, алып оқу.
Ақылы көпті дау алмайды.
Жолдасы көптің –олжасы көп.
Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
Досы азбен сырлас.
Тұзы жоқ тағам.
Сергіту сәті. Оқушылармен бірге ағылшынша, қазақша ән айту.
Үшінші тапсырма.
Берілген мәтіннің басын оқып, оқушылар өз ойларын жалғастырып жазып, әңгіменің соңы немен аяқталатынын өздері жазып, оқиды.
Ит және оның төрт күшігі бірге үйшікте өмір сүрді. Мысық өзінің екі баласымен иттің үйшігінің жанында қорапта өмір сүрді.
Бір күні мысық серуенге кетіп, оралмады. Мысық балалары иттен: «Біздің анамыз қайда?»-деп сұрады.Мен білмеймін, бірақ мен сендерге көмектесе аламын. Бізбен бірге біздің үйімізде тұрайық. Сендер менің балаларымсыңдар, ал мен сендердің аналарыңмын. Ал күшіктер сендердің бауырларың. Қазір мысық балалары иттің үйшігінде тұрып жатыр. Олардың қамқоршы анасы, ағалары, әпкелері бар.
«Достықтың қадірін, басыңа іс түскенде білерсің».
Сұрақтар:
Мысықтың балалары не істейді?
Ит мысықтың балаларына көмектеседі ме?
Мысық қайтып келе ме?
Күшіктің анасы мейірімді ме?
Мысықтың балалары кіммен бірге тұрады?
Рөлдік ойын: Мысықтың балалары мен иттің анасының екеуінің рөлінде ойнау.
Төртінші тапсырма.
Әр топқа жағдаят сұрақ қойғызып, диалог құрастыру.
Сенің досыңның көңіл- күйі жоқ, сен не істейсің?
Топ оқушылары «Тілек» қорапшасынан тілектер алып, бір- біріне жақсы тілектер айтады.
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқыту мен оқуда АҚТ-ны қолдану.
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Кері байланыс
|