Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты


§ 12. Сұрақтарға ауызша жауап дайындау



бет3/4
Дата18.05.2017
өлшемі1,12 Mb.
#16359
түріСабақ
1   2   3   4
§ 12. Сұрақтарға ауызша жауап дайындау.

  • Қосымша деректерді пайдаланып, «қазақ», «алаш», «жүз» сөздерінің шығуы жөнінде мәлімет даярлауды тапсыру.


    10 сынып. Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда көшпелі өркениеттің пайда болуы және оның дамуы

    Сабақтың мақсаты:


    • Көшпелі қоғамның өзіне тән белгілерін, шаруашылық, сауда, кәсіптік ерекшеліктерін көрсету. Әлеуметтік-саяси дамуын түсіндіру. Ежелгі көшпелілерде мемлекеттік қоғамдық құрылым болғандығын, ондағы басқару жүйесі мен әскери істің дамуы жетілдіріп отырылғанын түсіндіру.

    • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас

    Әдісі: интерактивті

    Сабақтың көрнекілігі:


          1. карта

          2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

    Үй тапсырмасын сұрау:

    Ғұндар

    Сабақтың жоспары:



    1. Қазақстанда еделгі дәуірде мал өсірудің пайда болуы.

    2. Көшпелі мал шаруашылығының дамуы.

    3. Көшпелі өркениеттің Қазақстандағы көріністері

    4. Көшпелілердің қоғамдық құрылысы

    5. Көшпелі қоғамдағы әскери іс.

    Б.з.б. 3-мыңжылдық-малды қолға үйреткен.

    Б.з.б. 2-1-мыңжылдық-мал өсіру-жер өңдеу

    Б.з.б. XVII-XII ғасырлар-көшпелі мал өсіру бастамасы-жер өңдеу.


    «Көшпелі шаруашылықтың дамып келе жатқанын қалай дәлелдеуге болады?»- деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға, оларды ойланып жауап беруге дағдаландыру.

    Екінші мәселеде көшпелі мал шаруашылығының үш түріне тоқталу. Оқушыларға кесте толтырту арқылы өздігінен оқып-үйрену жұмысын жүргізу.



    Мал шаруашылығының үш түрі

    Мал шаруашылығын түрі

    Ерекшеліктері

    Таралған аймағы

    Деректер












    Қазақстандағы қола дәуірінің соңы мен алғашқы темір дәуіріндегі кезеңі зерттеу барысында Жетісу, Шығыс Қазақстан, Сырдария бойында мекендеген тайпалар мемлекет дәрежесіне көтерілгенін оқушылардың есіне сала отырып, мемлекеттің пайда болып дамуын дәлелдеу.



    Мемлекеттің пайда болуы. Б.з.б. 1-мыңжылдық

    • Әскери демократиялық басқару

    • Көшпелі мал шаруашылығы

    • Отырықшы мал шаруашылығы

    • Рухани мәдениеттің дамуы

    • Әлеуметтік теңсіздік

    • Тайпа, тайпа одақтары

    Мемлекеттер

    • Сақ

    • Үйсін

    • Қаңлы

    Тарихи, мәдени ескерткіштер

    1. Темірден құрал жабдықтар

    2. «Патша обалары», Алтын киімді адам, т.б.

    3. Күміс тостағандағы жазу

    4. Қытай, грек,иран жазба деректері

    Сұрақтар:

    1. Сақтарда қандай әскер түрлері болған?

    2. Сақ жауынгерлері туралы қандай деректер және айғақтар бар?

    3. Сақтардың әскери құрамының сызбасын түсіріңдер.

    4. Әскери өнер қалай жетілдіріліп отырған? Дәлелдеңдер.

    Көшпелі халықтардың әскери жүйесі

    Әскердің құрамы

    • Атты

    • Жаяу

    • Ауыр қару-жарақты

    Басқару ісі

    • Оң қанат

    • Ортаңғы қанат

    • Сол қанат




    • Ондық- жүздік-мыңдық-онмыңдық=бір түмен

    • Қару жарақтары: найза, айбалта, садақ, семсер, күрзі.

    Әскери өнерлдің жетілдірілуі

    • Әскери дайындық, байқау өткізу;

    • Майданда әскери шеп құру, айқасты жүргізу тәсілі;

    • Соғыс жүргізу, қорғаныс жүргізу тәсілі;

    • Әскери марапаттау, атақ беру жүйесі;

    • Батырлардың жекпе-жегін өткізу әдістері;

    • Қарулардың жеке түрлерін қолдану тәсілдері;

    • Әскерді қаржыландыру, т.б.

    Сабақты бекіту:

    • Көшпелі өркениет қай кезден басталады?

    • Мал шаруашылығы дамуынының қандай кезеңдерін білесіңдер?

    • Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар? Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?

    • Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?

    Бағалау:

    Үйге тапсырма: §



    10 сынып. Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: Көшпелілер мәдениеті

    Сабақтың мақсаты:


    • Көшпелі тайпалар-сақ, сармат, скифтердің материалдық және рухани мәдениеті, діни наным сенімдері туралы білімдерін тереңдету. Олардың көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету.

    • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас

    Әдісі: интерактивті

    Сабақтың көрнекілігі:


          1. карта

          2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқу құралын тексеріп түгендеу

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

    Үй тапсырмасын сұрау:



    • Көшпелі өркениет қай кезден басталады?

    • Мал шаруашылығы дамуынының қандай кезеңдерін білесіңдер?

    • Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар? Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?

    • Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?

    Сабақтың жоспары:

    1. Материалдық мәдениет

    2. Рухани мәдениет

    3. Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері

    Материалдық мәдениет

    • Обалар, күмбездер

    • Тастан, шикі кірпіштер тұрғызылған үйлер

    • Киім-кешектер

    • Шеберлердің, әр түрлі материалдардан (алтын, күміс, қола, мыс, қыш, ағаш) жасаған бұйымдары

    • Жазба деректер

    Рухани мәдениетті құраушы салалар

    • Әдеп –ғұрыптар

    • Салт-дәстүр

    • Зергерлік бұйымдар /аң стилі, бейнелеу өнері/

    Дін

    • Ислам діні

    • Табыну

    • Несториан діні

    • Құрбандық

    • Христиан діні

    • Наным-сенім

    • Будда діні

    • Рух

    Наным-сенімдер

    • Ұмай анаға табыну

    • Ата-баба аруағына табыну

    • Күнге табыну

    • Отқа табыну

    • Жер-суға табыну

    Қазақстанда тараған діндер

    • Будда

    • Несториан

    • Ислам

    • Христиан

    • Зороастризм

    • Манихей


    Сабақты бекіту:

    • Материалдық мәдениет деген не?

    • Көшпелілердің материалдық мәдениетінің түрлерін атаңдар.

