Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Қажымұқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан – жақты білім алуға тарту.
2. Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін дамыту.
Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Шоқандай болғым келеді». Шығарма жазу.
ІІІ. Білім тексеру:
Топтастыру әдісі:
Қажымұқан туралы оқушылар өздерінің білгендерін жазады.
Қажымұқан
ҚҚажымұқан
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жазушының өмірі туралы мәлімет.
Қалмақан 1903 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде туған.
Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде мектеп үйі бар.
Балаларға арнап өлеңдер мен әңгімелер жазған.
«Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай» т.б. әңгімелері бар.
«Мың бір түнді» ең алғаш аударған.
«Қажымұқан» хикаяты француз күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өміріне арнаған.
Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді бөлінген бөлімдер бойынша топтарға бөлу және оқу.
І топ
Қар күреген бала,
Жаяу сүйреген шана.
ІІ топ
ІІІ топ
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап.
Мұқанның балалық шағы қайда және қандай жағдайда өтті.
Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
Мұқан бір шан шөпті бай үйіне қалай жеткізді?
Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?
Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?
Париж қаласында Ресейден келген балуандар қандай өнер көрсетті?
Қазақтың ата – анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1.Мұқанның мінез – құлқын, сыртқы түрін шығармадан іріктеп алып, балуанның өсу жолына жоспар жасап, жазба түрде мінездеме беріңдер.
2. « Шана сүйреген Мұқан» деген көріністі жазып, әңгімелеп беріңдер.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
« Шана сүйреген Мұқан» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |