Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Көзін қысып алдайды
Соңымнан бір қалмайды.
Ойнатсам да күнімен
Ойынға бір тоймайды.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау-сенеміз
Отыруға нақпа-нақ
Дайындалдық бәріміз
Қане дәптер ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық.
59-жаттығу.
Үш әріптен тұратын
Ең жақын жан сен үшін
Түн ұйқысын төрт бөлер
Аялаған бір жан бар
Ол-ана.
Айтсаң болды тіл алам
Әйбат мамам, ай мамам
Сені көрсем қуанам
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.
60-жаттығу. Тақтамен жұмыс.
1-қатар.
Ананың сүті – бал.
Баланың тілі – бал.
2-қатар.
Күннің шуағы жылы
Ананың құшағы жылы.
3-қатар.
Ана.
Сөзді буынға бөл.
Буын түрін ата.
Сөйлем ойлап жаз
«Буын қос» ойынын ойнау.
Ой толғаныс «Ұйқасы тап» ойыны
Мирас!
Үйді (жинас)
Жұмсаса, аға
Тілін ал, бала.
Үлкенге бер көмек
Бұл жақсы әдет.
Тыңдамаса баласы
Қиналады анасы.
Мен үлгілі боламын
Күнде бестік аламын.
Жақсы Жаман
Адам бойындағы қасиеттер.
Бағалау.
Үйге: 1) Сыпайы сөздер ойлау.
2) Нақылы сөзді дәптерлеріне жазу.
3) Мақалды жаттау.
4) Мәнерлеп оқу. Не деу керек?
Достарыңызбен бөлісу: |