    • Рухани мәдениеті дегеніміз қандай мәдениет?

    • «Аң стилі» үлгісінде зергерлер нені көрсетуге тырысқан?

    • Көшпелі тайпалардың қандай наным-сенімдерін білесіңдер?

    • Әлемдік діндер көшпелілер арасына қалай ене бастады? Ислам діні көшпелілер арасына тез орныға бастауының себебі неде?

    Бағалау:

    Үйге тапсырма:§



    10 сынып. Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс

    Сабақтың мақсаты:


    • «Көшпелі өркениет» ұғымын, сонымен қатар алғышқы көшпелілерден бастап, орта ғасырларда жалғасып, одан әрі дамып отырған көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы өзара байланысын, ықпалын, әсерін ашып көрсету.

    • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас

    Әдісі: интерактивті

    Сабақтың көрнекілігі:


          1. карта

          2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқу құралын тексеріп түгендеу

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

    Үй тапсырмасын сұрау:



    • Материалдық мәдениет деген не?

    • Көшпелілердің материалдық мәдениетінің түрлерін атаңдар.

    • Рухани мәдениеті дегеніміз қандай мәдениет?

    • «Аң стилі» үлгісінде зергерлер нені көрсетуге тырысқан?

    • Көшпелі тайпалардың қандай наным-сенімдерін білесіңдер?

    • Әлемдік діндер көшпелілер арасына қалай ене бастады? Ислам діні көшпелілер арасына тез орныға бастауының себебі неде?

    Сабақтың жоспары:

    1. Алғашқы көшпелілер кезіндегі байланыс

    2. Теміс дәуірінің соңғы кезіндегі (б.з.б. ІІІ-б.з. V ғғ.) көшпелі және отырықшы өркениетті елдер арасындағы байланыстар.

    3. Ерте орта (б.з.VI-XІ ғғ.) және орта ғасырлардағы (Х-ХV ғғ.) байланыстар.

    4. Қалалардың өсуі, жартылай көшпелілермен қарым-қатынастың дамуы.

    Сабаққа «б.з.б. ІІІ-б.з.V ғғ. Қазақстанның» және «Дүние жүзінің саяси картасы» пайдаланылады. Сабақтың бірінші мәселесін түсіндіру кезінде, «өркениет», «көшпелі өркениет» ұғымдарына түсінік беріп, оқушылардың өткен материалдарын естеріне қайта түсіріп, қорытындылау.

    Қытаймен

    • Елшілік

    • Одақ құру

    • Шапқыншылық

    • Жібек саудасы

    Үйсін, қаңлы, ғұн

    • Қытай

    • Сасандықтар

    • Кушан

    Қаладағы күрделі құрылыстар

    • Қолөнер шебеханалары

    • Мешіттер

    • Моншалар

    • Наубайханалар

    • Қыш көзе жасайтын шеберханалар

    • Сарайлар

    • Сауда орталығы

    • Үйлер

    Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс ежелгі заманнан б.з.б. VII-V ғасырларында басталып, орта ғасырларға (X-XVIғғ.) дейін дамып, жалғасып отырған. Екі өркениет арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың болғанын дәлелдейтін көптеген археологиялық және жазба деректерді талдап түсіндіру арқылы сабақ қорытындыланады.

    Сабақты бекіту сұрақтары:



    • Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінесіңдер?

    • Отырықшы өркениет дегеніміз қандай өркениет?

    • Бұл өркениеттер арасындағы байланыстар қандай қажеттіліктерден туды?

    • Ерте орта ғасырлардағы көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстарға тоқталу.

    • Қала мәдениетінің даму себептерін атаңдар.

    • Қандай ірі қалалар өсіп шықты? Олардың ішкі құрылыс жүйелерінде қандай жаңа құрылыстар салынды?

    Бағалау:

    Үйге тапсырма: §1



    10-сынып. Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

    Сабақтың мақсаты:


    • ІІ тоқсанда өтілген материалдарды қайталай отырып, алған білімдерін пысықтау.

    • Ұлтжанды, білімді жеке тұлға тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: қайталау

    Әдісі: интерактивті

    Көрнекілік: карта, сызба

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



    • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

    • Әнұран орындау, «Хабар»

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

    • Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінесіңдер?

    • Отырықшы өркениет дегеніміз қандай өркениет?

    • Бұл өркениеттер арасындағы байланыстар қандай қажеттіліктерден туды?

    • Ерте орта ғасырлардағы көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстарға тоқталу.

    • Қала мәдениетінің даму себептерін атаңдар.

    • Қандай ірі қалалар өсіп шықты? Олардың ішкі құрылыс жүйелерінде қандай жаңа құрылыстар салынды?

    Қайталанатын материалдар:

        1. Қыпшақ мемлекеті

        2. Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы

        3. «Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

        4. Қазақстанда көшпелі өркениеттің пайда болуы және оның дамуы

        5. Көшпелілер мәдениеті

        6. Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс

    Сабақты бекіту:

    • «Ия жоқ»

    • БҮҮ

    • Бетпе-бет

    • Венн диаграммасы

    • Эрудит

    Бағалау:

    Үйге тапсырма: § ІІ тоқсан материалдарын қайталау.

    10 сынып. Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: Көшпелі қоғамдағы мемлекет

    Сабақтың мақсаты:


    • Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуын, қоғамдық құрылысын көрсету, алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді жазба, археологиялық деректер арқылы түсіндіру.

    • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас

    Әдісі: интерактивті

    Сабақтың көрнекілігі:


          1. «Б.з.б. V - б.з. І ғасырлардағы Қазақстан» картасы

          2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқу құралын тексеріп түгеyдеу

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    Үй тапсырмасын сұрау:

    • Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінесіңдер?

    • Отырықшы өркениет дегеніміз қандай өркениет?

    • Бұл өркениеттер арасындағы байланыстар қандай қажеттіліктерден туды?

    • Ерте орта ғасырлардағы көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстарға тоқталу.

    • Қала мәдениетінің даму себептерін атаңдар.

    • Қандай ірі қалалар өсіп шықты? Олардың ішкі құрылыс жүйелерінде қандай жаңа құрылыстар салынды?

    Сабақтың жоспары:

    1. Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуы.

    2. Көшпелі мемлекеттерде қоғамдық таптардың пайда болуы.

    3. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.

    Қоғамдық таптардың жіктелуі

    Теңсіздіктің пайда болуы

    Ру ақсақалдары

    Тайпа көсемі

    Әскербасылары

    Қолбасшылар

    Қауым мүшелері-

    Кедейлер,

    құлдар

    Қоғамдық құрылысы

    Патша

    Ірі ақсүйектер, байлар

    • Қолбасшылар, әскербасылар

    • Тәуелді адамдар, қызметшілер, жауынерлер

    Тақырыптың үшінші мәселесі-Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қазақстан аумағындағы б.з.б. V-II ғасырларда өмір сүрген сақ, сармат тайпалары мемлекет дәрежесінде өмір сүргендігін түсіндіру. Картаны пайдаланып, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.

    1. Б.з.б. V ғасырда Қазақстан аумағын мекендеген тайпа бірлестіктерін атаңдар?

    2. Б.з.б. ІІІ-б.з. V ғасырларында орналасқан тайпа одақтарының аумағын көрсетіңдер?

    3. Ежелгі қорғандарды (обаларды) көрсетіңдер?

    Жетісу- Бесшатыр,Есік. Алтай тауының етегінде Берел, Ш.Қ.жеріндегі «игілікті оба»

    Сұрақтар:



    1. Әскери демократия органдары не себептен үстемдік ету органына айналды?

    2. Билік етудің жаңа қандай формасы ұйымдастырылды, оған қандай қолайлы жағдай туды деп ойлайсыңдар?

    Сабақты бекіту:


    § 17. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер

    Сабақтың мақсаты:


    • Б.з.б. ІІІ-б.з. IV ғасырларда Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарындағы алғашқы мемлекеттердің дамуын, олардың қоғамдық құрылысын, алып жатқан аймағын көрсету, мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру.

    Сабақтың түрі: аралас

    Әдісі: интерактивті

    Сабақтың көрнекілігі:


          1. карта

          2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

    • Әнұран орындау, «Хабар»

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

    Үй тапсырмасын сұрау:

    Сабақтың көрнекілігі:


    1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы»

    2. «Б.з.б. ІІІ-б.з. V ғасырындағы Қазақстан картасы»

    3. Кітап көрмесін ұйымдастыруға болады.

    Сабақтың жоспары:

    1. Ғұн мемлекеті, қоғамдық құрылысы

    2. Үйсін мемлекеті

    3. Қаңлы мемлекеті.

    Сабақ барысында оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару мақсатында алдымен сұраққа жауап алып, әңгімелесу әдісін қолданған дұрыс.

    Сұрақтар:



    1. Қазақстан жерінде мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген қандай тайпаларды білесіңдер?

    2. Олар қай ғасырарда өмір сүрген? Олардың мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілгеніне қандай айғақ келтіре аласыңдар?

    Мұғалім өзі әрі қарай жалғастырып, картаны пайдалану арқылы осы сақ, дай тайпалары мекендеген Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда б.з.б. ІІІ-б.з. Ivғасырларында Ғұн, Үйсін Қаңлы мемлекеттері өмір сүргенінайта отырып, сабақ жоспарының бірінші мәселесі «Ғұн мемлекетіне» тоқталады.

    Ғұн мемлекеті туралы деректер қытай жазбаларында кездесетіндігіне оқушылардың назарын аудару керек. Онда ғұн тайпалары туралы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастап жазылған деректер кездеседі. Мұғалім оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетіне үнемі қозғау сала отырып, Ғұн мемлекетінің алып жатқан аймағын пайдаланып түсіндіреді.

    Ғұн империясының басқару жүйесін түсіндіру кезінде 43-беттегі сызбаны пайдалануға болады.

    Мұғалім сабақты жалғастыра отыры, ғұндарда азаматтық құқық жүйесі болғанын, ауыр қылмысы үшін өлім жазасы қолданылып отырғанын түсіндіріп, Ғұн мемлекетінің сыртқы саясатына тоқталады.

    Тақырыптың екінші мәселесі-Үйсін мемлекеті. Мұғалім үйсіндер туралы деректерінен Қытайдың «Дауан шежіресінен», қазақ шежіресінен, жер-су аттарынан, Орхон-Енесей ескерткіштері жазуларынан кездестіруге болатынын жер аумағын, астанасы Қызыл Аңғар қаласын картаны пайдалана отырып түсіндіреді.

    Үйсіндердің мемлекеттік дәрежеде өмір сүргенін, басқару жүйесінің әр түрлі дәрежелері болғанын сызбаны пайдалана отырып, дәлелдейді.

    Мұғалім үйсіндердің көрші елдермен қарым-қатынасына да тоқталады және дидактикалық материалдардағы «Үйсіндердің қарым-қатынас жасаған елдері» деген сызба түрінде берілген тапсырманы орындау.

    Сабақ жоспарындағы үшінші мәселе-Қаңлы мемлекеті. Мұғалім оқушылардың Қаңлы мемлекеті туралы білімін тереңдете отырып, олардың өзіндік ой-пікірлерінің қалыптасуына ықпал етуі керек.

    Қаңлылар туралы б.з.д. ІІІ ғасырда қытай жазба деректерінде жазылған, сонымен қатар парсы, үнді деректерінде, қазақ шежіресінде, түркі жазуларында, археологиялық ескерткіштерде кездеседі. Мұғалім мәтінді осы айғақтарға сүйене отырып түсіндіреді.

    Түсіндіру барысында Қаңлы мемлекетінің Қытаймен қарым-қатынасына байланысты мына сызбаны пайдаланса (оқушылар-дәптерін, мұғалім тақтаны пайдаланады), оқушылардың есте сақтау қабілеті дами үседі.

    Қаңлы мемлекеті қытаймен қандай қарым-қатынаста болған? /бейбіт елшілік, мәдени, шапқыншылық/

    Түсіндіру барысында мұғалім қаңлылардың Қазақстан жеріндегі мәдени ескерткіштеріне ерекше көңіл аударуы керек.



    Ескерткіштері

    Орналасқан жері, уақыты

    1. Қауыншы

    2. Жетіасар

    3. Отырар-Қаратау




    Жеке қағазға жазылған сөздерді пайдалануға болады. Түсіндіру барысында оларды тақтаға іліп отырады.

    Хан би

    Даш би


    Ханның үш уәзірі

    Жазба заңы

    Мұғалім жаңа сабаққа қорытынды жасап, үйге тапсырма береді.

    § 18. Ерте орта ғасырлардағы империялар

    Сабақтың мақсаты:


    • Ерте орта ғасырларда құрылған Түрік империясының дамуы, өз шекарасын Қара теңізге дейін жеткізгені, империяның әлеуметтік, экономикалық жаңдайы және ыдырауы туралы білімдерін тереңдету.

    Сабақтың түрі: аралас

    Әдісі: интерактивті

    Сабақтың көрнекілігі:


          1. карта

          2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

    • Әнұран орындау, «Хабар»

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

    Үй тапсырмасын сұрау:

    Сабақтың жоспары


    1. Түрік империясының құрылуы

    2. Түрік империясының дамуы

    3. Түрік империясының әлеуметтік, экономикалық жағдайы

    4. Түрік империясының ыдырауы

    5. Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі

    Мұғалім жаңа сабақты түсіндірер алдында оқушылардан Түрік қағанаты туралы білетіндерін естеріне түсіріп, олардың жауаптарын өзі толықтырады.

    Түрік империясының құрылуын түсіндіру барысында оқушыарға мынадай сұрақ қоюға болады: «Жалпы тарихты өту барысында ежелгі дәуірдегі империялық дәрежеге жеткен қандай елдерді білесіңдер?» Мұғалім әрі қарай Батыста Грекияда, Рим империялары құрылып, дамыса, осы кезеңде Шығыста Ғұн империясы болғанын айта отырып, VI-VIII ғасырларда Түрік империясының да құрылғанына тоқталады. Империяның негізін қалаған, шекарасын кеңейтіп, империяны құрған қағандар жөнінде ереше атап кеткен жөн.

    Сабақ жоспарының екінші мәселесі-Түрік империясының дамуы

    Мұғалім Түрік империясының дамуы мәселесін жазба деректер (қытай, түрік), археологиялық мәдени ескерткіштер арқылы дәлелдей отырып түсіндіреді. Оқушы білімі тереңдей түскен сайын, өз ойын қорытындылап, өзіндік сараптама жасай алатын болуы керек.

    Осы мақсатта оқушыларға «Түрік империясының дамуы» тақырыпшасындағы екі абзацты әр қатарға бөліп беріп, оқып шыққаннан кейін, мына сұрақтар бойынша жауап алынады.

    Сұрақтар:



    1. Түрік қағандары империяны дамытуда көрші елдердегі қандай жағдайларды шебер пайдалана білді?

    2. Түрік империясы қандай елдерді бағындырған, оны қандай деректерден білуге болады?

    Сабақ жоспарының үшінші мәселесі-Түрік империясының әлеуметтік, экономикалық жағдайы.

    Мұғалім оқушылардың Түрік қағанатының басқару жүйесіне ерекше мән беруіне көңіл бөледі. Мұнда айрықша бір басқару белгісі- әскери және тайпаолық құрылыстың бір-бірімен байланыстылығы, яғни әскери-демократиялық басқару.



    Мемлекеттік басқару жүйесі

    Қаған-хан

    1. «Тегін»- мұрагер -//- Бектер

    2. Жабғу (ябғу)-бас уәзір-//-еріктілер

    3. «Шад»- ханзада -//- Тектілер

    Сонымен қатар, мұғалім айғақтарға сүйене отырып, Түрік империясында құлдықтың болғанын және Еуропа елдеріндегі құлдықтан өзіндік ерекшелігін айыра отырып түсіндіреді.

    Түрік империясының экономикасы дамып, күш-қуатының өсуіне Ұлы Жібек жолы мен басқа да керуен жолдарының ықпалын, экономикалысын негізі-мал шаруашылығы дамығандығын оқушыларға ұғындыру.

    Түрік империясының ыдырауын түсіндіру кезінде, оқушылардың басты көңіл бөлетіні мына жағдай болуы тиіс: біріншіден, империяның кең байтақ жерді-шығыста Хинган тауынан батыста Қара теңізге дейін алып жатуы; екіншіден, қағанның өз ішінде билік үшін талас-тартыс; үшіншіден, Қаған тағына талас; төртіншіден, осы жағдайды пайдаланып Қытайдың адым-салық төлеуден бас тартып, бағынбауы.

    Ішкі алым-салық төлеуден бас тартып, бағынбауы.

    Ішкі талас-тартыс, саяси бытыраңқылық, ашаршылық ел экономикасын күйзелтіп, империя VII ғасырдың басында (603 ж.) Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді.

    Сабақ жоспарының келесе мәселесе-Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көретілуі.

    Мұғалім оқушылардың сабаққа ынтасын, белсенділігін ескере отырып, Түрік империясының екіге бөлінгеннен кейінгі Батыс Түрік қағанатының жер аумағына, орталық қалаларына тоқталып өтеді. Батыс Түрік қағанаты VII ғасырдың бірінші ширегінде түрлі жорықтар жасап, ұлан-байтақ өлкені бағындырды. Қағанат империялық дәрежеге жетіп, шекарасы алдыңғы Кавказ, Еділдің төменгі ағысы, Қара теңіз, Донға дейін жеткізеді.

    Батыс Түрік империясының мемлекеттік басқару жүйесін түсіндіруде дидактикадағы сызбаны пайдалануға болады.

    Мұғалім қағанаттың жүз жылдан астам өмір сүріп, ішкі талас-тартыстар нәтижесінде орнына жаңа мемлекет Түркеш қағанатының құрылғаны туралы түсіндіріп, бекіту сұрақтарын қояды.


    1. Түрік империясы қай жылы қай қаған кезінде құрылды?

    2. Түрік империясының алып жатқан аумағы туралы қандай жазба деректерде келтірілген?

    3. Қағанат ішкі талас-тартыстың салдарынан қай жылы екіге бөлінді?

    Беуіту сұрақтарына жауап алғаннан кейін үйге тапсырма беріледі.

    §19. XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстан аумағындағы хандықтар

    Сабақтың мақсаты:


    • Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырларда құрылған хандық мемлекеттердің олардың әлеуметтік, экономикалық жағдайын, әкімшілік құрылысы туралы білімдерін тереңдету.

    Сабақтың көрнекілігі:

    1. «Қазақастан 14-15 ғасырларда» картасы

    2. «Қазақстан Республикасының сяси картасы».

    Сабақтың жоспары:

    1. Қазақстан аумағында хандық мемлекеттердің құрылуы.

    2. Мемлекеттердің әлеуметтік дамуы.

    3. Экономикалық дамуы.

    4. Мемлекеттердің әкімшілік құрылысы

    Сабақ жоспарының бірінші мәселесі-ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан жаулап алғаннан кейінгі Қазақстан аумағында құрылған хандықтар.

    Мұғалім, алдымен, оқушыларға мына сұрақтар ды беріп, өткен сабақтарын естеріне түсіреді. Шыңғыс хан Қазақстанды қай жылдары жаулап алды? Жаулап алған жерлерін төрт баласына қалай бөліп берді?

    Мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып, Шағатай, Жошы және Үгедей билеген аумақты картадан көрсетіп, олардың жеке ұлыс болып өмір сүргені жайлы айтады. Сонымен қатар Бату хан кезінде Алтын Орда құрылып, кейіннен оның Ақ Орда және Көк Орда болып бөлінгенін, онда билік жүргізген хандарға, оқиғаларға тоқталады.

    Алтын Орда, Ақ Орда ыдырағаннан кейін Қазақстан аумағындағы мемлекеттер туралы түсіндіру барысында төмендегі сызбаны пайдалануға болады.



    Алтын Орда

    1. Ақ Орда –Әбілқайыр хандығы- Моғолстан мемлекеті

    2. Көк Орда

    3. Ноғай Ордасы

    Сабақ жоспарының екінші мәселесі-мемлекеттердің қоғамдық құрылысы, әлеуметтік дамуы.

    Мұғалім оқушыларға бұл мемлекеттер орналасқан аймақта, әсіресе оңтүстік аудандарда өндірістік қатынастар жақсы дамығандығын, оның себебін көрсету керек.

    XIV-XV ғасырларда бұл мемлекеттердегі таптың құрылымын, мемлекеттің басқару жүйесі түсіндіргенде тірек-сызбаларды пайдалануға болады. Бұл оқушылардың танымдық, есте сақтау қабілетіне ықпал етіп, білімін толықтырып отырады.

    Мұғалім Алтын Орда, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, НоғайОрдасы және Моғолстан мемлекетінің экономикалық дамуына тоқталғанда, экономиканың негізгі қайнар көзі жерге және оны иелену ерекшелігіне, салықтар мен оның түрлеріне ерекше көңіл аудару керек.



    Жерге иелік түрлері

    • Икта

    • Інжу

    • Сойырғал

    • Тархандық

    1. Мемлекеттік жер (диуандық)

    2. Інжу-ірі жер иелену

    3. Вакуфтық- дін иелігі

    4. Миліктік-шаруалар

    XIV-XV ғасырлардағы салық түрлері

    • Тағар

    • Қалан

    • Құшыр

    • Зекет

    • Сауын

    • Хараж

    • Баж

    • Соғым

    • Сыбаға

    Сабақ жоспарының төртінші мәселесі-мемлекеттердің әкімшілік құрылысы және этностық құрамы.

    Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы әкімшілік басқару жүйесінің көп жағдайда бір-біріне ұқсас болғанын, жоғары тап, ірі тайпа өкілдерінен тұратын хан кеңесінің рөлін ерекше атап өту керек. Мұғалім бұл мемлекеттердегі халықтың шаруашылығы , мәдениеті, тілі, діні, әдет-ғұрыптарының ұқсастығына тоқталып, қазіргі осы аймақтарда құрылған мемлекеттер халықтарының ұқсастықтары, айырмашылықтары туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгіме өткізуге, пікір алысуға болады.

    Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету мақсатында, ізденісін дамыту бағытында қырғыз, өзбек, башқұрт, түрікмен, татар, қалмақ, т.б. халықтар туралы баяндама, реферетжазып келуді тапсыру да тиімді.

    Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін, осы аймақта Қазақ хандығы құрылып, дами бастайды. Қазақ хадығының құрылуының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор.

    10-сынып. Қазақстан тарихы.

    Сабақтың тақырыбы: XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы

    Сабақтың мақсаты:

    Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, XV-XVIIIғасырларда оның дамуы жайында баяндау, хандардың саяси бағыттарын көрсету, сыртқы жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып, білімдерін тереңдету.

    Сабақтың жоспары:


    1. Қазақ хандығының құрылуы

    2. Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы

    3. XVII-XVIII ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы

    1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай мемлекеттер құрылды?

    2. Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Ноғай ордасының әлсіреуіне не себеп болды?

    . Қазақ хандығының құрылуын XV ғасырдың 60 (70)-жылдары деп көрсетудегі дәлелдің бірі-М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» деген еңбегінен үзінді келтіре отырып түсіндіру. Жәнібек пен Керейдің Жетісуға қарай көшуінің түпкі негізі-біріншіден, хандықтың ішіндегі әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар, екіншіден, этностық байланыстар. 1465-1466 (1470-1471) жылдары Қазақ хандығы құрылып, дүние жүзіндегі мемлекеттерге таныла бастағанын деректерге сүйене отырып әңгімелеу.

    Тақырыптың екінші мәселесі-Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен –XVI ғасырдағы саяси жағдай.

    Бұл ғасырларда қазақ хандары Жәнібек пен Керей сол кездегі Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдайларды пайдалана отырып, Оңтүстік Қазақстандағы Созақ, Сығанақ, Сауран, т.б. қалаларды жаулап алады. Қазақ хандығының аумағын ұлғайтуда Қасым ханның рөлін мұғалім деректерге сүйене отырып, ерекше атап өтеді. «XV-XVIII ғасырлардағы Қазақстан», «XIII-XVII ғасырлардағы Жетісу» карталарын, «Қазақстан Республикасының саяси картасын» пайдалану керек.

    Қазақ хандары Хақназар, Тәуекел, Есім тұсінда олардың батыста, солтүстік-шығыста, Орталық Азияда хандықтың шекарасын кеңейтудегі рөлін, көрші елдермен саяси, сауда қарым-қатынастарын жасап, ел экономикасының дамуына на назар аударып отырғанын ерекше атап өтуі тиіс.

    XV-XVIғасырлардағы қазақ хандығы

    Хандықтың байланыс жасаған елдірі


    • Моғолстан

    • Өзбек хандығы

    • Сібір хандығы

    • Орыс мемлекеті

    Қатынас жасау түрлері

    Сабақ жоспарындағы үшінші мәселе-XVІІ-XVІІІ ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы.

    оқушылардың назарын қазақ хандығының өз ішінде жүріп жатқан саяси бытыраңқылығына аударуы керек. Бұл ғасырларда күшейген көрші Жоңғар мемлекетінің шапқыншылықтары, оған қарсы қазақ халқының тәуелсіздігін қорғау жолындағы күресі ерекше орын алады.

    Сонымен қатар Жәңгір хан, Тәуке ханның ішкі, сыртқы саясатта жүргізген іс-шараларына тоқталады. Оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатында тарихи, әдеби шығармалардан үзінділер оқып, сабақта немесе сабақтан тыс уақытта талқылауға болады.

    сабақты қорытындылау, бекіту сұрақтары.



    1. Қазақ хандығы қашан құрылады, алғышқы хандары кімдер?

    2. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

    3. Бұрындық пен Қасым хан кезінде Қазақ хандығының шекарасы қай жерлерге дейін ұлғайды?

    4. Қазақ хандығы көрші қандай мемлекеттермен қарым-қатынас жасады?

    5. Парсы тарихшысы Ескендір Мұңшы Тәуекел ханның қай елге шапқыншылығын суреттейді.

    6. Жоңғарларға қарсы Орбұлақ шайқасы қай жылы болды, ерекшелігі қандай?

    7. Тәуке хан ішкі саяси билікте қандай өзгерістер енгізді?

    8. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қандай жылдарды еске түсірді?

    Бағалау

    Үйге тапсырма: Қазақ хандары. Тарихи шығармалар оқу. Тест құру.

    Сабақтың тақырыбы: XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы

    Сабақтың мақсаты: ХV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының басқару жүйесін,

    Ұлыстық құрылымын, әкімшілік-құқықтық нормаларының ерекшеліктерін көрсету. Сот жүйесі, салықтар мен міндеткерлік түрлері туралы білімдерін тереңдету.

