Сабақтың тақырыбы: Ежелгі қытай мәдениеті



Дата01.04.2017
өлшемі80,07 Kb.
#13270
түріСабақ
Ежелгі дүние тарихы

Күні: Сыныбы: 6 "а" Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі қытай мәдениеті

Сабақтың мақсаты: Жазуы мен әдебиетінің ерекшеліктеріне тоқталу. Кун-фуцзы, Сыма Цянь туралы, олардың оқымыстылығы мен данышпандығы туралы баяндау.

Білімділік: Ежелгі  Қытай  мәдениеті, Конфуций  ілімі, Сыма Цяннның  тарихи  еңбегі  және ғылыми  білім мен  өнер  табыстары  туралы  түсінік  беру;

Дамытушылық: Оқушылардың  есте  сақтау, салыстыру қабілеттерін  дамыта  отырып,   өз   ойлар мен  пікірлерін жүйелеуге  үйрету, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ой - өрісін жетілдіру.

Тәрбиелік: Конфуций  ілімі  мен  қазақ  халқының   дүниетанымындағы  ұқсастықтарға тоқтала  отырып, оқушылардың  бойында адамгершілік   ұстанымдарын  қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Оқулықпен жұмыс, ауызша баяндау, сәйкестендіру кестесі, венн диаграммасы, тарихи дата, түйінді сөздер, тарихи диктант, тест.

Сабақ көрнекілігі: Карта, дәптер, бор, сурет, ұяшықтар, үлестірмелі карточкалар.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Сабақ барысы: Мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіруі; Үй тапсырмасын тексеру; - Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Ендеше балалар үй тапсырмасын сұрау "Көкпар ойыны" арқылы жүргізіледі. - Барлығымыз дайынбыз ба? Ал ендеше бастайық.

20/1 Бүгінгі қытай жерінде қандай екі үлкен өзен бар?

20/2 Ежелгі Қытайдағы алғашқы біріккен мемлекеттің негізің қалаған кім?

20/3 Цинь Ши Хуанди тұсындағы Қытай елінің әкімшілік аймақтар санын ата?

30/1 Б.з.б II мыңжылдықтың ортасына қарай Хуанхэ өзенінің төменгі ағысында қандай мемлекет пайда болды?

30/2 "Тұңғыш Цинь патшасы" атағын алған билеуші?

30/3 Сурет бойынша түсіндіру?

40/1 Б.з.б нешінші мыңжылдықта Қытайда жібек маталар шығарылды?

40/2 Ұлы Жібек жолының "Ұлы Жібек" деп аталу себебін түсіндір?

40/3 Қытайдағы ең маңызды шаруашылықтың саласын ата?

50/1 Б.з 18 жылы кімнің басшылығымен "Қызыл қастылар" қөтерілісі болды. Бұлай аталуының себебі неде?

50/2 "Сары орамалдылар" көтерілісін кімдер басқарды ? "Сары орамалдылар" деп аталуының себебі неде?

50/3 Қытай қолбасшысы Бан Чао қай жерге бірнеше рет жорық жасады?
Жаңа сабақ:

1. Жазуы мен әдебиеті

2. Конфуций - Ежелгі Қытай данышпаны

3. Сыма Цянь - қытай тарихының атасы

4. Ғылыми білімі мен өнер табыстары

Қытайда өте ертеден иероглифтік жазу болғандығы туралы, жазудың бірыңғай жүйесінің құрылуы, алғашқы кітіптардың пайда болуы жөнінде баяндаймын.  Б.з.б. І мыңжылдықта  Қытайда жібек матаға жазу, б.з.б. ІІ ғасырда қағаз пайда болды.



    Ежелгі Қытайда ақындар көп болды. Соның бірі - Сыма Сянжу деген ақын. Сыма Сянжу өлеңдерінде өз өмірін көбірек баяндаған.

Конфуций өмір сүрген кез,  тұрмыс-тіршілігі туралы әңгімелей келіп, оның нақыл сөздеріне тоқталамын. Ол өз халқының салт-дәстүрін, өлең-жыр, мақал-мәтелдерін жақсы білетін. 

    Сыма Цянь – Қытай тарихының атасы. Ол әкесінің өсиеті бойынша Қытай елінің тарихын жазды. Ескі жазбалармен, көне кітаптармен жұмыс істеді. Ол кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады.  Негізінен кітапқа аспан мен жердің арасындағы өзгерістер, көрші елдер мен халықтардың өмірі арқау болды.  Ежелгі қазақ елінің тарихын жазғанда, бұл еңбек әлі күнге пайдаланылады.  Ол бұл еңбегінде аңыз әңгімелерді, жылнамаларды пайдаланды.

    Сыма Цянь туралы айтқанда төмендегідей мәліметтерді пайдаланамын. Ол ел аралау сапарының барысында көне патшалықтардың астаналарын аралады.  «Тарихи жазбаларда» әр түрлі деректік мәліметтердің негізінде жекелеген адамдар өмірі, елдің шаруашылығы, билеушілердің саясаты, сондай-ақ ғылым мен мәдениет жетістіктері де баяндалады. Сыма Цянь оқымыстылардың, билеушілердің, ақындардың шығу тегі, кімнен білім алғаны, бастан кешкендері туралы жазды.  Кейбіреулердің хаттарынан, әдеби шығармаларынан үзінділер келтіріп, өз ойын дәлелдеп, нақтылап отырды. Сыма Цянның бұл еңбегінің маңызы зор.

    Ежелгі Қытай ғылымы мен өнер табыстары туралы айтатын болсақ, математика саласында үш бұрыштың көлемін білді.   Аспан денелерінің қозғалысын, орын ауыстыруын жеке зерттеп отырды. Бір жылда қанша тәулік барын есептеді. Ол бірінші болып жұлдызды аспанның картасын  жасады.   Олардың зерттеулері күнтізбе жасауға жол ашты.  Билеушілердің жерлерді басып алуы, саяхатшылар мен елшілердің басқа елдерге баруы географиялық білім аясын кеңейтті. Жер өңдеу, суару тәсілдері, жібек құртын өсіру, шай бұталарын күту дамыды.  Қытайлар шайды дәрі-сусын ретінде пайдаланды. Компас, жер сілкінісін болжайтын аспап, қағаз, мылтық дәрісін ойлап тапқан да қытайлар болды.
V. Сәйкестендіру кестесімен жұмыс





Сұрақтары

Жауаптары


1

Өте ертеде иероглифтік жазу қайда пайда болды ?

Қытайда

2

Кун-фуцзы (Кунфуций) қашан дүниеге келген ?

Кун-фуцзы б.з.б. 551 жылы дүниеге келген.

3

Сыма Цянь әкесінің өсиеті бойынша не жазуға кірісті ?

Қытай елінің тарихын жазуға кірісті.

4

Алғаш шайды қалай пайдаланған ?

«Шай»сөзі қытайлықтардан шықты.Алғаш шайды сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен сусын ретінде қолданды.Сөйтіп,ол басқа елдерге де тарады.

5.

Қытайлықтар ұсақ,жұмсартылған маталардың қалдықтарын неге айналдырған ?

Арнайы пеште қайнатып, қоймалжың күйге келтіріп,одан соң қағазға айналдырған.


VI. Бекіту сұрақтары

1-тапсырма: Ежелгі Үнді мәдениеті мен Ежелгі Қытай мәдениетін салыстырып сипаттау.

Венн диаграммасы”



Ежелгі Үнді мәдениеті

Ұқсастығы

Ежелгі Қытай мәдениеті

Ежелгі дүниедегі ән мен жырға өте бай елдердің бірі Үндістан.Ауыздан -ауызға таралып,ұрпақтан-ұрпаққа жетіп сақталған екі жыр әлемдік әдебиеттегі «Махабхарата» және «Рамаяна» деп аталатын ең үздік шығармалары бар.

Ән-өлеңдері де ақындары да көп болған. Патша билеген. Үндістаннан да, Қытайдан да шәй шыққан.

Иероглифтік жазуды қолданған.

Қытайда өте ертеде иероглифтік жазу пайда болған. Қытай жазуы әлемдегі қиын және күрделі жазу.Соған қарамастан Қытайда б.з.б. I мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ кітаптар жазылған.Б.з. б. II ғасырда Қытайда қағаз пайда болды.


