Сабақтың барысы
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин
|
1мин
7мин
2мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу: Сөздер жазылған стикерлер (Дони, Зебу, Эталон,Кобатаж)
Үй тапсырмасын сұрау: Сұрақтар қоржыны.
Топ: Ойланыңыздар айдары.
«Адамды оның туған ортасы емес, тәртібі төменгі кастаның мүшесіне немесе брахманға айналдырады» Будда ілімі
Сұрақ: «Будданың бұл пікірі индуизмнің қандай басты белгісіне қайшы болып саналады?
Жауап: Индуизмнің негізгі ұстанымы-реинкарнация мен карма сенімі. Бұл наным сенім үнді қоғамының касталық жүйесінің негізінде жатыр. Буддизм касталық жүйеге карсы.
Топ: Сәйкестендіріңіз айдары.
№
|
Касталар
|
|
|
Сипаттамасы
|
1
|
Кшатрийлер
|
|
А
|
Диханшылар, қолөнершілер мен саудагерлер
|
2
|
Брахмандар
|
|
В
|
Жалдамалы жұмыскерлер мен жалшылар
|
3
|
Вайшьилер
|
|
С
|
Сауатты, ауқатты, діншілдер
|
4
|
Шудралар
|
|
Д
|
Әскери адамдар, сауатты, ауқатылар
|
3-топ: Анықтаңдар айдары
Индуизм мен буддизмнің арасындағы негізгі айырмашылықты анықта.
4-топ: Монах пен брахман ролдік ойын. Мәтінді дауыстап оқып шығып, монах роліндегі оқушы брахманды буддизмді қабылдауға көндіруді мақсат етеді.Ал брахман индуизмнің артықшылықтарын айтып дәлелдеуі керек.
Пікірталас барысындағы сұрақтар:
Неліктен брахман буддизмге ауысты немесе ауыспады?
Брахман буддизмда нені ұнатады немесе ұнатпайды?
Көз алдарыңызға буддист-монах брахманды емес, кшатрий, вайшьи мен шудраны өз дінін қабылдауды керек екенін елестетіңіз.
Брахман-индуист
|
Монах-буддист
|
Мен жақсы білім алдым, дәулеттімін, мемлекетті басқару ісіне қатысамын, молшылықта өмір сүремін, өз халқымның салт -дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын ұстанамын. Мен өз өмір жағдайыма ризамын. Мен кармаға сенемін.
|
Мен жеткілікті деңгейде білім алғанмын, өзімнің жеке мүлкім жоқ, мемлекетті басқару ісіне қатыспаймын, монастырьда тұрамын. Мен будданың қатал тәртібімен өмір сүремін, рухани және тән жетістігіне қол жеткізуге ұмтыламын. Мен карманың тоқтау мүмкіндігіне сенемін.
|
Қалыптастырушы бағалау
2. Жаңа тақырыпқа түсу үшін "Сөздің орнын толтырыңдар" ойынын өткіземіз.
Оқушыларға Үнді мұхитындағы кеме апаты кезінде табылған хатты оқып беріңіз. Мәтінді оқу барысын-
да мәтіннің кейбір үзінділерін оқымай, тастап кетіңіз. Себебі, олар судың әсерінен бүлінген деп түсіндіріңіз. "Менің есімім Сигх мен ... елінің тұрғынымын, мен саудагермін. Менің кемем таңертең мұхитқа шықты. Біз ... өзенімен төмен түсіп, Арабия теңізіне тап болдық. Кейін біз жағалаудың бойымен жүзіп жүрдік. Біз екі өзеннің арасында орналасқан мемлекеттің ... қаласына жүзіп келе жаттық. Бұл қаланы "Құдайға апаратын қақпа" деп те атайды. Алайда, біз теңіз дауылына тап болып, кеме апатқа ұшырады. Брахма құдайының әмірімен, кеменің бүкіл командасы өмірін сақтап қалды және біз үйімізге аманесен жетеміз деп сенеміз".
Оқушылардан мәтіндегі бос орындарды толтыруды сұраңыз.
Бұдан кейін кеме апаты болған жерден табылған заттарды көрсетіңіз. Ол үшін оқушыларға бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар қандай шаруашылықпен айналысқанын анықтайды. Кеме апаты болған жерден қандай заттар табылуы мүмкін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |