Өкіл әдісі. (топтық жұмыс) 10-минут
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.
Тапсырма:
Суретті негізге ала отырып, сұрақтарға жауап беріңіз
1. Руна жазуы ұғымы қандай мағына береді?
2. Орхон – Енисей ескерткіштерінен қандай мәліметтер алуға болады?
3. Неліктен зерттеушілерді түркі жазулары қызықтырады?
Көне түркі жазуының маңыздылығын анықтаңыз.
1
|
Көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, қолжазбалар, хаттар әзірлеуде қолданды
|
Себебі...
|
2
|
Көне түрік жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпараттар береді
|
Себебі...
|
3
|
Көне түрік жазуы түріктердің мәдениетін көрсетеді
|
Себебі...
|
4
|
Көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін сипаттайды
|
Себебі...
|
Дескриптор:
-Руна жазулар ұғымын анықтайды;
- Орхон – Енисей ескерткіштеріндегі мәліметті саралайды;
- зерттеушілердің түркі жазуына қызығуының себептерін көрсетеді;
- көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, қолжазбалар, хаттар әзірлеуде қолдануын түсіндіреді;
- көне түрік жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпараттар беретіндігін түсіндіреді;
- көне түрік жазуы түріктердің мәдениетін, сауаттылығын көрсететіндігін түсіндіреді;
- көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін көрсететіндігін түсіндіреді;
Қалыптастырушы бағалау. Оқушылардың дұрыс жауаптарын Екі жұлдыз бір тілек стикер беріліп,
«Жоба әдісі» топтық жұмыс (15 минут)
Зерттеу сұрағы:
Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі?
Зерттеу жұмысының қадамдары негізінде зерттеу жұмысын орындау.
Зерттеу жұмысын презентация арқылы қорғайды.
Зерттеу қадамдары:
1. Зерттеу тапсырмасын анықтау
2.Орхон-Енесей жазбалары туралы қажетті ақпаратты жинастыру.
3.(интернет, бейнежазба- “Көне түркі жазуы”)
4.Алынған ақпараттың қайда және қандай ақпарат көздерінен алынғанын көрсет.
5.Идеяларды ұсыну жасаған жұмысын презентация арқылы өзімнің сыныптастарының алдында таныстыру
6. Оргфографиялық және грамматикалық нормалардың сақталуын тексеру.
Оқушалар өзін-өзі бағалау
Кері байланыс
Мұғалім кері байланыс
Дескриптор:
Тапсырманы анықтай алады:
Ресурстарды таңдай біледі;
Ресурстарды сұрыптай алады;
Идеяларды ұсына, көрсете алады;
Критерийлер арқылы өзара бағалау:
Зерттеу сұрағы бар ма?
3 ақпарат ұсынылды ма?
Ақпарат көздеріне сілтеме жасалынды ма?
Қорытынды ойы бар ма?
|