2 - тапсырма : Мына тарихи даталардың оқиғаларын естеріңе түсіріп, жазыңдар.

1. Б. з. б. 551 ж -

2. Б.з.б. 151 ж -

3.Б.з.б. 479 ж –



3-тапсырма: Тақырыптың түйінді сөздері

Келтірілген сөздердің қайсысы Қытай мәдениетіне жатады ?



Сөздер банкісі

III ғасырда қазіргі Иранның солтүстігінде Парфия мемлекеті пайда болды. Алғашқы адам пайда болды.Ол Паньгу деп аталды.Ману заңдарын оқи отырып ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер ала аламыз.Мылтық атуға арналған оқ-дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар.Бұл жаңа -дін буддизм деп аталады. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны,жұлдыздар картасын да алғаш қытайлықтар ойлап тапты.



Біздің бүгінгі тақырыптың түйінді сөздері: Алғашқы адам пайда болды.Ол Паньгу деп аталды.

Мылтық атуға арналған оқ-дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны,жұлдыздар картасын да алғаш қытайлықтар ойлап тапты.



4-тапсырма: Тарихи диктант. Сөйлемдерді толықтырыңдар. 2 минут

1.Ежелгі Қытайда ән-өлеңдері де,.................(ақындары) да көп болған.

2.Солардың бірі б.з.б. II ғасырда өмір сүрген...................(Сыма Сянжу ) атты ақын.

3.Қытайдың сонау ежелгі замандардағы..................( иероглифтік ) жазулары бүгінгі күнге дейін сақталған.

4.Сыма Цянь әкесі қайтыс болған соң, сарай................(тарихшысы ) болып тағайындалады.

5. «....................»( Тарихи жазбаларда) қытай тарихының өте үлкен кезеңіндегі-екі жарым мың жылдағы оқиғалар баяндалады.


5-тапсырма: Тест сұрақтары

1.”Ұлы Қытай қорғаны” қай тайпалардан қорғану үшін салынған?

а) Үйсіндерден. в) Оғыздардан с) Қыпшақтардан д) Ғұндардан

2.Ежелгі Қытайда қай жылдар шамасында шағын мемлекеттер пайда болған? а) Б.з.б. ІІмыңжылдық в)Б.з.б.ІІІмыңжылдық с)Б.з.б. І мыңжылдық д)Б.з.б. IVмыңжылдық

3.Ежелгі Қытай қай жерде орналасқан? а)КішіАзияда в)БатысАзияда с)АлдыңғыАзияда д)ШығысАзияда

4.Ежелгі Қытайда қай ғасырда бір орталыққа бағынған мемлекет құрылды?


а)Б.з.б.ІІІғасырда
в)Б.з.б.ІІғасырда
с)Б.з.б. І ғасырда
д)Б.з.б. IVғасырда

5.Ежелгі Қытайдағы ең алғашқы патшалық қалай аталды?


а)Ұжан
в) Цинь
с) Ле Бану
д) Үжау
6.Цинь патшалығы қанша әкімшілікке бөлінді?
а) 40
в) 20
с) 45
д) 36 7. Ежелгі Қытайда нешінші мыңжылдықтан бастап жібек өндіріле бастады?
а) Б.з.б.VI мыңжылдық
в) Б.з.б.Vмыңжылдық
с ) Б.з.б. ІII мыңжылдық
д) Б.з.б. II мыңжылдық

8.Ең алғаш қай мемлекетте қағаз ойлап табылған?


а) ЕжелгіҮндістанда
в) Ежелгі Қытайда
с) ЕжелгіПарсыларда
д) ЕжелгіХеттерде
9.Сыма Цянь қашан дүниеге келді?
а) Б.з.б.151ж
в) Б.з.б.155ж
с) Б.з.б. 160ж
д) Б.з.б. 140ж
10.Данышпан Кун неше жасында қайтыс болды?
а) 70жасында
в) 73жасында
с) 72 жасында
д) 74жасында
VII. Оқушылардың білімін бағалау
VIII.Үйге тапсырма:

1.Мәтінді оқып келу мазмұндау.



2. «Қытайдың мәдениеті »тақырыбында шығарма жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет