Сұрақ: Әрі қарай жауынгер қандай қадамдар жасайды деп ойлайсыңдар? Ойларыңды болжап жазып шығыңдар.
Әрі қарай жалғастырып оқимын.
Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарына түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады,-дейді - Ол не? – деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
Сұрақ: Әрі қарай оқиға қалай аяқталады екен? Әңгімені жалғастырып жазыңдар.
- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол сыннан тоқтаусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар», - деп түйеді. Сөйтіп, өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
(Оқушылар жазып болғаннан кейін, болжам жауаптары тыңдалады.)
Дескриптор:
- оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжап жазады.
- оқиға жүйелігін сақтайды. - мәтін желісі бойынша өз болжауларының сәйкестігін салыстырады.
ҚБ «Бас бармақ» .
Саралау жұмысы: көмек қажет ететін оқушыларға оқиға желісін болжауда жетелеуші сұрақтар беру арқылы қолдау көрсету.
« Кейс-стади» әдісі
2- тапсырма
Топта бір оқушы өз болжамын айтады, қалғандары талдау жасап, ойларын ортаға салау барысында көсемше мен есімшелерді орынды қолдану.
Дескриптор:
- топта өз пікірлерін ортаға салады.
- талқылау барысында көсемше мен есімшелерді орынды қолданады.
ҚБ «Үш шапалақ»
«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі 3-тапсырма. «Достық жауапкершілік пен рухани жақындықтың белгісі» деген тақырыпта 3 минуттың ішінде өз ойың мен пікіріңді , 2-дәлелмен айт.
Достарыңызбен бөлісу: |