    Сабақтың жоспары:



    1. Хандық өкіметтің басқару жүйесі

    2. Ұлыстық құрылым

    3. Әлеуметтік құрылым

    4. Әкімшілік-құқық нормалары мен қылмыстық іс.

    5. Сот жүйесі

    6. Меншік мәселесі

    7. Салықтар мен міндеткерліктің түрлері

    Бірінші мәселеде хандық өкіметтің басқару жүйесінің ерекшелігіне, хан сайлауына тоқталу қажет.

    Ханның бес түрлі құқығы мен міндетін түсіндіру кезінде төмендегі сызбаны пайдалануға болады.



    Құқығы

    • Мемлекеттің жеріне билік жүргізу

    • Соғыс жариялау, билік жасау

    • Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу

    • Өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кеседі не тірі қалдыру

    • Заң шығару, бұйрық беру

    Міндеті

    • Елді сыртқы жаудан қорғау

    • Әскерді басқару

    • Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыру

    «Билер кеңесі»-ең ықпалды рубасылары кірген хандықтың басқару жүйесіндегі маңызды буын болған.Бұлар басты төрт қызмет атқарған.

    1.әскербасылық

    2.әкімшілік 3.билік 4.ақсүйектердің өкілдік қызметі.

    ІІ. Ұлыс-Қазақ хандығының басты саяси-экономикалық басқару жүйесі болған.

    Ұлысты Шыңғысхан тұқымдары ғана басқарып отырды.

    Ұлыс сұлтандары ұлыстың әскерін құрап,оған қолбасшылық етті.Ұлыс тұрғындарын-«ел», «халық»деп атаған.



    Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы

    І. Феодалдар

    1. Сұлтандар, қожалар

    2. Билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар

    ІІ. Қарапайым халық

    • Қараша,

    • қара кісі, шаруа,Бұқара ,құл құтан

    ІІІ. Құлдар, күңдер-бас бостандығы жоқ адамдар.

    Төртінші мәселе Тәуке ханның кезінде шығарылған «Жеті Жарғы» заңдарының әкімшілік-құқықтық нормалары мен қылмыстық істі қарау, реттеуде алатын орны, маңызы жайында айтады. Бұл заңдар жинағына «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» әдет-ғұрып, қағидалары енгізілгенін түсіндіре отырып, сабақтың әрі қарай «Жеті-Жарғы» кітапшасына, оның қағаз бетіне түсірілген немесе техникалық құрал арқылы көрсетілген баптарына тоқталады.

    Қазақ хандығында сот үкімін шығару ханда, биде, сондай-ақ ру-тайпа басшыларының қолында болған. Егер айыпкер билердің өзіне тағып отырған айыбын әділетсіз немесе күмәнді деп тапса, онда билердің ауыстырылуын талап етуге құқылы болған. Сот үкімін орындататын орган болмағандытан, оны жүзеге асыру жеңіп шыққан жаққа берілетінін түсіндіре отырып, мұғалім оны қазіргі өмірмен байланыстырса, сабақтың тиімділігі арта түседі.

    Салық түрлері


    • Зекет- мал басынан ханға төленетін салық

    • Хараж-жер салығы

    • Тағар-әскер үшін алынатын салық

    Халықтың атқаратын міндеткерлігі

    • Хан мен сұлтанға сыбаға, соғым беру.

    • Ақсүйектерді қонақ етіп күту

    • Салық жинаушыларды, т.б. көлікпен қамтамасыз ету.

    бекіту сұрақтары. қорытындылау.

    Үйге тапсырма :21 парагр.тест құру

    10-сынып. . Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы

    Сабақтың мақсаты:

    -VI-XII ғасырлардағы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын, оның бағыттарын көрсету. Ғылым мен әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет өкілдері туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

    Сабақтың жоспары:



    1. Орта ғасырлардың ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің даму бағыттары

    2. Ежелгі жазба ескерткіштері

    3. Ғылым мен әдебиеттің дамуы

    4. Сыр бойының даналары

    Сабақ жоспарындағы бірінші мәселе-орта ғасырлардың ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің даму бағыттары. Орта ғасырлардың бұл кезеңіндегі ерекшелік-қалалық отырықшылықтың дамуы, жартылай көшпеліліктің отырықшылыққа ауыса бастауы. мәдениеттің дамуына үлкен әсері болғаны туралы түсіндіру. Сонымен қатар ислам дінінің қабылдануын, оның мәдениет салаларына ықпалын айтып өту. Құрылыс ғимараттары әшекейленіп, өрнектеліп жасалатын болды. Сәулет өнерінің ғимараттары-Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан кесенесі суреттерін көрсете отырып, олардың өзіндік ерекшеліктеріне, көркемдік безендірілуіне тоқталып, оқушылар бойына рухани тәрбие берілуіне көңіл аудару .

    Діни наным-сенімге байланысты дамыған мүсін өнері бойынша түркі дәуіріндегі балбал тастар деп аталатын тас мүсіндерге тоқталу.

    Жоспарыдағы екінші мәселе-ежелгі жазба ескерткіштер.

    Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін естеріне түсіре отырып, ежелгі және орта ғасырлар кезеңдерінен бізге жеткен қандай жазбаларды білесіңдер?-деген сұрақ қойылады. Есік жазуы, Күлтегін, Тоныкөк жазулары туралы толығырақ мәлімет беру.

    тарихи маңызы зор шығармалар-«Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама», «Кодекс Куманикусқа» тоқталу, бұл еңбектердің қазақ тарихы мен тіл тарихында алатын орны жайлы айту.

    Сабақ жоспарындағы келесі мәселе-ғылым мен әдебиеттің дамуы тақырыпшасын түсіндіру математик, философ Әбунасыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұниді т.б.

    Сабақ жоспарының төртінші мәселесе-Сайрам мен Түркістаннан шыққан даналар және Сыр бойының даналары.

    Ғалымдар мен жазба әдебиетінің өкілдері





    Аты-жөні

    Еңбектері

    1

    Әбунасыр әл-Фараби (870-950)

    «Даналықтың жауһарлары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы», «Музыка туралы үлкен кітап»

    2

    Жүсіп Баласағұн (1021-1075)

    «Құтадғу білік»

    3

    Қожа Ахмет Йасауи

    «Даналық сөздер»

    4

    Ахмет Иүгінеки

    «Ақиқат сыйы»

    Сабақты қорытындылап, бекіту сұрақтары қойылады.

    1.Рухани мәдениеттің дамуы қандай бағыттарда жүрді?

    2. «Қорқыт ата», «Оғызнама», «Кодекс Куманикус» ескерткіштері туралы не білесіңдер?

    3.Ахмет Йүгінеки жастарға қандай өсиет айтты?

    Үйге тапсырма : §22

    10-сынып. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар

    Сабақтың мақсаты:


    • Қазақ даласында туған шығармалар-«Тарих-и Рашиди», «Жылнамалар жинағы», «Шыңғыснама» еңбектерінің қазақ тарихы үшін маңыздылығын көрсету.

    • Әбілғазы шежірелері қазақ халқының тарихы, тіршілігі мен мәдениетін тануда құнды деректер болып табылатынын түсіндіру.

    Сабақтың көрнекілігі: ғалымдардың портреттері, ҚР саяси картасы

    Сабақтың жоспары:



    1. «Тарих-и Рашиди».

    2. «Жылнамалар жинағы».

    3. «Шыңғыснама».

    4. «Әбілғазы шежіресі»

    Сабақтың жоспарындағы алғашқы тақырыпша «Тарихи Рашиди » атты М.Х.Дулатидің шығармасы туралы, сонымен қатар ғалымның өмірі туралы да баяндалған.

    Жоспардың екінші мәселесі бойынша Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің өмірбаянына, еңбегіне жалпы тоқтала отырып, еңбектің 3-бөлімі-Қазақ хандығының тарихына арналған аса маңызды бөлім екендігіне оқушылардың назарын ерекше аудару. Еңбек қазақ хандарына қатысты хандар-Орыс ханның ұлы қажы-Керей, Едіге би, т.б. ірі тұлғалар туралы құнды дерек беретінін атап өтіп, еңбекте «Алаш» атауының қолданылғанын оқушылардың есіне салу.



    «Тарих-и Рашиди» еңбегінің құндылығы

    • Қазақ хандығының құрылуы туралы мәліметтер

    • XV-XVI ғғ. Қазақ-Моғол хандықтарының арасындағы қары-қатынас

    • Қазақ-өзбек халықтарының арасындағы қарым-қатынас

    • Қазақ хандығы мен қырғыздар арасындағы қарым-қатынас

    • Қазақ-қалмақ, Моғол-қалмақ арасындағы қарым-қатынас

    • Қазақ халқының этностық құрылымы

    • Жетісу аймағындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

    • Географиялық атаулар, қазақ халқының тарихи жайлы деректер.

    «Шыңғыснама» еңбегінің авторы-Өтеміс қажы бек Маулан Мұхаммед Дос. оқушыларға шығарманың қалай жазылғанын айта отырып, шығармада қазақ тарихы үшін маңызды деректер мол екеніне тоқталу. Шығармада автордың қазақтың көшпелі мал шаруашылығына ерекше назар

    аударғанын айта отырып, құнды деректің бірі-Алтын Орда ыдырап, Қазақ хандығының құрылуына тарихи алғышарт болғанын түсіндіру..

    Төртінші мәселе- Әбілғазы шежірелері. Оқушыларға бұл шежірелерден қазақ халқының тарихы, құрамына кірген ру-тайпалар туралы құнды деректер табуға болатынын түсіндіре отырып, Әбілғазының өзінің жеке өміріне тоқталып өту.

    Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларды қатыстыра отырып, төмендегі кестені толтыру



    Сұрақтар

    «Тарих-и Рашиди»

    «Жылнамалар жинағы»

    «Шыңғыснама»

    Әбілғазы шежірелері

    Қазақ халқы, оның тарихы, экономикасы туралы қандай мағлұматтар бар?













    Үйге тапсырма беріледі.23тақырып

    §24. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті

    Сабақтың мақсаты:


    • Қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің ерекшеліктерін, ауыз әдебиетінің түрлерін, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Ауыз әдебиетінің жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу, жастарды еңбекке, Отанына сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

    Сабақтың көрнекілігі:

    1. «Қазақстан Респу бликасының саяси картасы».

    2. Кесте, сызбалар.

    Сабақтың жоспары:

    1. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі

    2. Ауыз әдебиетінің түрлері, олардың тарихи маңызы.

    Сабақтың алғашқы қарастырылатын мәселесі-қазақ халқының шығармашылық дәстүрі. Мұғалім оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоя отырып, сабақты бастайды:

    1. Ауыз әдебиеті дегенді қалай түсінесіңдер?

    2. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекшелігі неде?

    3. Ауыз әдебиеті арқылы жеткен қандай жырларды білесіңдер?

    Сұрақтарға жауап алып, пікір алысып, сабақты әрі қарай жалғастырып, ауыз әдебиетінің қандай салалардан тұратыны айтылады. Бұл жерде дидактикалық материалдардағы «Ауыз әдебиетінің салалары»сызбасын пайдалануға болады.

    «Алпамыс», «Қобыланды батыр», т.б. жырлардан үзінді келтіріп, мазмұнын оқушыларды қатыстыра отырып талдау жасалады.

    Сабақ жоспарының екінші мәселесе-ауыз әдебиетінің түрлері, оның маңызы. Бұл тақырыпшаны мұғалім оқушыларға тұрмыс –салт өлеңдерінен үзінділер келтіре отырып түсіндіреді.

    Тақырып мәселесе өлең-жырлар болғандықтан, жырлардың әр түріне жеке-жеке тоқталып, жырдан үзінділер келтіріліп, оның мазмұнын, тәрбиелік маңызын көрсете отырып түсіндіріледі. Кейбір жырларды үнтаспадан тыңдауға болады. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқушылардың өздері білетін және кітаптағы жұмбақтардың мазмұнына қарай бөлініп, талдап түсіндіріледі. Сабақты қотырындылап, үйге тапсырма беріледі.

    10-сынып Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар

    Сабақтың мақсаты:Эпостық аңыздардың тарихи маңызы және XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жазушылардың шығармалары, ерекшеліктері, маңызы жөнінде оқушыларға түсінік беру.

    Сабақтың әдісі:топтық жұмыс

    Көрнекілігі:ақын-жыраулардың суреттері

    Сабақтың жоспары:



    1. Эпостық аңыздар.

    2. XV-XVI ғасырдағы қазақ жыраулары

    3. XVII-XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары.

    І. Тапсырманың түрлері

    1. Тарихи оқиғаларға байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

    2. Өзің мекен еткен жердегі тарихи атаулар туралы не білесіңдер?

    ІІ. Сабақты рөлдік немесе театрландарылған сабақ түрінде өткізіп, эпостық жырлардан көрініс көрсетуге болады.

    Сұрақтарды төмендегідей түрде дайындауға болады:



    1. Эпостық аңыздар нені білдіреді?

    2. «Жырау» атауы нені білдіреді?

    3. Асан қайғы өз өлеңінде Жәнібек пен Керейді не үшін кіналады? Пікірлеріңді білдіріңдер.

    4. Ақжол би деп кімді атаған?

    5. Еділ мен Жайықты мақтап, елге, малға жайлылығын суреттеген кім?

    6. Доспанбет жырау өз жырларында негізінен жастарға қандай насихат айтады? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

    7. Әскери жорықтармен Кавказдың терістігін, Қырым, Дон бойын аралап шыққан ақын-жырауды атаңдар.

    8. Жиембет жырау Есім ханның әскербасы, кеңесші қызметін атқарғанда қандай көзқараста болды?

    9. 17 жасында соғысқа қатысып, 54 жасында өлім жазасына бұйырылып, 93 жасында Семей өңірінде қайтыс болған кім? Ол өз жырларында не туралы жырлады?

    10. Абылай ханға жақын жүрген ақын. Оның жырларының ерекшелігі неде?

    11. Үмбетей жыраудың бізге қандай жырлары жеткен?

    12. Бұқар жырау туралы не білесіңдер, оның жырларының ерекшелігі неде?

    Үйге тапсырма

    1. Оқулық соңындағы сұрақтарға жауап беру

    2. Ақын-жыраулардың өздеріңе ұнаған өлеңін жаттап келу.

    3. Қосымша деректерді пайдаланып, ақын-жыраулар жөнінде мәлімет, баяндама дайындап келу.

    10-сынып Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының өнері

    Сабақтың мақсаты:Қазақ халқының музыка өнерінің түрлері, ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.

    Сабақтың әдісі. Баяндау, сұрақ-жауап

    Сабақтың барысы: І.ұйымдастыру кезеңі

    ІІ.үй тапсырмасын сұрау

    ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы ақын-жыраулар

    Сыпыра жырау,Асан қайғы, Сүйінішұлы Қазтуған ,Доспанбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Марғасқа жырау, Ақтамберді Сарыұлы, Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау,

    Бұқар жырау Қалқаманұлы.

    1.Ақын жыраулардың жырларында қандай тақырыптар қозғалды?

    2.Ақын-жыраулардың халық өмірінде маңызы қандай?

    Сабақтың жоспары:


    1. Музыка өнері 2.Айтыс. 3.Қазақтың музыкалық аспаптары

    4.Қолөнер және қолданбалы өнер

    Қорытындылау: тест сұрақтары



    1. Таң патшалығының көрнекті ақыны Бэй Жуші өзінің «Биші бикеш» деген өлеңінде қандай тайпаның қыздарының билерін суреттейді?

      1. Қаңлы 2.Үйсін 3.Сақ; 4.Сармат.

    1. «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген сөзді айтқан кім?

    1. Ш.Уалиханов 2.Г.Н.Потанин 3 А.В.Затаевич 4.А.Құнанбаев.

    1. «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының авторы:

    1.Г.Н.Потанин 2.Ш.Уалиханов 3.А.Құнанбаев 4.А.В.Затаевич.

    1. Елге жау шапқанда хабар беретін аспап:

    1.Керней 2.Асатаяқ 3.Сырнай 4.Домбыра.

    1. Бақсы-балгерлер зікір салғанда пайдаланатын аспап:

    1.Асатаяқ 2. Сырнай 3.Сыбызғы 4.Дабыл.

    1. Әншілер немесе күйшілер ән айтып күй тартқанда пайдаланатын аспап:

    1. Домбыра 2. Даңғыра 3.Дабыл 4. Керней.

    1. Балшықтан, қамыстан, мүйізден жасалатын аспап:

    1.Сазсырнай 2.Домбыра 3.Асатаяқ 4.Дабыл.

    1. Соқпалы музыкалық аспаптар:

    1.Даңғыра 2.Қобыз 3.Домбыра 4.Сырнай.

    Бағалау:


    Үй тапсырмасы:

    Қосымша деректерді пайдаланып, қазақтың бір музыкалық аспабы жөнінде мәлімет дайындап келу.

    10-сынып. Қазақстан тарихы.

    Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері

    Сабақтың мақсаты:Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген объективті көзқарасын қалыптастыру.Ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағлымдарын оқып үйренуге, өнеге тұтуға, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу.


    • Сабақтың әдісі:топтық жұмыс,сұрақ-жауап

    • Көрнекілігі:Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жайлы материалдар.

    • Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    • ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

    • ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ халқының өнері.

    Сабақтың жоспары:

    1. Ұлттық салт-дәстүрлер. Шаруашылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

    2. Отбасыға байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер

    3. Ұлттық ойындар

    4. Діни наным-сенімдер

    Топпен жұмыс

    1-топ. Ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.



    1. Ұлт дегеніміз не?

    2. Түркі тілдес халықтардың әдет-ғұрып, салт-саналарының ұқсастығы неде?

    3. Қандай ұлттық салт-дәстүрлерді білесіңдер?

    4. Отпен тазарту, «Қарқаралы көш», отау қағу, қазық байлау, бие мұрындық сөздеріне түсінік беріңдер.

    5. Құрық, желі, көген, жүген, ноқта, бақан-олар не үшін қажет, оларды басуға неге тыйым салынған?

    «дәстүрдің озығы бар,дәурені өткен тозығы бар»дегендей,бүгінгі салт-дәстүрлер халқымыздың ең қымбат қазынасы.

    2-топ. Отбасына байланысты әдет-ғұрыптар, салт-саналар.



    1. Бата аяқ, қарғыбау немесе үкітағар, киіт кигізу, ұрын бару, қыз қашар, желі тарту, есік ашар, т.б. ырымдар қай кезде жасалады?

    2. Ат тергеу дегенді қалай түсінесіңдер?

    3. Жылу, немеурін, үме, асар деген не?

    4. Қоштасу, кешірім сұрау, естірту, жұбату, көңіл айту, жоқтау, ас беру, т.б. қай жағдайларда айтылады?

    5. Наурыз көже жылдың қай мезгілінде беріледі, оған қандай тағамдар қосылады?

    3-топ. Ұлттық ойындар.

    1. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер, олардың маңызы қандай?

    «айгөлек», «белбеу тастау», «ақсүйек», «алтыбақан» т.б.

    1. Халқымыздың спорттық ойын түрлерінен бүгінге жеткені қайсылары?

    «бәйге шабу», «қыз қуу», «көкпар», «күрес».

    Үйге тапсырма:




    1. Каталог: uploads -> doc -> 0b97
      doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
      doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
      doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
      doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
      doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
      0b97 -> Павлодар қаласының білім беру бөлімі Павлодар қаласы №16 лицей – мектебінің №215 қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
      0b97 -> Дарынды балалармен жұмыс жоспар
      0b97 -> Сабақтың тақырыбы: «Дарынды даралаймыз»
      0b97 -> Тапқыр достар
      0b97 -> Сабақтың тақырыбы: Сәбит Дөнентаев өмірі мен шығармашылығы. «Заман кімдікі өлеңі»


      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет