Сабақтың тақырыбы: Ә. Сәрсенбаев. Халық кегінің күйшісі. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата26.06.2018
өлшемі0,86 Mb.
#44232
түріСабақ
  1   2
Кадирбаева Г. Р.

Сабақтың тақырыбы: Ә. Сәрсенбаев. Халық кегінің күйшісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Ақын, жауынгер жырау Махамбет пен күй атасы Құрманғазының кездесуі туралы әңгіменің мазмұнын ашу.

Дамытушылық: сөздік қорын молайту, оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, талапшандыққа, төзімділікке тәрбиелеу,

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Сұрақ-жауап», «Досыма хат» стратегиялары. “Данышпан үкілер” техникасы

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Құрманғазы портреті, слайдтар.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылығын ояту. «Бір сөзбен айт» Слайд.

Үй жұмысы. Желаяқ “Бес сұрақ” стратегиясы

Желаяқ

Желаяқ

«Күншілік жерге көзді ашып-жұмғанша жетеді» деген сөздің мағынасы қандай?

«Бұл өзі жаттығу жасағанда, беліне арқан байлап, мотоциклге жалғанып жүгіреді» деген сөз кім туралы айтылған.

Кеудесінде «КСРО» деген жазуы бар кім?

Оқиға қашан және қай жерде болды?

«Атышулы» сөзінің мағынасын жаз.

«Тоқайласқан» сөзінің мағынасын жаз.

Ғұсман Қосанов қандай қалаларда болды?

«Қара шашын бір жағына қайырған жігіт» кім?

Мәтіннің ең соңғы сөйлемін жаз.

Ғұсман Қосанов қандай жүлде алды?

Сөйлеудің ережесі еске түсірейік!

1. Мүдірмей, жаңылыспай, кібіртіктемей анық сөйлеу;



  • . Үннің ашықтығы, әуезділігі;

Араласып кеткен оқиғалар” (Мәтін оқушыларға жеке қағаздарға жазылып, орындары ауыстырылып беріледі. Бұл кезде оқулық жабық күйде болады).

1. Мәтінді ретімен орналастыр

2. Неге бөліктерді осылай орналастырдың?

3.Осылай қоюға қай сөз немесе мәтіндегі белгі көмектесті?



  1. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

-мәтінді мұғалімнің оқуы

-тізбектеп оқу



-дауыстап оқу

3. Мағынаны тану. Мағынаны тану

  1. Мәтіндегі баланың ағаш томарынан жасап жатқаны не?

  2. Бала неге батырмен кетіп қалғысы келді?

  3. Бала қандай жақсы сөз естіді?

  4. Мәтіннің соңғы сөйлемін мән беріп оқы.

  5. Қазақ күйлері мен күйшілері туралы не білесің?

Сергіту сәтінде оқушылар Отанымыз қалаларының орналасу ретін қайталайды.

Біліп ал!

Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы қазіргі Атырау облысында дүниеге келген. Сағырбай ауқатты адам болмағандықтан, Құрманғазы жастайынан байдың малын бақты. Бір күні Сағырбайдың үйіне атақты қарт күйші Ұзақ келеді. Ұзақтың күйін тыңдауға бүкіл ауыл жиналады. Ұзақ Құрманғазыға домбыра тарттырады. Құрманғазының талабына риза болған Ұзақ батасын береді. Құрманғазы біраз уақыт Ұзаққа еріп жүріп, көптеген күйлер үйренеді. Ұзақ Құрманғазының алғашқы ұстазы болды.

Данышпан үкілер” техникасы (Техника “Мудрые совы”)

1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

2. Маңызды өмірлік даналық.

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

3. Таныс және таныс емес.

Мәтіннен сізге алдын таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

4. Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура, т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.

5. Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға болады ма?

6. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет