Сөздік жұмыс.
Сылти басып – ақсаңдап.
Қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған – әлі жассың деген мағынада.
Басқа мәтіндерден «жас» мағынасын беретін қандай тұрақты сөз тіркестерін біліп едік,
Он екіде бір гүлі ашылмаған сәби - жас бала (Шал мен бала)
Аузындағы ана сүті кеппеген – жас бала (Жас түлек)
Осы сөздермен сөйлем құрату арқылы сөздердің мағынасын есте сақтауларына ықпал ету.
Білесің бе? Құрманғазы алпыстан астам күй шығарған. Оның алғашқы күйлерінің бірі- «Кішкентай». Бұл күй Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілісіне арналған. Құрманғазы сол көтеріліске қатысқысы келеді. Бірақ, оған: «Сен әлі кішкентайсың, қолыңа қару алып, ел намысын қорғауға саған да кезек келер», - деп тастап кетеді
Сабақты қорыту
-бала неге батырмен қалғысы келді?
-мәтіннің соңғы сөйлемін талдау.
-Қазақ күйлері мен күйшілері туралы не білесіңдер?
-Құрманғазының «Адай» күйін тыңдау.
*Мәтіннен пейзажды тап.
*Құрманғазының әдептілігін дәлелде.
*Құрманғазының өнерлілігін дәлелде.
*Мәтіннің қай сөзін немесе сөйлемін қазақ тілімен байланыстыруға болады?
*Тағы қандай пәндермен байланыс бар деп ойлайсың?
Үй тапсырмасы:
“Бес сұрақ” стратегиясы бойынша дайындалу
Махамбеттің өлеңдерін жазу, жаттау.
Құрманғазының күйлерін жазып келу.
Мәтінді баяндауға дайындалу.
Достарыңызбен бөлісу: |