10 сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. Ежелгі тас дәуірі
Сабақтың мақсаты:
Жер бетіндегі алғашқы адамдардың пайда болуы мен дамуына тоқтала отырып, Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсету.
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі:
«Дүние жүзінің саяси картасы».
«Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында »картасы
«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
«Адам баласының қалыпты даму кезеңдері»,
«Ежелгі тас дәуірі», т.б. тірек-сызбалар.
Техникалық құралдар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен жылға материалдарды қайталау.
Сабақтың жоспары:
Адам баласының пайда болуы және оның дамуы.
Ежелгі тас дәуірі
Орта палеолит
Соңғы палеолит
Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылымы.
Жаңа материалды түсіндірер алдында оқушыларға «Тас дәуірі», «Ежелгі адамдардың өмірі» деген сөздерді естігенде естеріңе не түседі? Деген сұрақ қойып,оқушы ынтасын сабаққа аударып, олардың бұрынғы алған білімдерін қайта жаңғыртып, өзім жетелей отырып талдап беремін (2-3 мин). Жауаптарын тақтаға жазуға болады.
Сабақ жоспарындағы бірінші, екінші мәселелерді түсіндіру барысында дидактикалық материалдарда берілген «Адам баласының қалыпты даму кезеңдері», «Ежелгі тас дәуірі» тірек-сызбаларын пайдаланамын. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін жаттықтыра түседі. Мәтіннің негізгі мазмұнын жүйелеп беруге мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар ежелгі адамдар өмірінен алынған, тастан жасалған еңбек құралдарының, т.б. суреттерін пайдаланамын. Картаны да үнемі пайдаланамын.
Төмендегі сұрақтар арқылы оқушылардың түсінігін байқаймын.
Адам баласының алғашқы ата-тегі гомонидтер тұқымына жататын рамапитек қаңқасының қай жерлерден табылғанын картадан көрсетіңдер.
Ғалымдар адам баласының біртіндеп дамуын қанша кезеңге бөледі? Оны қалай дәлелдеп отыр?
Ежелгі тас дәуірі қанша кезеңге бөлнеді, оларды атап шығыңдар.
Ғалымдар Қазақстанның ежелгі тұрғындарын адамның қалыпты дамуының қай кезеңімен сәйкестендіреді, оны немен дәлелдейсіңдер?
Жоспардың үшінші, төртінші мәселелерін оқушыларға бөліп беріп, (мыс: үш топ), төмендегі сұрақтарға жауап дайындайды.
Әр топқа берілетін сұрақтар.
І
Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?
Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.
Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?
ІІ
Соңғы палеолит кезеңін ғалымдар адамдардың шын мәніндегі тарихи өмірінің басталуы деп не себептен айтқан, дәлелдеңдер?
ІІІ
Соңғы палеолит кезеңінде адамдар өмірінде еңбек, аңшылық құралдардың қандай жаңа түрлері мен тәсілдері пайда болды?
Осы кезеңде адамдар тұрағын көбінесе қай жерлерге салған, оның себебі қандай?
Соңғы палеолит кезеңінің ескерткіштерін археолог ғалымдар Қазақстанның қай аймақтарынан зерттеп әлемге әйгілі етіп отыр?
Оқушылардың жауаптарын толықтырып отырамын. Жоспарда көрсетілген соңғы мәселеде адамдардың қоғамдық құрылысында да алға дамытушылық болғанын, ашель-мустье кезеңдерінде ұжымдық қатынастың жаңа түрі пайда болғандығына оқушылардың назарын аудару..
Алғашқы рулық құрылыс аналық рулық құрылыстың мәнін, ерекшеліктерін ашып, сабақты қорытындылаймын.
Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты бекітіп, үйге тапсырма беремін.
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 1 бойынша сұрақтарға жауап дайындау. Картамен жұмыс.
10 сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы. § 2. Соңғы тас дәуірі
Сабақтың мақсаты:
Соңғы тас дәуірінің үш кезеңге бөлінетінін, оның ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістердің адам тіршілігі мен өміріне әкелген жаңалықтарын көрсету.
Шаруашылық түрлерінің дамуын, алғашқы металл- мысты пайдаланудың зор маңызын түсіндіру. Үш кезеңнің мәдени ескерткіштеріне тоқталып өту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
«Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында» картасы
«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгеyдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?
Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.
Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?
Соңғы палеолит кезеңін ғалымдар адамдардың шын мәніндегі тарихи өмірінің басталуы деп не себептен айтқан, дәлелдеңдер?
Соңғы палеолит кезеңінде адамдар өмірінде еңбек, аңшылық құралдардың қандай жаңа түрлері мен тәсілдері пайда болды?
Осы кезеңде адамдар тұрағын көбінесе қай жерлерге салған, оның себебі қандай?
Соңғы палеолит кезеңінің ескерткіштерін археолог ғалымдар Қазақстанның қай аймақтарынан зерттеп әлемге әйгілі етіп отыр?
Сабақтың жоспары:
Мезолит
Неолит
Неолит кезеңінің ескерткіштері
Энеолит
Жоспардағы бірінші мәселені түсіндіруде дидактикалық материалдардағы «Соңғы тас дәуірі»- тірек-сызбасын пайдаланамын. Бұл кезеңнің ерекшелігін, мұздың еріп, еңбек құралдырын дайындаудағы жаңалықты, садақ пен жебенің , сынаның кең түрде қолданылғанын атап өтіп, оқушылардың терең ұғынып, түсініп білуін қадағалау мақсатында сұрақтар қойып, оқушы білімін бекітіп отырамын.
Екінші мәселені талдауда оқушыларға өзіндік жұмысын жасатамын. Ол үшін төмендегі сұрақтар беріледі, оқушылар өздігінен дайындалып жауап береді. (5-6 минутқа ықшамдау).
Неолит кезеңінде адамдардың тас құрал жасауда ең жоғары сатыға жеткенін немен дәлелдей аласыңдар?
Неолит кезеңінде адамдардың шаруашылығы мен кәсібінде қандай жаңалықтар болды?
Адамдардың қоғамдыры рөлінің арта түскенін дәлелдеңдер.
Үшінші мәселедегі неолит кезеңінің ескерткіштерін картаны, кестені , сызбаны пайдалана отырып, түсіндіремын. Негізгі мазмұнды оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады.
Негізгі мазмұн
№
|
Қай жерден табылды
|
Тұрақтар
|
Зерттеудегі жаңалықтар
|
1
|
Оңтүстік Қазақстан обылысы
|
Қараүңгір (б.з.б. 6-5 мыңжылдық)
|
Үңгір-екі бөлмелі.
Тастан жасалған құрылыстар, сүйектен ине, біз. Қыш ыдыстар
|
2
|
Маңғыстау облысы
|
Ойықты, Төлес
|
Тұрмыста теріні, сүйек, ағаш өңдеу кеңінен қолданылды. Қыш ыдыстар, сыртына геометриялық өрнектер салынған.
|
3
|
Қосқұдық (б.з.б. 5-4 мыңжылдық)
|
Шақпақ шәне жай тастардан жасалған көптеген бұйымдар. Тарақ тәрізді өрнекпен өрнектелген қыш ыдыстар
|
4
|
Ақмола облысы
|
Атбасар мәдениеті- Қарлыға, Жабай
|
200-ге жуық тұрақ табылған. Жартылай көшпелі шаруашылық
|
5
|
Торғай облысы
|
Маханжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Сор
|
Ыдыстар ерекшелігі-жіңішке қылта мойын, конус тәрізді. Өрнектері-тарақша
|
Жоғарыдағы төртінші мәселе энеолит кезеңі. Оқушыларға: Адам баласы құрал жасау үшін алғаш қандай металл пайладанған?-деген сұрақ қоя отырып, оқушы назарын аударып, пікір алысамын. Сонымен қоса мыстан жасалған құралдырдың тастан жасалған құралдарды толық ысыстырып шығара алмағанын атап көрсетемін.
Бұл кезеңнің мәдени ескерткіші Ботай мәдениетіне жан-жақты тоқталып кетемін.
Археологиялық зерттеулер энеолит кезеңі мәдениетінің Қазақстанның басқа да аймақтарынан кездесетінін картаны пайдалана отырып түсіндіріп, сабақты қорытындылаймын.
Бекіту:
Соңғы тас дәуірінің кезеңдерінің хронологиясын анықтап, қысқаша айтып беріңдер.
Мезолит кезеңі адам өміріне қандай жаңалықтар алып келді?
Мезолит кезеңінің тұрақтары қай жерден табылды, олардың өздеріне тән ерекшеліктері қандай?
Неолит кезеңі адам өміріне қандай өзгерістер алып келді?
Ботай мәдениеті туралы не білесіңдер?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
§2 соңындағы сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
Соңғы тас дәуірі кезеңінің ерекшеліктері деген кестені толтыруға беру. (дидактикалық материалдардан алып беру).
10 сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері
Сабақтың мақсаты:
Қола дәуірі туралы түсінік бере отырып, б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың басында далалық өңірде көшпелі мал шаруашылығының дами бастағынын көрсету.
Адамдардың қоғамдық қатынастырының өзгеруіне, бұл кезеңнің зерттеген мәдени ескерткештеріне тоқталу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілікке карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.
Үй тапсырмасын сұрау:
Соңғы тас дәуірінің кезеңдерінің хронологиясын анықтап, қысқаша айтып беріңдер.
Мезолит кезеңі адам өміріне қандай жаңалықтар алып келді?
Мезолит кезеңінің тұрақтары қай жерден табылды, олардың өздеріне тән ерекшеліктері қандай?
Неолит кезеңі адам өміріне қандай өзгерістер алып келді?
Ботай мәдениеті туралы не білесіңдер?
Сабақтың жоспары:
Қола дәуірі туралы түсінік және оның ерекшеліктері
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелуі
Орталық Қазақстандағы ру-тайпаларының қола дәуіріндегі ескерткіштері.
Солтүстік және Батыс Қазақстан ру-тайпаларының археологиялық ескерткіштері
Шығыс Қазақстан ру-тайпаларының қола дәуіріндегі есерткіштері
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу ру-тайпаларының археологиялық ескерткіштері
Оқушылардың назарын бұл кезде өмір сүрген тайпалардың металлургия мамандығын жақсы меңгергендігіне, қола еңбек құралы мен қару-жарақ жасаудың негізгі шикізат көзі болғандығына аударып, бұл кезеңдегі шаруашылықтың даму ерекшеліктерін, қоғамдық қатынастағы өзгерістерді атап өтемін.
Оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында оқушыларды қатыстыра отырып, төмендегі сызбаны жасау.
Қару-жарақ
|
Металлург мамандығының жетілуі
|
Мүлік теңсіздігінің өсуі
|
Еңбек құралдары
|
Қола дәуірінің ерекшелігі
Өндірістік өнім өндіру
|
Отбасылық меншіктің кеңеюі
|
Мал шаруашылығының дамуы
|
Көшпелі мал шаруашылығы
|
Аталық рулық қатынас
|
Әрі қарай «Андронов мәдениеті» қай дәуірде қалыптасқан?
Бұл мәдениетті жасаушы ру-тайпалардың Қазақстанмен қандай байланысы бар?» т.б. сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың білім деңгейін таразылап, төмендегі сызбаны пайдалана отырып, жоспардағы екінші мәселені түсіндіремін. Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің құндылығын ащқан археолог-ғалымдар еңбегіне тоқталып қорытындылаймын.
Жоспарда көрсетілген Орталық, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Оңтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштерін, олардың әр кезеңінің ерекшеліктеріне тоқталамын.
Сабақты бекіту:
Қола дәуірі және оның ерекшеліктері туралы не білесіңдер?
Қоланың пайда болуының адам өмірінде тарихи маңызы қандай?
Андроном мәдениеті туралы не білесіңдер?
Беғазы дәндібай мәдениеті Андроном мәдениетінен несімен ерекшеленеді?
Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері туралы айтып беріңдер.
Солтүстік және Батыс Қазақстандағы ескерткіштердің ерекшеліктері туралы әңгімелеңдер.
Шығыс Қазақстандағы ескерткіштердің зерттелу тарихы туралы не білесіңдер?
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы ескерткіштердің маңызы неді?
Т
Қола дәуірі
ірек-сызба
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Андронов мәдениеті
Ру-тайпалар
Орталық Қазақстан
Зерттелуі
Ә.Х.Марғұлан
Ұқсас мәдениет түркі тілдес
Сібір, Жайық өңірі, қазақстан, Орта Азия
зерттелуі
А.Я.Тугаринов (1914 ж. Асинск-Андронов селосы)
М.П. Грязнов (30- жылдары кезеңдерін анықтады)
Теплухов (кезеңдерге бөлді)
К.В.Сальников (Орал сыртының ескерткіштерін зерттеді.)
Бағалау:
Үйге тапсырма: §3-4
10 сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: . Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Қола дәуірінде Қазақстан аумағында көшпелі мал шаруашылығының және жер шаруашылығының дами бастағанын түсіндіру.
Кәсіп түрлерін соның ішінде металл өндіру кәсібін жоғары меңгергенін көрсету. Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынас пен діни наным-сенімдердің адам өміріндегі рөліне тоқталу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
Карта
Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте .
Үй тапсырмасын сұрау:
Қола дәуірі және оның ерекшеліктері туралы не білесіңдер?
Қоланың пайда болуының адам өмірінде тарихи маңызы қандай?
Андронов мәдениеті туралы не білесіңдер?
Беғазы - Дәндібай мәдениеті Андронов мәдениетінен несімен ерекшеленеді?
Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері туралы айтып беріңдер.
Солтүстік және Батыс Қазақстандағы ескерткіштердің ерекшеліктері туралы әңгімелеңдер.
Шығыс Қазақстандағы ескерткіштердің зерттелу тарихы туралы не білесіңдер?
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы ескерткіштердің маңызы неді?
Сабақтың жоспары:
Шаруашылықтың дамуы
Қола дәуіріндегі металл өндіру
Қоныстар мен тұрғын үйлер
Үй кәсібі мен қолөнердің дамуы.
Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық қатынастар
Діни нанымдар мен әдет-ғұрыптар
Металл өндірудегі табыстар
Кен орындары
Кен өндіру құралдыры-балға, шоттар, сыналар, келі-келсаптар
Мыс пен қалайыны белгілі мөлшермен қосу
Әр түрлі қалыптар
Сәндік бұйымдар жасау
Үшінші
Сабақты бекіту:
Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?
Қола дәуіріндегі металл өндірудің дамуын неден көреміз?
Қола дәуіріндегі ру-тайпалар қоныстар мен үй-жай салуда қандай тәсілдерді қолданды?
Үй-жай кәсібі мен қолөнердің дамуы неге байланысты болды?
Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастардың дамуын неден байқауға болады?
Қола дәуірінде діни наным-сенімдердің шығуы неге байланысты болды? Осы наным сенімдердің бізге жеткендері бар ма?
Бағалау: өзін-өзі
Үйге тапсырма:§5.
10 сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі
Сабақтың мақсаты:
Б.з.б. VIII-VII ғасырларда Қазақстан аймағында мекендеген тайпалар темір құрал-сайман жасай бастағанын, осы кезде өмір сүрген сақ тайпалары туралы ғылыми деректерді, олардың археологиялық ескерткіштерінің зерттелуінің маңызын түсіндіру.
Бәсекеге барынша қабілетті білімді азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: СТО
Сабақтың көрнекілігі:
Карта
Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?
Қола дәуіріндегі металл өндірудің дамуын неден көреміз?
Қола дәуіріндегі ру-тайпалар қоныстар мен үй-жай салуда қандай тәсілдерді қолданды?
Үй-жай кәсібі мен қолөнердің дамуы неге байланысты болды?
Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастардың дамуын неден байқауға болады?
Қола дәуірінде діни наным-сенімдердің шығуы неге байланысты болды? Осы наным сенімдердің бізге жеткендері бар ма?
Сабақтың жоспары:
Тас дәуіріне сипаттама
Жазба деректер
Дәуірдің тарихнамасы
Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі.
Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді:
Тиграхауда сақтары- шошақ бөрік киген сақтар;
Хаомаварга сақтары-хаома сусынын қайнатушылар;
Парадарайя сақтары-теңіздің ар жағында тұрушы сақтар.
Бекіту:
Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге болады?
Сақтар туралы қытай деректері қандай мағлұматтар береді?
Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?
Бағалау: өзін-өзі.
Үйге тапсырма:§6.
10 сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың қоғамдық құрылысы.Шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
Сақтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығының дамуы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Діни наным-сенімдерді, антропологиялық зерттеулерді атап өту.
Бәсекеге барынша қабілетті білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: СТО
Сабақтың көрнекілігі:
Карта
Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түген
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте.
Үй тапсырмасын сұрау:
Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге болады?
Сақтар туралы қытай деректері қандай мағлұматтар береді?
Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?
Соңғы кезде темір дәуіріне байланысты қандай жаңалықтар болды?
Қазақстан жеріндегі темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуі туралы не білесіңдер?
Сабақтың жоспары:
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақ тайпаларының шаруашылығы
Қолөнер мен зергерліктің дамуы
Бейнелеу өнері
Діни наным-сенімдер
Сақтардың антропологиялық өзгерістері
«Сақтардың шаруашылығы», «Қолөнер мен зергерліктің дамуы» тақырыпшалары негізнде мәтінмен жұмыс жасату. Оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар таратылып беріледі. Дайындалуға уақыт беріліп жауап алынады.
І
Сақ тайпаларында шаруашылықтың қандай түрлері дамыған? Көшпелі мал аруашылығының екі түрін ажыратып көрсетіңдер.
ІІ
Шаруашылықтың, өндіргіш күштердің дамуы қоғамдың әлеуметтік жағдайына қалай әсер етті?
Малдың қай түрлері көп өсірілдіЮ Оның тиімді жақтарын айтып беріңдер.
ІІІ
Сақтарда қолөнердің қандай түрлері дамыған?
Сақ шебері жасаған ерекше бұйым деп нені атауға болады?
IV
Сақ шеберлері металл бұйымдар жасаудың қандай тәсілдерін білген?
Сақтардың діни наным-сенімдеріне тоқтала отырып, мәтіннің негізгі мазмұнын талдап, дәптерлеріне жазғызу.
Жерлеу салты;
Отқа табыну;
«Көсемдерге сыйыну»,
Аспан денелеріне сыйыну;
Анимизм, тотемизм, магия-ежелгі діни ұғымдардың сақталуы.
Сақтардың антропологиялық жағындағы өзгерістеріне тоқталғанда: «Қола дәуіріндегі ру-тайпалар және сақтар алғашқыда еуропеидтік пішінде болып, кейін сақтардың ұрпақтары монғолоидтік пішінге түсе бастауына не себеп болды?»-деген ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып, оқушылардың өз ой-пікірлерін де ортаға салып, талдауға мүмкіндік беру.
Сабақты бекіту:
Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?
Сақ тайпаларының шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.
Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?
«Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сақтардың діни-нанымдары
Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неді?
Бағалау: өзін өзі
Үйге тапсырма:§7.
10 сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 8. Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
Қазақ халқы қалыптасуының еделгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері жөнінде оқушыларға толық түсінік беру, ерекшеліктеріне тоқталу.
Түркі этнонимінің пайда болуы жөнінде тоқтала отырып, түркі тілдес халықтардың қоныстанған аумағыжәне түркі тілдес ұлттардың қалыптасу кезеңдері жөнінде оқушыларға тиянақты білім беру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба .
Үй тапсырмасын сұрау:
Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?
Сақ тайпаларының шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.
Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?
«Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сақтардың діни-нанымдары
Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неді?
Сабақтың жоспары:
Ежелгі ру-тайпаларының этностық дәрежеге жетуі
Қазақ халқы негізінің қалыптасуының ерте орта ғасырлардағы тарих кезеңдері
Түркі тілдес халықтардың ата-бабасы қоныстанған жерлер. Қазіргі түркі тілдес халықтардың алып жатқан аумағы.
Түркі тілдес этностардың қалыптасу кезеңдері
С
Этнос-ел
Антрополог О.Исмағұлов
Қазақтарда этностық үдерісі
Қола дәуірі
абақ жоспарының бірінші мәселесін мына тірек нүктелері арқылы түсіндіру.
Темір дәуірі
Сақ, үйсін, қаңлы, ғұн
Түркі тілдес халық
Оқушылардың тақырыпты қалай түсінгенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қою:
Этнос сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.
Антрополог О.Исмағұловтың пікірі бойынша қазақтарда этностық үдеріс қай кезеңде басталды?
Соңғы зерттеулерде қазақ халқының тілі түркі тілдес халыққа жататындығын немен дәлелдеуге болады?
Сабақ жоспарының екінші мәселесі бойынша қазақ халқы негізінің қалыптасуының ерте орта ғасырлардағы тарихи кезеңдерінің ерекшеліктеріне тоқталу керек. Яғни, үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларының араласуы этностық құрамның антропологиялық және тілдік ерекшеліктеріне едәуір өзгерістер енгізді. Осы ру-тайпалар біздің заманымызға дейінгі қазақ халқының алғашқы этностық негізін құраған этносаяси қауымдастықтар екенін айту.
Қазіргі түркі тілдес халықтардың алып жатқан аумағы туралы мәселені оқушылардың өз бетімен оқып, төмендегі кестені толтыру ұсынылады. Төменде кестенің дұрыс толтырылған нұсқасы.
№
|
Аймақ
|
Түркі тілдес ұлттар
|
1
|
Еділ-Жайық өңірі
|
Татар, башқұрт, чуваш, қырым татарлары
|
2
|
Кавказ үстіртінде
|
Әзірбайжан, қарашай, балқар
|
3
|
Тұран ойпатында
|
Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ
|
4
|
Шығыс Түркістан
|
Ұйғыр
|
5
|
Сібір және Шығыс Азия
|
Саха(якут), шор, хақас, алтай қырғыздары
|
6
|
Кіші Азия
|
Түрік ұлты
|
Түркі тілдес этностардың қалыптасу кезеңдері деген төртінші мәселені мына кесте арқылы толтыруға болады.
Түркі тілдес халықтардың үш кезеңінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мынадай негізгі ұғымдармен қорытындылау: XVғасырдың ортасында түркі және басқа халықтардың күресі халықтардың бір-бірінен бөлінуіне әкелді. Мысалы, XV ғасырда түрікмен халқы қалыптасты. 1356 жылы әзірбайжан халқы қалыптасты. XIV-XV ғасырларда Кіші Азия мен Балқан түбегін түркілердің бағындыруына байланысты, Осман империясы құрылды. Бұл мемлекет түркі тілінде ең көп санды түрік халқын қалыптастырды деп ой түю.
Қазақ этносы халық болып қалыптасуының барысы:
Төрт мың жылға жуық уақытқа созылды;
Төрт түрлі тарихи кезеңде тілдік, этностық, антропологиялық, мәдени-тарихи дамуды басынан кешті;
Сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, найман сияқты этностық топтар қазақ этносының негізін құрады;
Осындай тарихи даму кезеңдерін басынан өткізген ру-тайпалар XV ғасырдың басында қазақ халқының қалыптасуына негіз болды.
Сабақты бекіту:
Қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалар мен рулар туралы не білесіңдер?
Қаңлы, үйсін тайпалары қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?
Ерте орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?
Орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?
Қазақ халқы өзінің қалыптасу тарихында мәдени-тарихи дамудың қандай кезеңдерін бастан өткізді?
Қазіргі кездегі түркі тектес халықтардың қалыптасу кезеңдері туралы айтыңдар
Осман империясының негізінде қандай ірі халық қалыптасты? Оның өзіне тән қандай ерекшеліктер бар?
Бағалау:
Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |