Бекітемін:
Күні: 22 қыркүйек, 2014 жыл
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Кестелік көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: а ) оқушыларға санды көбейту және бөлу туралы білімдерін
тиянақтау.Бір мен нөл сандарына байланысты көбейту және бөлу
туралы мағұлмат беру.
ә) логикалық ойлауға,шапшаң есептей білуге баулу
б ) ұқыптылыққа,өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте,ойын, математикалық жұмбақ
Сабақтың түрі,әдісі: жаңа ,түсіндіру,өзіндік жұмыс,ойланту
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау
2.Үй тапсырмасын тексеру № 7
Есіңе түсір! 2,34-ті көбейту кестесін пысықтау.
3.Жаңа сабақпен жұмыс
Есіңе түсір!
Санды 1-ге көбейткенде немесе бөлгенде сол санның өзі шығады.
Кез келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады.
0-ді санға бөлгенде нөл шығады. Нөлге бөлуге болмайды!
Оқулықпен жұмыс
№1 Мысалдарды шығар: а ) Ауызша орындау. ә) Топпен жұмыс
№5 Есепті шығару. Ұзын-3 м Ені-90 см Р-? 3м-300см Р= (300+90)*2=780 (см)
№6 Түрлендіру: Тақтамен жұмыс
37 сағ =1 тәул 13сағ 5м 60 см =56 дм
2 тәул .4сағ = 52 сағ 7 м 80 см = 780 см
3 сағ 5 мин =185мин 4 дм 3см= 43см
1 жыл 5ай= 17 ай 240 см =2м 4дм
№7 Шығару: а )
Қарақат-20 түп Қарлыған-? 3 түп кем
Барлығы-? Ш: 20+(20-3) =37 (ағаш)
ә)
Қант -28 қап Ұн-? 12 қап артық
Барлығы-? Ш: 28+ (28+12)=68 Ж: барлығы 68
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
Сабақты қорытындылау
1.Үйге тапсырма № 4 ,№7(ә)
2. Бағалау
Бекітемін:
Күні: 23 қыркүйек, 2014 жыл
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу жолдарын қарастыру, меңгерту.
2.Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есептеу дағдыларын қалыптастыру, математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,өзіндік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кесте,ойын, математикалық жұмбақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.Қызығушылығын ояту
Білімнен бақыт табамыз
Өнер – білім көп оқып
Өсе берсін санамыз
Кел, балалар, келіңдер
Математиканы көріңдер
Қане, қарап шығыңдар
Оқуға зейін қойыңдар
Сендер болып, біз болып сабақтың жақсы өтуіне тілектеспін!
ІІ.Үй тапсырмасы № 7
ІІІ.Жаңа сабақ
1) Толық ондықты атаңдар?
2) Толық жүздікті атаңдар?
3) Оқулықпен жұмыс № 1,2 (ауызша орындап,талдау)
№3,4 Өзіндік жұмыс
Санды 3-ке арттыр
|
0 1 10 100
|
Санды 3-ке көбейт
|
0 5 10 100
|
№5 теңдеу құрып,оны шығару
Х*3= 30 10*а =10 600: х=6 х:4 =100
х=30:3 а =10:10 х= 600:6 х =100*4
х =10 а=1 х =100 т х =400
№ 6 Есептерді шығару.
Жұмыртқа-2онд Ұл бла-11
Алды-1онд Қыз бала- 15
Қалды- 1онд 5 жұм Ш: (20+10)-15=15(жұмыртқа) Жалғастырды-8
Жұмсалды-? Барлығы-? Ш: (11+15)+8=34 (бала)
Логикалық есептер
1.Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?
2.Жеті туыстың бір-бірден қарындасы бар. Олар барлығы нешеу?
3.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны – он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
Өз бетімен жұмыс №7 (1бағаны)
3.Қорытындылау 1.Үйге №7(2,3)
2.Бағалау
Бекітемін:
Күні: 29 қыркүйек, 2014 жыл
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Еселік салыстыруға берілген есеп
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Еселік салыстыруға берілген есептерді шығаруды меңгерту.
2.Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есептеу дағдыларын қалыптастыру, математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,өзіндік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кесте,ойын, математикалық жұмбақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Қызығушылығын ояту
Білімнен бақыт табамыз Математиканы көріңдер
Өнер – білім көп оқып Қане, қарап шығыңдар
Өсе берсін санамыз Оқуға зейін қойыңдар
Кел, балалар, келіңдер 2. Үй тапсырмасын тексеру №6
Жаңа сабақпен жұмыс
Суретпен жұмыс (суретті пайдаланып,жауап беру)
2. Оқулықпен жұмыс
№2 ,3 Салыстыру: шарттарын,сұрақтарын,шешулерін,жауаптарын
Терек-10 Шырша-5
? артық Ш:10-5=5 (терек)
? есе артық Ш: 10:5=2 (есе артық)
Ә ) Ұл-8 Ұл-8
Қыз-4 ? кем Ш: 8-4 =4( қыз бала) Қыз-4 ? есе кем Ш: 8:4-2 (есе кем)
№4 «Кім шапшаң?» ойыны (ауызша)
100+500 120-20 193+7 5*2 7*2 4*3
300+10 230+20 66-55 10:2 4*4 9:3
№5 Математикалық диктант
а ) 5-ті 2-ге арттыру; ә )5-ті2 есе арттыру; б) 2-ні 5-ке арттыру; в)2-ні 5 есе арттыру.
№6 Теңдеу құр және шешу.
а ) Х+2=6 ә ) а*2 =6 б) а-2=3 в) х:2=3
х =6-2 а =6:2 а=3+2 х =3*2
х =4 а=3 а=5 х=6
Шығармашылық тапсырма :
0
10
20
30
40
50
60
70
80
90
Сандардың қосындысының мәні артық па? Әлде көбейтіндісінің мәні артық па?
Есептемей-ақ,жауап бере аласың ба? 3.Сабақты бекіту 1) Үйге №7 2)бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |