-График бойынша кедергіні анықтайды;
-Есеп шығаруда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданады.
Дескриптор: -Заряд, оның түрлері және әсері туралы біледі
-Кернеу. Кедергі, ток күші ұғымдары жайлы біледі.
Жалпы балл-2
Дескриптор: -Ом заңын біледі және қолданады.
-Кедергілерді салыстырады.
-Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызады.
-Ток күшін және электр кернеуін біледі және қолданады.
8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу
Сабақтың мақсаты
- Тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды біледі
-тізбекті жинауды тәжірибелер жасау арқылы түсінеді
-Приборлардың аттарын біледі, қолдана алады.
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
W) Өткен тақырыпты қайталау. (W) Білімдерді негіздеу. Электр тізбегі деген не?
Электр тізбегі – электр тогы өту үшін арналған элементтердің, құрылғылардың жиыны.
Электр тогы ағып өтетін электр тізбегі тұйықталған деп аталады. Электр тізбегіне енетін және онда анықталған қызметті атқаратын жеке құрығыны электр тізбегінің элементі деп атайды.
Электр тізбектерінің сызбасы– электр тізбегінің графикалық кескіні.
Электр тізбегінің негізгі бөліктері: Ток көзі
Ток тұтынушылары
Жалғағыш сымдар
Кілт
Электр тізбегінің қандай элементтерін білесіз? Олардың кейбіреулерін атаңыз.
Мұғалімнің демонстрациясы(D). Тізбектей жалғаудың заңдылықтарын шығару Құралдар: ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар, екірезистор 47 және 100 Ом, 2 вольтметр, 1 амперметр.
Суретте көрсетілгендей сызбаны құрастырыңыз.
Әр резисторлардағы кернеуді, жалпы кернеуді өлшеңіз.
Әр резисторлардағы ток күші, жалпы ток күшін өлшеңіз.
Өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазыңыз:
Болжап қорытынды жасаңыз.