Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2B бөлімі – Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі
|
Мектеп:
№3мектеп-гимназия
|
Күні: 21.12.2018ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Магзумова Қ.У.
|
Сынып:5 «д»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
«Ежелгі сауда орталығы ретіндегі Үндістанның рөлі қаншалықты маңызды болды?»
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
5.4.1.3 – ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау;
5.2.4.2 – ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар істей алады:
Ежелгі үнділердің шаруашылығын сипаттай алады
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Ежелгі үнділердің саудасы мен керуен жолдарының бағыттарын анықтай алады
|
Кейбір оқушылар істей алады:
Ғылымның дамуына шаруашылық пен сауданың ықпалын түсіндіре алады
|
Бағалау критерийлері
|
Ежелгі Үндістанның шаруашылық жүйесін сипаттайды
Ежелгі Үнді жеріндегі шаруашылықтың ғылымдардың пайда болуына ықпалын сипаттайды.
|
Пәнаралық байланыс
|
География, Дүниетану
|
Құндылықтарға баулу
|
Шығыс мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
шығармашылық қарым-қатынас және сын тұрғысынан ойлау;
|
Тілдік мақсат
|
Сабақ барысында оқушылардың төмендегі көрсетілген тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беріледі:
Тыңдалым – оқушылардың бір-бірінің жауаптарын тыңдау барысы.
Оқылым – тәжірибелік тапсырмалар жасау барысында тарихи деректермен және мәтінмен жұмыс.
Жазылым – тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасау.
Айтылым - топтарда және жұптарда талдау және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру
|
Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):
|
Зебу, коботаж, эталон, дәмдеуіш.
|
Алдыңғы білім
|
Үнді қоғамының құрлымы мен діні туралы сұрақтар мен кесте арқылы жұмыс.
|
|