Сабақтың басы
7-мин
|
Сәлемдесу
Психологиялық ахуал ? «Жылы ләбіз» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың көңіл күйін көтеруге негіз болу және сабаққа қызығушылықтарын ояту
Топтарға біріктіру: «Мозайка» әдісі негізінде жүргізіледі.Оқушылар карточкалар алып,жазылған мәлімет бойынша топтарға бірігеді.
Сынып 3 топқа біріктіріледі:
1.Ток күші
2.Кернеу
3.Кедергі
Үй тапсырманы тексеру: «Миға шабуыл» әдісі
Мақсаты: Өткен тақырып бойынша оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру.
Сұрақтар:
1.Электр өрісінің энергиясы қалай анықталады?
2.Электр өрісінің барлық энергиясы конденсатордың қай бөлігінде шоғырланған?
3.Электр өріс энергиясының тығыздығын қалай анықтайды?
4.Электрсыйымдылық дегеніміз не?
5.Электрсыйымдылық немен өлшенеді?
6.Зарядтардың жинақталуы үшін қандай құрылғы қолданылады?
Қалыптастырушы бағалау: мұғалімнің бағалауы
Дескриптор
-Электр өрісінің энергиясы қалай анықталатынын айтады
- Электр өріс энергиясының тығыздығын анықтайды
-Электр өрісінің барлық энергиясы конденсатордың қай бөлігінде шоғырланғанын түсіндіреді
-Электрсыйымдылық дегеніміз не екенін айтады
-Электрсыйымдылық немен өлшенетінін біледі
-Электр өрісінің барлық энергиясы конденсатордың қай бөлігінде шоғырланғанын айтады
Сабақтың мақсатын анықтау.
10.3.2.1 -Аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану
|
https://bilimland.kz/ru#lesson=10803
|