Операциялық кезең
|
А) «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар
1. Ежелгі дәуір әдебиеті қай кезеңдерді қамтиды?
А) ҮІ - ҮІІІ Ә) ҮІІ – ХІҮ Б) ІІ – ІІІ В) ІІІ - V
2. Сақтардың жазуы қанша әріптен тұрған?
Р) 30 Л) 26 М) 42 Н) 37
3.... Бектер аты болдырып,
Қайғы оларды солдырып,
Меңді жүзі сарғайып
Запыран рең сүртілер Берілгін үзінді қай шығармадан алынған?
Ф) Алып ер Тоңа Х) Күлтегін Һ) Оғыз қаған Ц) Қорқыт
4. Түркі қағанатының негізін қалаушы
А) Бумын Ә) Күлтегін Б) Тоныкөк В) Білге
5. Түркілердің оғыз ұлысынан шыққан данагөй көріпкел, бақсы, ұлы күйші, жыршы ел басқарған көрнекті қайраткер
П) Оғыз Р) Қорқыт С) Күлтегін Т) Білге
6. "Оғыз қаған" жырындағы Оғыздың анасының аты
А) Айқаған Ә) Айғаным Б) Ханзада бегім В) Рабиға сұлтан
7. Ислам дәуіріндегі әдебиет нешеге бөлінеді?
А) 5 Ә) 4 Б) 3В) 2
8. Әл - Фараби, А. Яссауи, С. Бақырғани ислам дәуіріндегі әдебиеттің қай кезеңіне жатады?
Е) Қарахан әдебиеті Ж) жыраулар әдебиеті З) кеңес дәуіріндегі әдебиет И) Сыр бойы әдебиеті
Тесттің кілті: ӘЛ ФАРАБИ /
Жаңа сабақтың тақырыбы ашылады/
(М.Шахановтың «Арман» өлеңінен үзінді тыңдату:)
Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ол қанатын,
Әбуіміз - әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз - біздің үлы бабамыз
Әбу-Насыр әл-Фараби болатын.
МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА-деп М.Шаханов жырлағандай,біздің бүгінгі сабағымыз да үлкен арман қуған,сол арманына білімімен қол жеткізген,өзінің ғылым мен әдебиет,музыка, медицина,т.б.салаларда өзіндік қолтаңбасы бар Әл Фарабидің шығармашылығына арналмақ.
Сабақты ашуға түрткі болар сұрақтар мен тапсырмаларды орындату:
Б)Ітоп: «Туған жер» сөзіне;
ІІ топ: «Өмір» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
Өнерлі жігіт
Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан: - Күніне қанша табасың? – деп сұрайды. - Екі дирхемге жетер-жетпес қана. - Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер:
«Өнерлі жігіт»тақырыбындағы мәтіннен үзінді беру, өздеріне қорытынды ой айтқызу. Оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін? Оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін? Әке орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?
- Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.
• Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін? • Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар? • Білім адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Арине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашықта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.
Ортақ тапсырма:
В)Видеобаянды көріп болып,одан не ұққандарын ауызша айтып, ойларын ортаға салады)(Әл -Фарабидің өмірі мен қызметімен таныстыру)
І топқа: Г) Өлең мазмұны бойынша жұмыстар.
1.Ғұламада лирикалық сарында жазылған сырлы, мұңлы өлеңдер көп.
Фараби де адам, пенде, оның да алыста ел-жұрты, ауыл-аймағы бар.
Сол сағынышын қай өлең жолдарынан көруге болады?
Қашықтасың туған жер- қалың елім...
2.Алыста жүріп туған жерін сағынып, аңсап жазған қандай ақынның өлеңдерін білесіңдер?
(М. Жұмабаев «Сағындым», Қ.Аманжолов «Туған жер»,т.б.)
Әл- Фараби «Қашықтасың туған жер»өлеңін мәнерлеп оқып, өлең мазмұнын, идеясын ашу,:өлеңге СКТ жасау .
Өлең мазмұны бойынша түсініктеме сөздер.
қашықтасың – алыстасың
жанарым – көзім
кері оралмай – кейін қайтпай
пенделіктен аулақ – жамандықтан аулақ
ғұмыр -өмір
кілең күн – барлық өмірін
ұлы мұрат- ұлы мақсат
жаратқан – құдай, алла
жылдарым жатыр ағып – жылдарым өтіп жатыр
жүректің оты молында – жастық шағыңда
тылсым түн – тыныш түн
аймалады – құшақтады, сүйді
Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгендерін айтып береді.
3. Әл-Фараби:
«...Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіледі...»,-деп білімсіз бола тұра әкім, бастық болуға таласатынын айтып күрсінсе,
Абай:
«...Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын шен алсын деп бермедім...», немесе
«...Ойында жоқ Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат болу бәрінде ой...» - деп, баласын бастық болсын деп емес, білім алсын, халқына пайдасы тисін деп бердім дейді.
4. Фараби табандылық, адалдық, өнеге-білімді жоғары ұстайды. Осы өлең жолдарын тауып көріңдер.
Бұл ғұмырда құрыштай бол төзімді...
ІІ топқа:
5.Келесі шумақтардан эпитеттерді,метафора,кейіптеуді табу.
Эпитет деген не?
Эпитет - ұқсастығы бойынша бір затты екінші затқа қолдану.
Тамылжыған бал тыныштық айналамнан,
Тылсым түнге құшағын жайған далам.
Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,
Жанымды ой жарығы аймалаған.
Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер.
Бал тыныштық, тылсым түн, аққан жұлдыз, нұрлы бейне, ғажап сәуле- эпитеттер
Ой жарығы – метафора
Жарық аймалады - кейіптеу
1. Өлеңнен төзімділікті, шындықты дәріптейтін өлең жолдарын тауып оқы.
2. Кестені толтыр.
«Үш жақты күнделік» стр-сы
Өлеңнен үзінді
|
Үзінді жайлы
пікір
|
Мазмұны сәйкес мақал-мәтел
|
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып.
3.Салыстыр, өз ойыңды білдір.
Әл-Фараби қағидасы
Абайдың 34 қара сөзі
«...Тұрғындар бір-бірімен шынайы көмекке бірігіп, шынайы бақытқа жетуді көздеген қала қайырымды қала, халқы қайырымды болады. Егер дәл осылай бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне қалтқысыз көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды мекен болар еді....»
«...Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көзалартпастық лайық па?...»
4. «Бауырым қанша сүйгенмен...» өлеңіне талдау:
1.Авторы. Әбу Насыр әл-Фараби
2.Тақырыбы - бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл әдеби шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі.
3. Жанр түрі – поэзия(өлең), ол дегеніміз – белгілі бір өлшеммен, ырғақпен ұйқасып келетін сөз жүйесі
4. Идеясы – адамгершілік қасиеттерді адам бойына дарыту.
5. 3 шумақ. Шумақ – бұл аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
6. 12 тармақ. Тармақ - бұл өлеңнің әр жолы.
7. 2 бунақ. Бунақ- бұл белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.
8. 7-8 буын. Буын- сөздегі дауысты дыбыстардың санына қарай анықталады.
9.Аралас ұйқас. Ұйқас – бұл соңғы сөздері бір-бірімен үндес, дыбыстары да бірегей жақын.
10. Әдеби теориялық ұғымдар.
а) Эпитет – бұл ұқсастығы бойынша бір затты екінші затқа қолдану.
Ұлы мұрат.
11. Түсіндірмелі сөздік.
Жүректің оты молында - жастық шағында.
12.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні:
Өмірдің мәні және адамгершілік қасиеттерге, отансүйгіштікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу..
5. Әбу Нәсір әл-Фарабидің нақыл сөздерін бүгінгі күнгі нақыл сөздермен алмастыру,түйіндеу :
Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.
Шыншылдық адалдықпен ағалас.
Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс.
Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.
Жүргендер көп достық атын малданып, Қалмағайсың сен де бірде алданып.
Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
Шын білім – ақиқат, анық білім.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Тән ауырса – жан да ауырады.
Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.
Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.
Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.
|
Әр топ өздеріне берілген материалдарды оқып, түсініп, постер жасайды. Жасаған постерлерін тақтада қорғайды. Бір бірімен ой бөліседі бір- бірін толықтырады.
|
Әл Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер алады,
Өлеңді мәнерлеп оқиды.Өлең мазмұны мен идеясын ашып, түсінеді.
Ой, пікірлерін еркін жеткізеді.
Топта бір- бірін бағалауды үйренеді.
|
|