Сабақтың тақырыбы: Ә. Шынбатыров «Ақ кептер» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, оқу дағдысын қалыптастыру.
Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Оқушыларды мейірімді, адал, қайырымды болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдістері:сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, эссе.
Көрнекілігі: автордың портреті, кептердің суреті, басқа да құстардың суреті.
Қолданылатын стратегия: Сын тұрғысынан ойлау. Жигсо І.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
-Амандасу: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
-Сабаққа керекті құралдарын тексеру
-Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады.
-Әр топ өздерін таныстырады:
І топ: «Көгершін».
Бейбітшілік құсы менмін- көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан ашық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсің.
ІІ топ: «Бұлбұл».
Тамылжып, сорғалап құйылған,
Әсем ән құйқылжып қиырдан.
Елжіреп жүрегің еркінді баулиды,
Ән тыңда, ерке құс бұлбұлдан.
ІІІ топ: «Тоқылдақ».
Құртты іздеп інінен
Қарағайды үңгіген.
Тоқылдақ құс дәрігер,
Қашанда ол әбігер.
ІV топ: « Торғай».
Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт- құмырсқа шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.
-Балалар, қазір бізде ана тілі сабағы
ІІ. Қызығушылығын ояту:
Жұмбақ шешу: «Бейбітшілік құсы» деп,
Атайды оны барша жұрт. Көгершін
Көгершін-Кептертектес құстар отрядынан қолға үйретілгені.
Жер шарында 285 түрі белгілі. Қазақстанда кептердің 10 түрі бар.
Дыркептер, Түзкептер, Қоңыркептер, Құзкептер, Түркептер, Көккептер, Үлкентүркептер.
Салмағы 200-250г. Қазақстанда сирек кездесетін бұл кептер ұя салуға жарамды
діңді ағаштар өскен қалың тоғайлы шөл өзендерінің бойында тараған.
ІІІ. Мағынаны тану.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ә. Шынбатыровтың «Ақ кептер» әңгімесі.
-Сабағымыздың мақсаты:Әңгімені түсініп оқып, мағынасын ашу.
Автордың өмірімен таныстыру:
Әбді Омарұлы Шынбатыров
тамыз 1942 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Түтескен ауылында дүниеге келген жазушы.Тұңғыш жинағы “Қуаныш” (1976ж).“Класс сағаты” (1980ж), “Көңілді балалар” (1991ж) пьесалары жарық көрді. Кейін шығармалары қырғыз, өзбек, орыс тілдеріне аударылды.
«Ақ кептер» әңгімесін төрт бөлікке бөліп топтарға беріледі.
Сол үшін пікір алмасуға жнаұядан жұмыс тобына барады.
Мәтінді оқушылар іштей оқып шығады. Әр топтан бір оқушы берілген бөлікті мәнерлеп оқып береді.
Сөздік құмысы: Леген- кір, қол жуатын кішірек шылапшын.
Ұршық-жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап.
Йод- қызғылт күрең түсті сұйық дәрі.
Жеке, жұппен, топпен жұмыс істейді. Топпен талқылап болған соң, әр оқушы жанұяға келіп , түсінгендерін топта әңгімелейді.
Сұрақ-жауап:
1.Әжесі Еркінді қайда,нені алып келуге жұмсады?
2.Еркін неге кешікті? Әжесі Еркінге неліктен риза болды?
3.Еркін кептерді қалай күтті?
4.Ақ кептер не істеді? Еркіннің қуану себебін түсіндір7
Оқушылар орындарына келіп отырады да, оқыған мәтіндерін әңгімелеп айтады.
Құстар туралы тағы не білесіңдер? Оларға қандай қамқорлық көрсетесіңдер? Құстардың пайдасын айт.
Құстар туралы халық болжамдарын білесіңдер ме?
1.Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады.
2.Қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса күн ашық, төмендеп ұшса жаңбыр жауып, жел болады.
3.Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа-райы өзгероеді.
4.Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны.
5.Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
6.Қарға қарқылдаса, қар жауады.
7.Шағала ұшуын сиретсе, ауа райы бұзылады.
8.Қыста торғай ұясын жылылап, мамық тасыса, аяз қатаяды.
9.Торғай топтасып ұшып, бүрісе сілкінсе, күн суытады.
10.Шағала қатты шақырып, мазасызданса, дауыл тұрады.
11.Қарлығаш ұясына жем тасуын жиілетсе, ауа райы бұзылады.
12.Жыл құстары топтап ұшса, жылымық күз созыла түседі.
13.Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса, қыс қатты болады.
Әр топқа тапсырма беріледі:
І топ: «Көгершін». Еркінге мінездеме беріңдер.
ІІ топ: «Бұлбұл». Ақ кептерге бес жолды өлең құрастыр.
ІІІ топ: «Тоқылдақ». Көрініс көрсету.
ІV топ: « Торғай». «Құстар- біздің досымыз» тақырыбында эссе жазу.
ІV. Ой толғаныс.
Ән орындау «Ақ көгершін».
Сонымен ,бүгін қандай құс туралы әңгіме оқыдыңдар?
Басқа қандай құстарды білесіңдер?
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді, жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
45, 46 бет мазмұны « Ақ кептер» туралы өлең шығару.
.
Достарыңызбен бөлісу: |